Қазақстан тарихы оқулық



Pdf көрінісі
бет25/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

«Біріниііден, біздің үлы мәртебелі императорымызга адал
қызмет ететініңізге және башқүрттардың қызмет ететіні
сияқты, жасақ (ясак) төлеуге уәде етіціздер.
Екіншіден, Ресей цоластындагылардан сіздерге реніштер
мен қырып-жоюшылық болмауы тиіс.
Үшіншіден, сіздерге қандайда бір жаулар шабуыл жасаса,
сіздер одан біздің үлы мәртебелі.міз атынан қоргана аласыздар
және сіздерді Ресей қоластындагылар деп есептеуге тиісті.
Төртіншіден, 
башцүрттар 
және 
өзге 
де 
Ресей
қарахшгындагылар сіздерден алган түтқындарып кері қайтарса,
ал сіздер өздеріңіздегі ресейліктерді цайтарып беруге және
баищүрттар.мен, қалмақтармен тату түруга уәде етіңіздер»
делінген.
Петербургте Кіші жүзге орыс елшілігін жіберіп, Әбілхайырға 
патша грамотасын тапсырып, сүлтандар мен старшиналардың 
антын 
қабылдау 
мәселесі 
жөнінде 
шешім 
қабылданды. 
А.И.Тевкелев басқарған елшілік, 5 қазан күні Ырғыз өзені 
бойындағы 
Майтөбе 
шатқалындағы 
хан сарайына 
келді. 
Қүрметті қонақты алып жүруді хан өзінің үлЪен үлы, тәжірибелі 
жауынгер әрі мүрагері, әкесінің саясатын қолдаушы Нүралыға 
тапсырды. Бірақ, бүрынғы татар мырзасы алғашқы сәттерден-ақ 
белгілі старшиналар мен сүлтандар тарапынан күрделі кедергі- 
лерге тап болды. Олар «орыстың қоластына бағынуды» тіпті 
тындағысы да келмеді, «ханның айтқандарын қүлаққа ілмеді». 
Әбілхайыр бастамасына қарсы шыққан, Хиуа мен Жоңғарияға 
қатысты топты Тевкелев «қарсы партия» деп жариялап, олар 
ханды алдын ала ақылдаспай, Ресей қоластына бағыну туралы 
үсыныс жасап, шешім қабылдады деп кінәлады. Олар бүл 
жағдайды ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді бүзу ғана емес, 
хан билігі мен беделіне нүқсан келтіру деді. Осы позицияға
123


қарсы шыққандар Әбілхайыр кейін 
орыс үкіметіне сүйеніп, 
өзінің 
позициясын біртіндеп нығайтады да 
өздерін жүзді 
басқаруға қатыстырмай тастайды деп ойлады. Тевкелев күзетін- 
дегі бір башқүрт ханға қарсы партияның калайда келіссозді 
бүзып, грамотаны қабылдауға жол бермеу әрекетінің жасалып 
жатқанын ескертті. Башқүрттар, оның ішінде Таймақ Шаймиев, 
кейін Ресейге адалдығы үшін тархан атағын алған. Ол орыс 
елшісіне даңқты Бөгенбай батырдың, оның күйеу баласы Есет 
батырдың, немере ағайыны Қүдайменді мырзаның қолдауына 
сүйену керектігін айтты. Бүл кеңестің пайдасы тиді, Бөгенбай 
батырдың араласуы жағдайды жақсартты. Ресей империясының 
сенімді өкілі Тевкелев алға қойған мақсатына жету үшін небір 
тәсілдерді қолданып, хан ордасындағы кері пікірлерді өзгертуге 
қол жеткізді. Осының нәтижесінде 1731 жылы 10 қазанда 
империяның қоластына қарауға алғашқы болып Әбілхайыр хан 
ант берді. Одан кейін старшина Бөгенбай, сосын Есет батыр, 
Қүдайменді мырза ант беруге тілек білдірді. Ханнан басқа, 29 
старшина атағы барлар ант қабылдады. Міне, осылайша қазақтың 
Кіші жүзінің жері Ресейге қосылды. 1732 жылы 24 қарашада 
Тевкелевтің елшілігі 
еліне оралды. 
Қазақстанның Ресейге 
қосылуы алғашқыда бейбіт түрде басталды, бірақ XIX ғасыр- 
дың 50-60 жылдарында бүл әскери-күш қолдану әрекетінің 
нәтижесінде аяқталды.
ХҮНІ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасында жоңғарлар 
тағы да қазақ жеріне, әсіресе Орта жүзге қауіп төндіре бастады. 
1734 жылы 10 шілдеде орыс патшасы Анна Иоанновна оз отініш- 
тері бойынша Орта жүз қазақтарын Ресейдің қол астына қабыл- 
дау туралы жарлыққа қол қойды. Сәмекенің (Шахмүхамедтің) 
қайтыс болуына байланысты 
жаңадан хан болып сайланган 
Күшік пен Барақ сүлтан 1735 жылдың желтоқсан айының аяғын- 
да Орта жүздің Ресей қоластына қарайтындығын бекітіп алды. 
1736 жылы Орта жүздің батыры Жәнібек озінің руларымен бірге 
осындай 
шешім 
қабылдады. 
Барак сүлтан (екінші 
рет), 
Әбілмәмбет сүлтан ( Орта жүздің болашақ ханы, Сомекенің туған 
інісі) озінің руымен Ресей қоластына өтті. 1740 жылы Кіші жүз 
бен Орта жүздің 
старшиналары мен сүлтандары окілдерінің 
съезінде Әбілмәмбет хан қатысып, онда қазактардың үш жүзі 
ішінде зор беделге ие болған Абылай сүлтан Ресей қоластына 
отуді қолдады. 1733-1734 жж. Үлы жүздің 
кейбір ықпалды 
адамдары Ресей қоластына өтуді жақтады. Жолбарыс хан осы
124


үсыныспен Петербургке отініш білдірді. 1734 жылы 10 шілдеде 
император Үлы жүздің белгілі ру басыларын орыс қоластына алу 
туралы жарлығын шығарды. Бірақ 
Үлы жүздің Ресейден 
қашық орналасуы мен халықаралық және ішкі жағдайлардың 
қиындығы Үлы жүздің шын мәнінде Ресейге қосылуын біраз 
жылға кейін шегерді, сонымен қатар Үлы жүзді Ресейге қосуды 
жақтаушылардың бірі Жолбарыс хан 1740 жылы 5 сәуірде 
опасыздықпен олтірілді.
Түтастай алғанда, Әбілхайыр мен оның айналасындағы 
адамдардың, ал кейін Орта жүздегі белгілі шыңғыс түқымда- 
рының Ресейдің қоластына кіруі Орталық Азиядағы мемлекет- 
аралық жағдайлардың айтарлықтай озгеруіне тигізген осерін екі 
бағытта қараған жон: бір жағынан, қазақ халқы озге келеңсіз 
жағдайлармен қатар, ойраттардың дүркін-дүркін шабуылынан 
жоне оның қайғылы оқиғаларынан сақтанды; екінші жағынан, 
қазақтың кең даласындағы егістік жерді орыстардың біртіндеп 
отарлауы үшы-қиырсыз корінген бүл өлкенің елсіз орі бақылауы 
жоқ деген жалған пікірді қалыптастырды. Бүл озі мал 
шаруашылығын өркендетудің ерекшелігіне байланысты жерді 
иеленудің түрінен мүлдем хабары жоқ отаршылдардың түбірімен 
кате әрі біржақты пікірі болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет