Қазақстан тарихы курысын маңызы мен
міндеттері және деректер көзі
Жоспар
І. Кіріспе
1) Қазақстан тарихы курсының міндеттері.
ІІ.Негізгі бөлім
1) Қазақстан тарихының деректері туралы
2) Қазақстан тарихының кезеңдері
3) Қазақстан тарихының жас ұрпақты тәрбиелеудегі орны
ІІІ. Қорытынды.
1) Тарихтың маңызы
Қазақстан тарихы жоғары оқу орындарында курстың міндетті оқу пәндерін бірі ретінде енгізілуіде отандық тарих ғылымының ауқымды міндеттер жүктейді. Тәуелсіздік таңы ғана өткен тарихымыздың аса күрделі де, қайшылықтар мен құндылықтарға толы тарихи процесстерін жаңа көзқараспен айтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі қоғамдық қозғалыстар мен партиялар да тарихты кейде өздерінің саяси мақсаттары мен мүдделері үшін пайдалануға тырысады. Мұнын объективті себептері де бар. Қрғамда қазақ халқы тарихынын үздіксіздігі мен сабақтастығы, оның дүниежүзілік өркениеттілік үрдісінде, Орта Азия елдері жүйесінде алатын орны мен атқаратын рөлі туралы, егеменді мемлекеттің сыртқы дүниемен өзара қатынастары және т. б. туралы өткір пікір сайыстар жүріп жатыр. Бұл жағдайда саясатшылар, коғамдық қозғалыстар мен партиялардың көшбасшылары тарих тәжірибесін жұмылдыруға, тарих білімін пайдаланып, ғалымдардан қолдау табуға ұмтылуда
Қазақстан тарихы курсын жақсы меңгеру үшін оның қандай кезеңдерге бөлінетінін білу керек. Отандық тарихта ел тарихын кезеңдерге бөлуде тарихшылар арасында біріңғай пікір жоқ.
Дегенменде қазақстан тарихын бірнеше кезеңдерге бөледі. Олар:
Ежелгі заман қазақстан аумағында алғашқы адамдардың пайда болуына қола ғасырына дейінгі кезең (б, э,д,800 мың жылдан б, е, д VІІІ ғ дейін) Андронов мәдениеті тайпалары да осы кезеңге кіреді.
Ерте көшпенділер қауымы – алғашқы тайпалық одақтар мен мемлекеттер (б. е.д VІІІ ғ – б.з.V ғ)
Ерте түркі дәуірі – Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық мемлекеттер (б. з. б V - VІІІ ғ басы)
Монгол шапқыншылығы. Алтын орда және ұлыстармен мемлекеттер кезеңі (ХІІІғ басы ХV ғ ортасы).
Қазақстан қандығы (ХVғ 60ж- ХІХ ғ 20ж дейін).
Ресей бағындағы кезеңдердегі Қазақстан (ХІХ ғ 20ж 1917ж).
Кеңестер билігі тұсындағы Қазақстан (1917ж – 1991ж).
Қазіргі Қазақстан (1991жылдан бері).
Тарих деректер тарихи деректену ғылымының тікелей зерттеу
обьектісі.
Деректену тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі мінднтті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналмаға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты құбылыстың не процесстің әр түрлі дәрежеде, кейде қарама – қайшы дәрежеде бейнеленеді.
Рашид – ад- Диннен бастау алған дерек тану ғылымының дамуына қазақтың Ш.Уалиханов, А. Байтұрсынов, О. Сүлейменов сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты. Өкінішке орай, 70 жылдан аса өмір сүрген әміршіл- әкімшіл жүйе қазақты өз дегеніне танытып білу мүмкіндігінен күшпен айырды. Ендігі мақсат кезеңде біршама дамыған қазақ дерек тану ғылымының қайта өрлеуіне күш салу.
Тарихи дерек танудың жалпы тарих ғылымындағы алтын орын анықтау үшін оның қосымша тарихи пәндері мен және басқа да тарихи зертеулердің ара қатынасына зер салу керек.
Таврихи деректерді зертеулермен көптеген қосалқы әндердің айналысатыны белгілі. Олардың жалпы саны 30 дан асады:
Хронология – тарихи оқиғалардың дәл уаытынд анықтау:
Метерология - өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу:
Тарихи география өткенін географиялық тарихын зерттеу:
Генеология – адамзаттың шығу теін зерттеу тағы басқа.
Деректану ғылымы деректердің тек кейбір түрлерін – топтарын ғана зерттеп қоймады, қоғам дамуының заңды жемісі ретінде зерттейді. Қазіргі дерек тануда проблемалар қаралады.
Теориялық - әдіснамалық проблемалар
тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнелеуі.
тарихи деректің әлеуметтік табиғаты.
деректердің ғылыми құндылығын анықтау принциптері тәсілдері т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |