Қазақстан тарихы курысын маңызы мен


Теориялық-әдіснамалық проблемалар



бет2/2
Дата14.03.2023
өлшемі48 Kb.
#73982
1   2
Байланысты:
stud.kz-51920

1. Теориялық-әдіснамалық проблемалар:
тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі
— тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, оңдагы субъек-тивтіліктің ара қатынасы;
— тарихи деректерді жіктеу;
— деректердің ғылыми құндылығын анықтау принциптері мен тәсілдері және т.б.
2. Нақты-колтаңбалық проблемалар: ,
— деректердің нақты тұрлері мен типтеріне шолу жасау және екшеу;
нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау.
- деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи міндеттерді шешуге пайдалану тәсілдері және т.б.
Қазақстан тарихынын деректану курсының проблемалары мен құрылымы онын алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:
— ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялык. және әдіснамалық саласынан білім беру;
— пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
— тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің ұлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі.
Ұлттың тарихың білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам -өзімді-өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.
Яғни, тарихтың ішінде жұрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихи, қоғамдық ортада жұргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жұрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық әкелмейді.
Сонымен, ұлтыңның тарихын білу арқылы өзіңнің ор-нынды, ортанды біліп, өзінді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде ғана толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азамат-тарға шарт.
Егер ұлттық сезім болмаса онда ұлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні де, дәстүрі де - барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлт кез келген басқа ұлттың жетегінде кете беретіндігі даусыз. Ұлттың өзінің нық, өз аяғынан тұратындай, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежрге келуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты
Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып еткен, оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, конъюнктураға жағынып, бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылык-тарымен, қаһармандық және кайтылы беттерімен қоса, ол кандай болса нак сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде кабылдауға тиіспіз.
Өтпелі кезеңнін киыншылықтары мен қайшылықтары оіандык тарих ғылымында да теріс баяндалып келді. Ондаған жылдар бойы ол жалпы одақ- тық тарих ғылымының арнасында дамыды, оның құрамдас бөлігі болды. Көптеген тарихи зерттеулерге тарихи үрдісті шамадан тыс идеолон яландыру, карадүрсін-тікелей түсіну, схематизм тән еді. Тыйым салу жүйесі зерттеулердің, әсіресе кеңестік кезенде, деректеме базасын шектеп отырды. Қоғам өмірінің барлық құбылыстары бойынша таптар мен тап күресін маркетіклениндік тұрғыдан
Тарих (араб сөзі-зерттеу, оқиғалар жөнінде әңгіме") адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың кұрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз.


Пайдаланған әдебиеттері:

1) Аманжолв Керехан Рақмжанұлы ҚР 2004 ж


2) Т Суранова «Білім баспасы» 2004ж
3) Р. Жарипова Алмата 2005 ж
4) Б. Т. Берлібаев «Білім баспасы» 2005 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет