Қазақстан тарихы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет56/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   98
Байланысты:
file185

Бақылау сҧрақтары
1. ЖЭС-тің мҽні.
2. Индустрияландыру дегеніміз не? 
3. «Кіші Қазан» саясатының мҽні неде?
4. «Геноцид» ҧғымы нені білдіреді?
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы. 5–томдық. Т. 4 А., 2010. 
2. Қазақстан тарихы. Очерк. А., 1993. 
3. М.Қ. Қозыбаев. Ақтаңдақтар ақиқаты. А.,1992. 
4 Т.О. Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. А., 1997. 
5 В. Михайлов. Хроника Великого джута. А., 1989. 
 
Дәріс 13. ХХ ғасырдың 40-60 жж. Қазақстан 
 
Дәрістің мақсаты – 
Ҧлы Отан соғысының барысы мен соғыстан
кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жҽне ҽлеуметтік-
экономикалық жағдайына тоқталу. 


81 
 
Тҥйінді сӛздер –
партизан, қорғаныс, жеңіс, тың, волюнтаризм, 
интернационализм, полигон, экология. 
 Қазақстан Ҧлы Отан соғысы жылдарында. 
Қазақстандықтар 
соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа 
қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг ҥйіне шабуыл 
жасағандардың арасында да бар еді. Басқалармен қатар Брест қорғанын 
шекарашылар К.Ҽбдірахманов пен В.Лобанов, атқыш К.Иманқҧлов, 
пулеметші Е.Качанов, минометші В.Фурсов, зеңбірекші Ғ.Жҧматаев 
жҽне басқа қазақстандықтар қорғады. 
КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы 
кҥнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды, ол бҧқаралық 
сипат алуы, ҧйымшылдығы, ҿз жоспарларын Кеңес Армиясы 
қолбасшылығының міндеттеріне бағындырып отырулары арқасында 
стратегиялық маңыз алды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград 
облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен 
Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазақстандық 
қарсыласу қозғалысына қатысты.
Ҧлы Отан соғысындағы ерліктері ҥшін 116000 адамға Кеңес 
Одағының батыры атағы берілді, 
олардың 500 қазақстандық, соның 100 
қазақ. Қазақстандықтардың ішінен бірінші болып,
1941 ж. 22 шілдеде 
Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі 
генерал-майор
К.А.Семенченкоға берілді
, ең соңында (1990 ж. 11 
желтоқсанда) мҧндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышҧлына 
берілді, 
ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда ӛз батальонымен жау 
қоршауын үш рет бұзып
шықты. Соғысты Б.Момышҧлы полковник 
атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып 
жҥріп аяқтады. 
Ерекше ерлік кҿрсеткен 
4 жауынгер: ұшқыш-штурмовиктер 
Т.Я.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель 
С.Д.Луганский Кеңес Одағының Батыры атағын екі реттен алды.
Батырлардың қатарында пулеметші М.Мҽметованың , мерген 
Ҽ.Молдағҧлованың, атқыштар С.Баймағамбетовтың, Мин Сен Юрдың, 
зеңбірекшілер 
С.Мҥткеновтың, 
И.Новиковтың, 
брон 
бҧзушы 
П.Миллердің, минометші Қ.Сыпатаевтың, атты ҽскер М.Қатаевтың, 
сапер 
П.Гончардың, 
атқыштар 
дивизиясының 
командирі 
Ғ.Сафиуллиннің есімдері бар; 
110 қазақстандық Даңқ орденінің үш 
дәрежесіне де ие болды. 
1941 ж. қыркҥйекте Свирь ҿзенінің жағасында петропавлдық 314-
атқыштар дивизиясы, Волховта 310-Ақмола дивизиясы, қазан-желтоқсан 
айларында Мҽскеу тҥбінде 312, 316, 238, 391, 387-атқыштар 
дивизиялары, 39-атқыштар, 74, 75-теңіз атқыштар бригадалары ҧрысқа 


82 
кірді. Қазақстандық қалған дивизиялар, бригадалар мен полктер 
майдандағы армия қатарына 1942 ж. кіргізілді. 
Соғыстың бірінші кҥнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының 
біріне айналды. Мҧның ҿзі жалпы одақтық экономикаға, ҿндірістің бар 
саласында да , сол сияқты жаңадан жасауға тура келген саласында да 
оның ҥлесін арттыруды талап етті. Қарағанды шахтерлері ерен еңбек 
етті. 4 жыл ішінде олар 34 млн. тонна кҿмір шығарды, бҧл бассейннің 
бҥкіл ҿмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал – Ембі 
мҧнайлы ауданының кҽсіпорындары сҧйық отын шығаруды 39 % 
арттырды, электр қуатын ҿндіру екі есе дерлік ҿсті. 
Республика мыс (35 проц.), қорғасын (85 проц.) ҿндірудегі жетекші 
орнын сақтап қалды, осымен бірге зерттелген кеніштердің негізінде 
металдар шығару, байыту, балқыту кҽсіпорындары: Шығыс Қоңырат 
молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-
вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары жҽне т.б. салынды. 
Осылардың 
арқасында республика молибденнің одақтық кӛлемінің 60%, 
металл висмутының 65%, полиметал рудаларының 79 % берді. 
1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта жҽне жеке 
ҿндірістер салынды. Бҧлардың қатарына кҿшіріп ҽкелінген, оның ішінде 
металл ҿңдейтін жҽне машина жасайтын зауыттар қосылды, олар 
миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар 
жҽне басқа қарулар мен ҽскери техникалар шығарды. 
Ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің еңбек жағдайы мен міндеттері 
кҥрт ҿзгерді. Ең қиыны кадрлар туралы мҽселе болды: майданға 
аттанған Қазақстандықтардың шамамен ҥштен екі бҿлігі ауылдар мен 
селолардан кетті. Ҽскер қатарына шақырылған еркектердің орнын 
негізінен ҽйелдер басты. Соғыстың аяғына қарай кҿптеген колхоздарда 
жҧмыс істеп жҥргендердің 70-80 проц. ҽйелдер болды. Тіпті 
қҧрғақшылық болған 1943 ж. ҿзінде 
Ақтӛбе облысы «Құрман» 
колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынан 202 ц. 
ӛнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Қызылорда облысы 
«Авангард» колхозының звено жетекшісі Ы.Жахаев күріштің 
гектарынан 172 ц. ӛнім алып, дәл осындай табысқа жетті. Қаскелең 
ауданы ІІІ интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева 
қызылшаның гектарынан 600 ц. ӛнім алды
. Қазақстанның батыс 
облыстарында жау қолында қалған аудандардың 370 мыңдай малы 
бағылды. 1943 ж. олар кері қайтарылды. Соғыс жылдары Қазақстан 
ғылымы қарқынды дамыды. 1942 ж. наурызына дейін-ақ олар халық 
шаруашылық жҽне қорғаныстық маңызы бар 150 тақырып бойынша 
ҧсыныстар мен тҧжырымдар берді. Ҽсіресе геолог ғалымдар жемісті 
жҧмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500-дей кенішін ашты жҽне 
150 кенішті зерттеді, бҧлардың бір бҿлігі бірден игеріле бастады. 1941-
1945 жж. Республикада 12 ғылыми институт жҽне олардың филиалдары 
ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін ҿсті. 


83 
Мҧның бҽрі КСРО ғылым академиясының қазақ филиалын Қазақ КСР 
Ғылым академиясы етіп қайта қҧру ҥшін алғышарт жасады, бҧл заң 
жҥзінде 1946 ж. маусымда аяқталды. Оның тҧңғыш призеденті белгілі 
геолог, академик Қ.И.Сҽтпаев болды, ол Жезқазғанның қойнауын 
зерттеген жҽне пайдалы кеңдерді іздеуді алдын-ала болжау туралы 
ғылым жасаған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет