Қазақстан тарихы оқулық


Қазакстан Республикасынын казіргі кезеңдегі



Pdf көрінісі
бет58/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

10.4. Қазакстан Республикасынын казіргі кезеңдегі
сырткы саясаты
1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен 
Үлттар Үйымы (БҮҮ) Бас Ассамблеясының 46-сессиясындағы 
пленарлық мәжілісте толық қүқықты мүше ретінде Біріккен 
Үлттар Үйымына қабылданды. Шешім бір ауыздан мақүлданған- 
дыктан дауысқа салынған жоқ. Қазакстан Республикасы басты 
валюта-каржы 
үйымдары 
болып 
табылатын 
Халықаралық 
валюта қорына, 
Халыкаралық қайта жаңарту жоне даму 
банкісіне, Еуропа қайта жаңарту жоне даму банкісіне кірді. Бүл 
жетістік қаржы қүюда. үлттык валютаны колдауда, макро- 
экономиканы түрақтандыруға комектесу мен 
инвестициялык 
багдарламаларды экономиканың маңызды салалары - мүнай-газ 
секторында, колікте, алтын ондіруде оң нотижелерін беруде. 
Халықаралық валюта-қаржылық үйымдарының 
Қазакстанға 
болетін қаражаты АҚШ-тың 2 млрд. долларынан асты. Қазіргі 
таңда 
Қазакстанды 
130 ел таныды, 
жүзден аса елдермен 
дипломатиялық қатынастар орнатылып, шетелдерде 20-дан астам 
елшілік ашылды, Алматыда 55 шетелдік елшіліктер мен өкілдік- 
тер бар. Республика 
олемдік кауымдастықта егеменді және 
дербес халықаралық катынас субъектісі ретінде мойындалды. 
Мемлекеттің сыртқы саясаттағы басты міндеті экономикалық 
басымдық пен 
үлттық қауіпсіздікті 
айқындау, яғни озінің 
үлттық мүдделерін, сыртқы саясат стратегиясын, қорғаныс пен 
оскери докторинаны қамту. Қазақстанның геосаяси жағынан 
орналасуы Еуропамен, бүрынғы КСРО-ның орта азиялық болігін, 
Азия - Тынык мүхит аймағын және азия материгінің оңтүстігін 
байл аныстырады.
1992 жылдан бастап, Қазақстан біркатар сыртқы елдермен 
дипломатиялық байланыстар жасады. 1992 жылы қазанда БҮҮ 
Бас Ассамблеясының 47-сессиясында 
Н.Назарбаев тәуелсіз 
мемлекеттің басшысы ретінде түңғыш рет Бірікккен Үлттар 
Үйымының мінберінен соз сойлеп, «1 + 1» формула түрінде оз 
үсынысын білдірді. Қазақстан Президенті бейбітшілікті сақтау, 
оны қолдау және нығайту үшін мемлекеттер оздерінің әскери 
қаржыларын жыл сайын бір пайызға қысқартып, сол қаржыны 
дүние жүзілік бейбітшілікті қолдау үшін 
БҮҮ қорын 
калыптастыруға 
аударуды 
үсынды. 
Н.Назарбаев 
«әлемдік 
теңсіздік формуласын» тиімділікпен шешуге қолдан келгеннің
283


бәрін 
жасауды 
үсынды, 
ойткені, 
«әлемдік 
теңсіздік
формуласына» сәйкес әлемдегі (Солтүстік пен батыс елдерінде) 
ең бай адамдардың 
20 % әлемдік жалпы өнімнің 83 %-ін 
түтынады да, ал ең кедейлердің 20% (Оңтүстік пен Шығыс 
елдерінде) оның тек -14 %-ін иеленеді. Қазақстан Президенті 
Азияға Өзара Қарым-қатынас және Сенім Шаралары Жоніндегі 
Кеңесті (СВМДА) сатылап қүрудың жоспарын үсынды. Ол 
сонымен қатар, бүрынғы тоталитарлық кезеңнің проблемаларын 
талқылау 
үшін 
БҮҮ-ның 
арнайы 
сессиясын 
немесе
конференциясын шақыруды үсынды.
1991 жылы желтоқсан айында Қазақстан Ресей, Украина 
жоне Беларусь басшылығымен бірге ядролық қаруға қатысты 
бірлескен шаралар туралы Келісімге қол қойды, соған сойкес 
олар: 
бірінші болып ядролық қаруды қолданбауға; оны бір
орталықтан бірлесіп басқаруға; оны қолдану туралы мәселені 
барлық президенттердің келісімі бойынша шешуге; бүл қаруды 
үшінші біреудің қолына бермеуге, 
1992 жылдың Ішілдесінен 
Ресейге тактикалық ядролық қаруларды әкетуге міндеттенді. 
1995 жылы мамырда соңғы ядролық қару Қазақстан аумағынан 
әкетілді. Содан бері 
Қазақстан ядролық қарусыз ел болып 
табылады.
Қазақстанның егемендік алғаннан кейін сыртқы саясатындағы 
маңызды міндеттердің бірі ТМД елдерімен қарым-қатынасты 
жақсы жолға қою еді. 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте алты 
мемлекеттің - Арменияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, 
Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Өзбекстанның окілдері 
үжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды. Бүл шарттың 
негізгі 
ережелерінің 
бірі, 
егер 
кез 
келген 
қатысушы- 
мемлекеттердің біріне агрессия жасалса, ол барлық қатысушы 
мемлекеттерге агрессия жасалған болып есептеледі. Олар бір- 
біріне қажетті жәрдем береді, оның ішінде әскери комек те бар, 
сондай-ақ, олардың қарамағындағы 
қүралдармен 
үжымдык 
қорғану қүқығын жүзеге асыра отырып, қолдау корсетеді.
1994 жылы 
14-16 ақпанда Қазақстан Республикасының 
Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Онда 
төмендегідей қүжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы 
мен Америка Қүрама Штаттары арасындағы демократиялык 
бірлестік туралы Хартия; 
Қорғаныс жоне оскери қатынастар 
саласындағы озара түсіністік туралы 
Меморандум; Қорғаныс 
конверсиясы жөніндегі бірлескен комитетті қүру принциптері
2 8 4


туралы Мәлімдеме; Қазақстан үкіметі мен АҚШ үкіметі 
арасындағы ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық; 
Ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық акпараттар алмасу 
және ынтымақтастық туралы Келісім; Қазақстан мен АҚШ-тың 
Эксимбанкі арасындағы 
жобаларды қолдау туралы 
хаттама; 
Қазақстан Республикасы мен Шетелдік жеке инвестициялар 
Корпорациясымен (ОЛИК) және Экономикалық даму жоніндегі 
Американ-Қазақстан 
кеңестерімен 
арадағы 
ынтымақтастық 
принциптері: Жердің жасанды серігі «Инмарсат-3» үшырылуына 
байланысты Қазақстан, Ресей және АҚШ арасындағы Келісім.
1994 жылы 29 наурызда Н. Назарбаев озінің 
Ресей 
Федерациясына жасаған бірінші сапары шеңберінде Москеу 
мемлекеттік 
университетінің 
профессор-оқытушыларымен 
кездесуінде ТМД қатысушы-елдердің жаңа бірлестігі ретінде 
Еуразия одағын (ЕАО) күруды үсынды. Сол жылы баспасозде 
«Мемлекеттердің 
Еуропалық одағын күру туралы» жоба 
жарияланды. Бүл қүжатта жаңа қүрылым тәуелсіз мемлекет- 
тердің тең қүқықты одағы екендігі айтылды, оның қызметі әрбір 
қатысушы елдің үлттық-мемлекеттік мүдделерін жүзеге асыруға 
бағытталады. Одақты қүрудағы мақсат елдердің түрақтылығы 
мен қауіпсіздігін нығайту, бүрынғы кеңес елдерінде әлеуметтік- 
экономикалық жаңалықтарды табысты жүргізу болып табылады. 
Одақты қүру кезінде бірлесудің демократиялық принципі 
козделді. Азияға Өзара Қарым-Қатынас Және Сенім Шаралары 
Жоніндегі Кеңес (СВМДА) үйымына 16 азиялық мемлекет мүше 
болды: Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Египет, Индия, Иран, 
Израиль, Қытай, Қырғызстан, Монголия, Палестина, Пәкстан, 
Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан. Процесте байқаушы 
ретінде АҚШ, Австралия, Таиланд, Индонезия, Вьетнам, Ливан, 
Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия жэне Украина, сондай-ақ 
торт халықаралық үйым - БҮҮ, Еуропалық озара біріккен комек 
Кеңесі 
(ОБСЕ), 
Араб 
мемлекеттерінің 
лигасы 
және 
Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстан мен Өзбекстанның 
Мемлекетаралық кеңесі қатысады.
1999 жылы Алматыда болған кездесуде СВМДА-ға мүше- 
мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын реттейтін принцип- 
тері туралы Декларация қабылданды. Соған сәйкес, қатысушы 
мемлекеттердің 
егемендігі 
мен 
қүқықтары 
қүрметтеледі; 
аумақтық түтастығы сақталады; бір-бірінің ішкі 
істеріне 
араласпайды; дауларды бейбіт жолмен шешу жүзеге асырылады;
2 8 5


күш қолданудан бас тартылады; қарусыздану мен қарулануға 
бақылау 
жасалады; әлеуметтік, 
сауда-экономикалық және 
мәдени-ізгілік салаларында ынтымақтаса әрекет ету; БҮҮ жоне 
халықаралык адам қүқықтары принциптеріне сойкес 
адам 
күкыктары қүрметтеледі.
Қазақстан сыртқы саяси байланыстарда және озара карым- 
қатынастарда Ресеймен арақатынасқа ерекше мән берді. 
1994 
жылы 29 наурызда 
Қазакстан Республикасының Президенті 
Н.Назарбаев Ресей Федерациясына жасаған ресми сапарында 
Қазақстан мен Ресейдің екіжақты 
ынтымақтастығы жоне 
интеграциясының моселелерін реттейтін 23 қүжатқа қол қойды: 
«Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері 
мен 
шарттары 
туралы 
Келісім; 
Қазақстан 
және 
Ресей 
азаматтарының азаматтығы мен қүқықтық мәртебесіне қатысты 
моселелерді шешудің негізгі принциптері туралы Меморандум; 
Қазақстанға түрақты түру үшін келген Ресей азаматтарына 
жоне Ресейге түрақты түру үшін барған Қазақстан азаматтарына 
азаматтық берудің ықшамдалған тортібі туралы Келісім; Сыртқы 
эконом икал ық қызметті реттеудің бірыңғай тортібі туралы 
Келісім; Еркін сауда 
режимін енгізу туралы 
Хаттама. 2000 
жылдың 
маусымында Н.Назарбаев 
Ресейге сапармен барса, 
қазан айында Ресей Президенті В.Путин Қазақстанға келді. Осы 
сапарлар кезінде екіжақты келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан Орта Азия аймағы бойынша 
озінің коршілері 
Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, ал экономикалык бапланыс 
шеңберінде Түркіменстанмен, Тожікстанмен 
тығыз байланыс 
орнатты. 1994 жылы 8 шілдеде Алматыда Орта азиялық одақка 
қатысушы-мемлекеттердің 
Қазақстанның, Қырғызстан мен 
Өзбекстанның басшылары бас қосты. Мемлекетаралық кеңес, 
түрақты негіздегі оның жүмыс органы - Атқару комитетін, үш 
мемлекеттің премьер-министрлерінің, сыртқы істер министрлері 
мен қорғаныс министрлерінің Кеңестерін күру туралы шешімдер 
қабылданды. Сауда және саудаға кірмейтін баска да операциялар 
бойынша мемлекетаралық копқырлы қатынастарды үйымдастырч 
мен жүзеге асыру мақсатында, үш орта азиялық мемлекеттердің 
үкіметаралық келісімдеріне байланысты, сондай-ақ сауда мен 
каржы қатынастарын сақтау мүддесіне орай, сонымен катар 
бірлескен ондірістерді дамыту үшін ынтымақтастык пен дамчдың 
Орта азиялық банкісі қүрылды.
2 8 6


1995 
жылы 1 қарашада Ташкентте Қазақстан Республикасы, 
Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы сыртқы 
істер министрлер Кеңесінің мәжілісі болды. Онда жан-жақты 
ынтымақтастықты одан әрі дамыту, орта азиялық интеграцияны 
терендете түсу, сондай-ақ аймақтык, ортақ мүддеге сай 
халықаралық сипаттағы мәселелер талқыланды. Сыртқы саяси 
ведомстволар басшылары 1995 жылы 28 қазанда БҮҮ (Біріккен 
Үлттар Үйымы) Бас Ассамблеясының 50-ші сессиясында 
Қазақстанның Орталық Азия үшін БҮҮ-ның комиссиясын күру 
туралы бастамасын қолдап, осы үсынысты 
БҮҮ-ға бірлесіп 
келісім жасау жөнінде өз ойларын ортаға салды.
2000 жылы наурыз-сәуір айларында Ресейдің, Өзбекстанның, 
Тәжікстанның, Кыргызстан мен Қазақстанның «Оңтүстік достық 
қалқаны - 2000» атты бірлескен терроризмге карсы оскери 
дайындығы отті. Бүл шара 
Тәжікстан аумағындағы 201-ші 
ресейлік дивизия 
базасында откізілді. Сол жылы маусымда 
Астана каласында Қазақстан, Кыргызстан, Тәжікстан мен 
Өзбекстан үкіметтерінің басшылары кездесу откізіп, онда аймақ 
елдерінің 2005 жылға дейінгі интеграциялық 
дамуының 
стратегиясы және 2002 жылға дейінгі кезеңде бірыңғай 
экономикалық кеңістік күру жоніндегі бастапқы шаралардың 
бағдарламасы қолдау тапты.
1991 жылы 11-12 қарашада Ашхабадта Каспий теңізінің 
мәртебесі туралы, оның жагалауында орналаскан бес мемлекеттің 
сыртқы 
істер 
министрлерінің 
кеңесі 
болды. 
Казақстан 
делегациясы Каспий теңізі, оның барлык акваториясы (теңіз беті 
аумағы) бойынша 
кеме жүзуге 
ашык болуға тиіс деген
Казақстан позициясын жақтады. Каспий жағалауындағы орбір 
мемлекет өзінің 
экономикалық аймақтарындағы минералдық 
ресурстарды барлау мен игеруді өздері дербес жүргізуі тиіс. 
Әлемдік тәжірибедегі сияқты халықаралық қолданыстағы әдіске 
сәйкес, бүл 
аймақтар 
Каспийдің 
түбі 
мен 
койнауын
делимитациялау арқылы ортаңгы сызықпен белгіленуі қажет. 
Ашхабадта 
біріккен коммюнике 
колдау тапты, онда бес 
мемлекеттің жалпы мәселелер бойынша 
келісімі жазылды. 
Принципті мәселелерге байланысты пікірлер қайшылығы бүл 
қүжатты ауқымды түрде қабылдауға мүмкіндік бермеді.
Қазақстан еуропалық мемлекеттермен байланысты жүйелі 
жолға 
қоюда. 
1993 
жылы 
16-17 
қыркүйекте 
Француз 
Республикасының Президенті 
Француа Миттеран 
Казақстан
2 8 7


Республикасына 
ресми сапармен келді. Онда томендегідей 
үкіметаралық қүжаттарға қол қойды;
- мәдениет пен онер саласындағы ынтымақтастық туралы 
Келісім; Қазақстан Үлттық Ғылым академиясы мен Францияның 
Ғылыми зерттеу Үлттық орталығы арасындағы экономикалык 
ынтымақтастық жоніндегі 
бірлескен декларация; 
Қазақстан 
Республикасы және Француз Республикасы үкіметтерінің оуе 
қатынасы туралы декларациясы; Екі елдің сыртқы істер 
министрліктерінің 
арасындағы 
ынтымақтастық туралы 
хаттамасы.
1994 жылы 20-23 наурызда 
Қазақстан Республикасы 
Президентінің Үлыбританияға ресми сапары болды. 
Сапар 
барысында 
мынадай қүжаттарға кол қойылды; Қазақстан 
Республикасы және Біріккен Корольдік үкіметтері арасындағы 
экономикалык, ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; 
Білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық 
туралы 
келісім; Қазақстан Республикасы және Біріккен 
Корольдік арасындағы қайталама салық төлеуді болдырмау және 
кіріске салық төлеуден жалтаруға және мүлік қүнын осіруге жол 
бермеу туралы Конвенция; екі елдің сыртқы істер министрлігі 
арасындағы ынтымақтастық туралы декларация; Әуе қатынасы 
туралы келісім; Инвестицияны қолдау және озара қорғау туралы 
келісім бекітілді. Қазақстан еуропаның басқа да елдерімен озара 
тиімді қарым-қатынастар орнатты.
Қазақстандық дипломатия азиялық бағытта айтарлықтай 
нәтижелерге қол жеткізді: 1993 жылы 22-26 мамырда Индияның 
премьер-министрі Наросимха Рао Қазақстанға ресми сапармен 
келді. Ол мынадай қүжаттарға қол қойды: Ғылым мен техника 
саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім; Қайталама салык 
толеуді болдырмау туралы Конвенция; Инвестицияны колдау 
жоне озара колдау; Индияда Қазакстан күндерін, Қазакстанда 
Индия күндерін откізу туралы озара түсіністік Меморандумы; Екі 
елдің сыртқы істер министрлігі арасындағы халықаралык жоне 
аймақтық проблемалар бойынша 
кездесуді түракты откізуді 
қарастыратын ынтымақтастық туралы, сондай-ак екіжакты 
катынастар жоніндегі хаттама.
1995 жылғы 11-13 қыркүйекте Қазакстан Республикасы 
Президентінің Қытай Халық Республикасының Торағасы Цзян 
Цзэминнің шакыруы бойынша ҚХР-на сапары болды. Мынадап 
күжаттарға кол қойылды: Қазақстан Республикасы және Қытай
2 8 8


Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты одан 
әрі дамыту мен нығайту туралы бірлескен декларация; ҚР мен 
ҚХР үкіметтері арасындағы қазақстандық шикізаттарды өңдеу 
және жүктерді тасымалдау үшін Қытайдың Ляньюнган теңіз 
портын пайдалану туралы келісім; ҚР мен ҚХР қорғаныс 
министрлігі арасындағы 
ынтымақтастық туралы меморандум; 
ҚР 
Министрлер 
кабинеті 
жанындағы 
гидрометеорология 
жөніндегі 
Бас басқармасы мен ҚХР 
Метеорологиялық 
басқармасы арасындағы метеорология саласындағы ғылыми- 
техникалық 
ынтымақтастық туралы келісім; ҚР мен ҚХР 
арасындағы 
қазақстан-қытай 
мемлекеттік шекарасы туралы 
келісім. Қазақстанның араб мемлекеттерімен мемлекетаралық 
қатынастары табысты түрде дамыды. 1995 жылы Индонезияның, 
Пәкстанның, Түркияның 
басшыларымен жоғары дәрежедегі 
кездесулер өткізілді. Әсіресе Қазақстан мен Түркия арасындағы 
байланыс кең ауқымда дамыды.
Сөйтіп, Қазақстан сыртқы саясатында өзінің үлттық- 
мемлекеттік мүдделерін қорғай білді, бүл ең алдымен аумақтық 
түтастығы мен егемендігіне, елдегі түрақтылық пен бейбіт- 
шілікке байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті 
сыртқы 
саяси бағытты айқындайтын 
ҚР Конституциясына 
сәйкес үзақ мерзімді сыртқы саясаттағы мақсаттарды жүзеге 
асыруға елдің жаңаруына, ішкі игі жағдайларды қолдауға күш 
салып келеді. Сыртқы істер министрлігі атқарушы орган ретінде 
сыртқы саясатпен айналысып, Қазақстан қабылдайтын барлық 
халықаралық акцияларды үйлестіруші рөлін атқарады. Қазақстан 
Республикасының сыртқы саясаты өзіндік тарихы бар көпқырлы 
бағыт үстануымен ерекшеленеді.
10.5. Қазакстандағы саяси партиялар мен қоғамдық
қозғалыстар
Қазақстандағы қайта қүру, жаңару жөне демократияландыру 
процесі республиканың саяси өміріне айтарлықтай ықпал еткен 
көппартиялықтың қалыптасуымен 
қатар жүрді. Қазақстан 
Республикасының Конституциясы «конституциялық қүрылысты 
күштеп 
өзгертуді, 
оның 
түтастығын 
бүзуды, 
мемлекет 
қауіпсіздігіне нүқсан келтіруді, соғысты, өлеуметтік, нөсілдік, 
үлттық, 
дін, 
тектік-топтық, 
және 
рулық астамшылықты 
насихаттауға 
жол 
бермейтін» 
барлық 
партиялардың,
2 8 9


қозғалыстардың, ассоциациялардың тең қүқықтығын қамтамасыз 
етеді. 
Партиялар 
мен 
қоғамдық 
қозғалыстардың 
ісіне 
мемлекеттің араласуына жол берілмейді.
Қазақстанда реформалар стратегиясының мемлекеттік негізі 
демократияландыру және саяси реформалардың бағдарламасы. 
Бүл бағдарлама қоғамдық процестерді одан әрі демократия­
ландыру жүйесіне мемлекеттің тиімді әрі ықпалды эсер етуіне 
жағдай жасайды.
1996 
жылғы 
шілдеден 
бастап 
елде 
«Қазакстан 
Республикасындағы саяси партиялар туралы» заң күшіне енді. 
Соған сәйкес елде аумақтық принцип бойынша партиялық 
қүрылымды 
үйымдастыру бекітілген, мемлекеттік органдарда 
саяси партиялар қүруға, сондай-ақ, әскерилендірілген 
саяси 
партиялардың қүрылуы мен қызметіне тыйым салынады.
Мемлекеттік және партия аппараттарының бірігіп кетуін 
болдырмас үшін, заңда мемлекеттік қызметкерлер, өзінің қызмет 
бабында ешқандай саяси партиялар мен оның органдарының 
шешімдерімен байланысты емес, тек заң талаптарын басшылыққа 
алатындығы туралы ереже қарастырылған.
Саяси партиялардың қызметін реттейтін 
заң, түтастай 
алғанда, жалпы демократиялық принциптерге орай 
елде 
көппартиялылық жүйені нығайтуды көздейді. 
Қазақстандық 
реформалар демократиялық жаңарудың 
маңызды элементі 
ретінде көппартиялылықты түтастай нығайтуға бағытталған.
Елдегі саяси партиялар туралы қысқаша мағлүматтар.
Қазақстанныц 
социалистік 
партиясы 
(ҚСП). 
Республиканың саяси аренасына 1991 жылдың 7 қыркүйегінде 
шықты. Қазақстан Компартиясының кезектен тыс төтенше съезі 
өзін Қазақстанның Социалистік партиясы деп атауға шешім 
шығарған болатын. Партия, өз қызметінің 
мақсаты етіп 
адамдардың түрмыс-жағдайын жақсартуда, оның қүқықтары мен 
бостандығын қамтамасыз етуде түбегейлі реформалар жасауды 
алға қойды.
«Қазақстанның халық конгресі». 1991 жылы 5 қазанда 
қүрылды. Республикадағы алғашқы партиялардың бірі. Ол 
«Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыс 
негізін басшылыққа алды. Партияның 
әлеуметтік базасы -
ғылыми-техникалық зиялылар, мемлекеттік қызметшілер, үсақ 
кәсіпкерлер. Консервативтік позицияны үстанады. Партия озінің
2 9 0


қызметінде шығармашылық, ғылыми және мәдени салалардағы 
зиялылардың мүдделерін қорғайды.
Қазақстаннын коммунистік партиясы (ҚКП). ҚКП кеңес 
дәуіріндегі 
Қазақстан Коммунистік партиясының 
қүқықты 
мүрагері болып табылады, 1991 жылы қазанда қүрылды. Соңғы 
мәліметтер бойынша, оның қатарында 55 мың мүшесі бар. 
Қазақстандағы 
жүртқа 
кеңінен 
танымал 
оппозициялық 
партиялардың бірі. ҚКП мүшелері негізінен соғыс және еңбек 
ардагерлері, жүмысшылар, зейнеткерлер. 1999 жылы 10 қазанда 
болган 
парламент сайлауында партиялық тізім бойынша 
Компартия 
17,75% дауыс алып, Қазақстан Республикасы 
парламенті мәжілісінен екі депутаттық орынға ие болды.
Қазакстанның үлттық «Алаш» партиясы. 1992 жылы 
ақпанда Қазақстанның республикалық партиясы қүрылды. Ол 
1999 жылы қыркүйектен 
«Алаш» Үлттық партиясы болып 
аталады. «Алаш» партиясы нағыз этникалық сипатқа ие, қызметі 
негізінен қазақ үлтының мүдделерін қорғауға бағытталған.
Қазакстаннын 
халықтық-кооперативтік 
партиясы 
(ҚХКП). 
1994 
жылы 
желтоқсанда 
қүрылтай 
съезінде
Қазақстанның түтынушылар қоғамының негізінде 
қүрылды. 
ҚХКП филиал дары республиканың барлық облыстарында бар. 
Ол негізінен ауыл еңбеккерлерінің, үсақ және орташа ауыл 
шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мүдделерін қорғайды.
Қазакстаннын 
кайта өрлеу 
партиясы. 
1995 
жылы 
қүрылтай съезінде 
қүрылған. 
Республиканың барлық 
облыстарында филиалдары бар. Онын әлеуметтік базасын білім 
беру, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет қызметкерлері, 
мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар мен мекемелердің 
әкімшілік 
және 
инженерлік-техникалық 
қызметкерлері, 
кәсіпкерлер, 
студенттер 
қүрайды. 
Біркелкі 
центристік 
позицияны 
үстанады. 
Негізгі 
қызметі 
қоғамдағы 
рухани 
қүндылықты 
қалпына 
келтіруге, 
әлеуметтік 
сала
қызметкерлерінің мүдделерін қорғауға бағытталған.
Республикалық саяси еңбек партиясы. 
1995 жылы 
қыркүйекте «Қазақстан инженерлерінің одағы» қоғамдық-саяси 
козғалысының негізінде қүрылған. Он бір облыста филиалдары 
бар және оң центриетік позицияны үстанады. Негізгі мақсаты -
еңбек тиімділігі жоғары болатын және әрбір мүшесіне лайықты 
түрмыс жағдайын қамтамасыз ететін саяси, экономикалық және
2 9 1


әлеуметтік 
демократия қоғамын қүру. Әлеуметтік базасын 
негізінен инженер-техникалық зиялылар қүрайды.
Қазақстанның 
«Азамат» 
демократиялық 
партиясы. 
«Азамат» қозғалысының негізінде қүрылған. 1996 жылы «Үнсіз 
қала алмаймын» деп аталатын шығармашылық және ғылым 
зиялыларының беделді 72 өкілінің үндеуінен кейін пайда болған 
қозғалыстан бастау алды. Қазақстанның он облысында филиалы 
бар. Әлеуметтік түрғыдан алғанда оның мүшесінің қүрамында 
мемлекеттік 
қызметкерлер, 
ғылым 
және 
шығармашылық 
салалардың зиялылары, шағын кәсіпкерлер, үкіметтік емес 
бірлестіктердің өкілдері бар. Өздерінің нақты оппозициялық 
көзқарастарымен ерекшеленеді әрі Алматы да үлкен қолдауға ие.
Қазакстанның республикалық халық партиясы (ҚРХП). 
1998 жылы 17 желтоқсанда бүл партияның қүрылтай жиналысы 
болды. Бүрынғы ҚР премьер-министрі Ә.Қажыгелдин, оның 
төрағасы болып сайланды. ҚРХП идеалы әлеуметтік нарықтық 
экономикаға бағытталған демократиялық мемлекет. Қүрамы 
әртүрлі оппозициялық көңіл-күйдегі адамдардан түрады.
Қазақстан Республикасыныц әділет партиясы. 1999 жылы 
көктемде қүрылды. Оның алдына қойған негізгі мақсаттары 
азаматтардың заңды қүқықтары мен мүдделерін қорғау, қоғамда 
әлеуметтік әділеттілікті орнату, түрғындардың қорғалмаған 
бөлігін қолдау, демократия мен интернационализмді дамыту мен 
нығайту.
«Отан» 
республикалық 
партиясы. 
Қазақстанның 
демократиялық партиясының, Қазақстанның халық бірлігі 
партиясының, 
Қазақстанның 
либералдық 
қозгалысы 
мен 
«Қазақстан - 2030 үшін» қоғамдық қозғалысының бірігуі 
арқылы, 1999 жылы қаңтарда Алматыда өткен қүрылтай съезінде 
Президенттікке 
кандидат 
Нурсултан 
Назарбаевты 
қолдау 
жөніндегі қоғамдық штаб негізінде қүрылды. Әлеуметтік 
қүрамын бюджет үйымдарының қызметкерлері, 
мемлекет 
қызметкерлері, 
студенттер, 
ғылым 
жөне 
шығармашылық 
зиялылары, шағын жөне орта бизнестің өкілдері қүрайды. 
Қүрамында адамдар саны ең көп партия болып табылады жөне 
нағыз ц ен тр и ст позицияны берік үстайды.
Қазақстанның аграрлы қ партиясы. 
1999 жылы 
16 
наурызда тіркелген. Өзінің бағдарлама қүжаттарында көрсетілген 
ц е н тр и с т позицияны үстайды жөне ауыл еңбеккерлерінің 
мүддесін қорғайды. Жерге жеке меншік болуды, ауылдың
2 9 2


инфрақүрылымын жетілдіруді, агросектордағы 
салық салу 
тәртібін 
өзгертуді 
жақтайды. 
Әлеуметтік 
қүрамы 
ауыл 
шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, фермерлер, үсақ меншік 
иелері, ауыл кооперативтері мен серіктестіктері.
Қазақстаннын азаматтық партиясы. 
1998 жылы 
17 
қарашада Ақтөбе қаласындағы қүрылтай съезінде қүрылды. 
Қазақстанның барлық қалаларында, Астана мен Алматыда 
филиалдары бар. Әлеуметтік базасы: республиканың өнеркәсіп 
кәсіпорындарының өкілдері, жүмысшылар, инженер-техникалық 
қызметкерлер. Өндірісті көтеруді, 
өрбір қазақстандықтың 
түрмыс жағдайын жақсартуды, Қазақстанның мемлекеттігін 
нығайтуды көздейді.
Қазакстан патриоттарының партиясы. 2000 жылы 11 
қыркүйекте қүрылған. ҚР Конституциясының негізгі баптарын 
өзгерту керек деп есептейді. Негізгі мақсаты - үлтты рухани 
жағынан төрбиелеу арқылы бірігуге қол жеткізу, патриотизм 
сезімін қалыптастыру және оны күшейту. Жергілікті өзін-өзі 
басқару 
туралы заңды және жер туралы занды қабылдау 
қажеттігін талап етеді. Қазақстан қоғамындағы проблемаларға 
талдау жасау мен дағдарыстан шығудың жолдарын үсынады.
Қазакстанныц деіиократиялық таңдауы. 2001 
жылы 
қазанда 
жоғары 
буындағы 
саясаткерлердің 
бірқатары 
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігін 
қүрды. 2002 жылы 17 қаңтарда ҚДТ, өзінің саяси бағдарламасын 
дайындап, жария етті. Осы бағдарламаға сәйкес парламенттің 
бақылау 
функциясын 
мейілінше 
кеңейту, 
тіптен 
үкімет 
жүмысына бақылау жасау, парламентке 
заңды түсіндіру 
функциясын 
беруді 
жақтайды. 
Сондай-ақ, 
билікті 
децентрализациялау, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлап қою 
керектігін үсынады.
«Ақ жол» партиясы. 2002 жылдың аяғында «Қазақстанның 
демократиялық тандауы» бірлестігінің саяси кеңесінен бір топ 
мүшесі бөлініп шығып, «Ақ жол» партиясын қүратындықтарын 
мәлімдеді. Жаңа саяси партияның алға қойған мақсаты ҚДТ 
мақсатына сай келеді.
Осы аталған партиялардан басқа Қазақстанның қоғамдық- 
саяси өмірінде либералдық бағыттағы да, ашық оппозицияны 
жақтайтын да саяси қозғалыстар бар «Қазақстанның болашағы 
үшін» 
республикалық жастар қозғалысы, зейнеткерлердің 
«Үрпақ» 
(«Поколение») 
қозғалысы, 
«Өрлеу» 
қоғамдық
293


қозғалысы, 
Қазақстанның 
жүмысшы 
қозғалысы, 
еркін 
көсіподақтардың конфедерациясы, 
«Лад» славян қозғалысы, 
«Азат» азаматтық қозғалысы мен республиканың солтүстік 
облыстарындағы бірқатар казак үйымдары.
Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстарды халықтың 
қабылдау дәрежесі қандай деген мәселеге талдау жасалғанда, 
қазіргі Қазақстанда түрғындар арасында бейсаясаттық деңгейдің 
жоғары екендігіне көз жеткізуге болады: социологтардың
мәліметтеріне қарағанда түрғындардың 44,7% партиялар мен 
қозғалыстарды саяси субъект ретінде қолдамайды, ал 27,4%-і бүл 
мәселеге орай өздерінің жеке бағасын беруге 
келгенде 
киналатындықтарын білдірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет