Қазақстан тарихы кафедрасы


Қазақстан  соғыстан кейінгі жылдарда. Республиканың



Pdf көрінісі
бет57/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98
Байланысты:
file185

Қазақстан 
соғыстан кейінгі жылдарда. Республиканың 
қоғамдық-саяси ӛмірі. 
Кеңес елінде 20-жж. ортасында ҽбден кҥшіне 
мінген қатты ҽміршіл-ҽкімшілдік жҥйе 30-40 жҽне 50 жж. бас кезінде 
ҿзінің шарықтау шыңына жетті. Адамның бас бостандығын 
тҧншықтыру, оның қҧқын есепке алмау, адамдарды ҿндіріс 
қҧралдарынан алыстату, мемлекетті басқару билігіне ықпал жасау 
саясатын қалыптастыру сияқты теріс қҧбылыстар оған толық дҽрежеде 
тҽн еді. Елде И.В.Сталиннің жеке басына табыну бел алды. Қандай да 
болсын табыстың бҽрі оның басшылық жасай білуіне, ал ірі кемшіліктер 
мен олқылықтар «халық жауларына» таңылды немесе ҥнсіз 
қалдырылды. Мҧның бҽрі республиканың қоғамдық-саяси дамуына теріс 
ҽсер етіп, ауыр зардаптарға ҧшыратты. Кеңес қоғамы дамуының 
соғыстан кейінгі жоспарлары демократияға қарсы, тоталитарлық 
Сталиндік социализмнің ҥлгісіне ҥйлесіп жатты.
40 және 50-жж. басында социализм идеологиясы ӛзінің шырқау 
шыңына жетті.
Міне, осындай кҥрделі жағдайда қоғамдық ғылымдар 
партия комитеттерінің қатаң бақылауымен дамыды. Ҽсіресе қоғамдық 
ғылымдардың мҧнан ҽргі жағдайына ВКП(б) Орталық Комитетінің 
«Звезда» жҽне «Ленинград» журналдары туралы (1946 ж. 14 тамыз) 
қаулысы теріс ҽсер етті, ол басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың 
жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де ҿз 
жҧмысын осы қаулының ағымына қҧрды.
Ленинград пен Мҽскеуде «Ленинградтық іс», «Дҽрігерлердің ісі» 
қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» 
ҧйымдастырылды.
Жас, талантты тарихшы Ермҧхан Бекмаханов «Қазақ КСР-і 
тарихын» даярлау ҥстінде жҧмыс істеп жатқан ғалымдардың 
интернационалдық ҧжымының мҥшесі еді, бҧған А.П.Кучкин, 
А.М.Панкратова, Б.Д.Греков, Н.М.Дружинин жҽне басқа кҿрнекті Кеңес 
тарихшылары кірген-ді. 1943 ж. маусымда кітап жарыққа шықты. 
Сарапшылардың біреулері оны Қазақстанның жинақталған тарихын 
жасаудағы алғашқы ҽрі сҽтті қадам деп санады, басқа біреулер «Ресейге 
қарсы ҧлттық кҿтерілістерді дҽріптейтін орастарға қарсы кітап» деп 
сынады. «Тарихтағы» отарлауға қарсы кҿтерілістерге берілген баға 
ғылыми кескілескен айтыс тудырды. 
Е.Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 
20-40 жж. Қазақстан» (1947ж.)
деген монографиясында айтылған 
оның 
кҿзқарастары 
буржуазияшыл 
ҧлтшылдардың
концепцияларының дамытылған тҥрі-саяси зиянды деп жарияланды. 


84 
1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мҽселелерін маркстік-
лениндік тҧрғадан жазу ҥшін» деген мақаласында Е.Бекмахановтың 
кітабын айыптады. «Правданың» мақаласы Бекмахановқа саяси айып 
тағып, қҧртуды тікелей бастап берді.
1951 ж. 10 сҽуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті 
«Правда» газетіндегі мақала туралы қаулы қабылдап, онда мақаланы 
дҧрыс деп тапты жҽне «Бекмахановтың буржуазияшыл-ҧлтшылдық 
кҿзқарасын айыптады». 1951 ж. маусымда Қазақстан Компартиясының 
Орталық Комитеті «Правда» газетіндегі мақалаға қайта оралып, 1951 ж. 
10 сҽуірдегі қаулыны жҥзеге асыру жҿнінде бірсыпыра қосымша 
шаралар белгіледі. Осылай есін тандырып талқыға салғаннан кейін 
тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясынан 
шығарылды, сҿйтіп ол 1951-1952 жж. Жамбыл облысының Шу 
ауданында бір орта мектепте жҧмыс істеді, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда 
Қазақ ССР Жоғарғы сотының сот алқасы оны 25 жылға соттады. Тек 
И.В.Сталин ҿлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жҿніндегі іс 
қайта қаралып, қылмыс қҧрамы жоқ болғандықтан доғарылды. 1954 ж. 
кҿктемде ол Қазақстанға қайтып оралды.
40 – жылдары жҽне 50-жылдың басында «Бекмахановтың ісі» 
жалғыз болмады. Республиканың кҿрнекті қоғамтану ғалымдары 
А.Жҧбанов, Х.Жҧмалиев, Б.Сулейменов Е.Смайлов, талантты жазушы 
Ю.Домбровский осы сияқты нақақтан таңылған саяси айыптармен 
жазаланды. Қудалауға 
ұшыраған Қазақ ССР Ғылым академиясының 
Призеденті Қ.Сәтпаев пен аса кӛрнекті жазушы әрі ғалым М.Әуезов 
Қазақстаннан Мәскеуге кетіп
қалуға мәжбүр
болды. Космополиттер 
деп айыпталған бірсыпыра ғалым биологтар да республиканың ғылыми 
мекемелері мен жоғары оқу орындарының кафедраларынан қуылды. 
Республиканың қоғамдық ҿміріне тың жҽне тыңайған жерлерді игеру 
ҥлкен ҽсерін тигізді. Тың жерлерді игерудің қарсаңында кадрлар 
ҿзгертілді. Қазақстан Компартиясының УІІ сьезінде Ж.Шаяхметовтың 
орнына Қазақстан Компартиясының бірінші секретары болып 
П.К.Пономаренко, 
секретары 
болып 
Л.И.Брежнев 
сайланды. 
Ж.Шаяхметовты 
орнына 
алу 
Қазақстан 
партия 
ҧйымының, 
коммунистердің пікірі сҧралмастан, Кремльде шешілді. 
1956 ж. ақпанда Мәскеуде КОКП-ның ХХ сьезі ӛтті, оның ӛзекті 
мәселесі Сталиннің жеке басына табынуды жою болды.
КОКП 
Орталық Комитетінің Бірінші секретары Н.С.Хрущев бастаған 
коммунистер партиясы И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықтың 
шығу себептеріне, мҽні мен кҿріністеріне жҽне оның салдарына талдау 
жасауға тырысты. И.В.Сталинге табынушылыққа, шағын топтың 
тежеусіз билігіне қарсы кҥресуге бел байлаған Н.С.Хрущев пен оның 
серіктерінің ерлігі мен батылдығын атап айта отырап, авторитарлық 
жҥйені кҥйрету аяғына дейін жеткізілмегенін атап кҿрсету қажет. 
Мыңдаған кінҽсіз сотталған адамдарды лагерлерден босатып, партияның 


85 
кейбір кҿрнекті қайраткерлерін ақтап, мемлекеттік жҽне партиялық 
аппарат кешікпей бҧл реформаны доғарды.
1962-1969 жж. экономикаға реформа жасау саясаты 60-ж. ортасында 
ҿзгеріс жасау қажеттігінің шегіне жеткенінің куҽсі болды. Жҥргізілген 
шаралар экономикаға қатысты ірі батыл қайта қҧрылыстар жасауды 
кҿздемеді. Экономиканы реформалауға жасалған сҽтсіз талпыныстар 
жҽне оны милитарландыру, ҿндіріс кҥштерінің тиімсіз орналастырылуы, 
халық шаруашылығын басқару жҥйесінің атҥсті де жиі қайта ҿзгертілуі 
республиканың экологиялық жағдайына теріс ықпалын тигізді. 
Қазақстанның барлық ҿнеркҽсіпті қалаларында, ҽсіресе Ҿскеменде, 
Шымкентте, Жамбылда, Алматыда ауыр экологиялық жағдай 
қалыптасты. Қазақстанда ядролық қаруларды сынаудың аса ауыр 
зардабы болды. КСРО Министрлер Советінің қаулысы бойынша 1948 ж. 
ҥш облыстың: Семей, Павлодар жҽне Қарағанды облыстарының 
тҥйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды. 
Ядролық 
зарядты тұңғыш сынау 1949 ж. 29 тамызда ӛткізілді. 
КСРО Қорғаныс Министірлігінің ҿз мҽліметі бойынша 1949 
жылдан 1963 жылға дейін полигонда қуаты бірнеше тоннадан 100 
килотоннаға дейін 
113 жарылыс ауада
жасалған, тек 1964 жылдан 
бастап қана сынақ жер астында жасалды. 1989 ж. қыркҥйектің 19-на 
дейін қуаты бірнеше тоннадан 150 килотоннаға дейінгі 343 сынақ 
жасалған. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі бҧл ҿңірде дҽрігерлік 
тексеру жҥргізуге тиым салды, ал ҽскери дҽрігерлер алған нҽтиже – 
мҽліметтер қатаң қҧпияда сақталып, ядролық полигонның қызметі 
келтірген зиянның бҽрін жасырып келді. Адамдардың жағдайына 
мҧндай кҿзқарас полигонға жақын тҧратын халықтың арасында тҥрлі 
аурулар ҿрши бастауына алып келді. Сҽуле ауруының кҿріністері Семей 
облысы Абай ауданының, Қарағанды облысы Егіндібҧлақ ауданының 
тҧрғындары арасында жиі байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет