Қазақстан тарихы оқулық


Қазіргі кезеңдегі Қазақстаннын экономикалық дамуы



Pdf көрінісі
бет57/77
Дата09.10.2024
өлшемі7,71 Mb.
#147352
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
Байланысты:
Кадыркулова Г. Казакхстан тарихы

10.3. Қазіргі кезеңдегі Қазақстаннын экономикалық дамуы
Қазақстанда оны қуатты мемлекет дәрежесіне котеретін зор 
потенциалдық резервтер мен мүмкіндіктер жеткілікті. Қазақ КСР 
кезінде қазба байлықтарының қоры жағынан КСРО-дағы ең бай 
республикалардың бірі саналды. Республика аумағында КСРО- 
дағы мыс қорының жартысы, қорғасынның 3/4, мырыштың 1/3-і 
болды. КСРО темір кені қорының 1/5-тен астамы 
Қазақстан 
үлесіне жатты. КСРО-дағы жыртылатын жердің 1/5 Қазақстан 
аумағына тиді, астық және астық түқымдас дақылдарды өндіруде 
республикалар арасында 2-3 орынды алды. Бірақ, Қазақстанның 
экономикалық жағдайы бірнеше ондаған жылдар бойы табиғи 
даму сатысында емес, саяси басшылықтың 
еркінде болды. 
Мүның соңы экономикалық дағдарыстарға соқтырып отырды. 
Қазақстан егемендік алғаннан кейін 
экономикалық реформа- 
ларды қолға алды, ғалымдар мен іс адамдары шетелдік 
тәжірибелерді зерттеп, кәсіби дәрежесі жоғары мамандарды 
жүмысқа тартты.
2 7 7


Экономикалық дамуда адам барлық уақытта негізгі ондіргіш 
күш. Қазақстан тәжірибесі алғашқы кезде реформалаудың үзак 
мерзімді 
біртүтас бағдарламасының болмауынан 
коптеген 
қиыншылықтарға кездесті. Бүған ғылыми-техникалық дамудың 
томендеуі және экономикадағы индустрияландыру қарқынының 
бүзылуы эсер етті. Өндірістің қүлдырауы, өндіріс орындарының 
жабылуы, технологиялық процестердің бүзылуы, жүмыссыздық- 
тың өсуі, экономикада қылмыстың орын алуы, табиғи ортаның 
тепе-тендігін бүзу факторлары орын алды.
Қазақстан 
экономикалық 
реформаны 
жүзеге 
асыруда 
көптеген қиыншылықтарға тап болды. Экономиканы орталықтан, 
жоспарлы 
басқарудан бірден нарықты жүйеге көшу 
оңай 
болмады. Ақша эмиссиясының өсуі оның күнсыздануына алып 
келіп, ол 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 миллиард 
сомға жетіп, ақшаның қүнсыздануы 
едәуір күшейді. 
1992 
жылдың басында Ресейде 
бағаны «босату» республикадағы 
жағдайды тіптен қиындатып жіберді. Қазақстанда 6 қаңтардан 
бастап бағаны либерализациялау (босату) туралы жарлық шықты.
1992 жылдың бірінші жартысында республика басшылығы 
Қазақстанның стартегиялық әлеуметтік-экономикалық дамуы- 
ның негізгі бағыттарын белгіледі, бүл Н.Назарбаевтың «Егеменді 
мемлекет ретінде Қазақстанның дамуы және қалыптасуынын 
стратегиясы» атты еңбегінде 1992 жылдың бірінші жартысында 
республика басшылығы белгілеген Қазақстанның стратегиялық 
әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары корсе- 
тілді. Экономика саласында мынадай мақсаттарға қол жеткізу 
белгіленді: 
бәсекелестік 
жағдайға 
негізделген 
әлеуметтік
нарықтық 
экономиканы 
қалыптастыру, 
меншіктің 
негізгі 
түрлерін (жеке және мемлекеттік меншік) үйлестіру және 
олардың бір-бірімен арақатынаста болуы, әр меншіктің 
өз 
функциясын экономикалық және олеуметтік ортақ жүйеде 
орындауы, адамның экономикаға қатысты принципін жүзеге 
асыру үшін оған қүқықтық және т.б. жағдайлар жасау; үлттық 
валютаны енгізу және оның ішкі және сыртқы айналымын 
қалыптастыру; түтыну нарығын қамтамасыз ету; Қазақстанның 
дамуы үшін шетелдік инвестицияны тарту және оны тиімді түрде 
пайдалану.
Негізгі 
экономикалық 
табыстарға 
жетудің 
мерзімдері 
айқындалды: бірінші кезең (1992-1995) - мемлекеттік меншіктен 
біртіндеп 
жеке 
меншікке 
көшу 
және 
түтыну 
нарығын
2 7 8


тауарлармен толтыру. Екінші кезең (1996-2005) - біртіндеп 
экономиканың шикізаттық бағытынан арылу, колік 
және 
телекоммуникация жүйелерін жедел дамыту, тауарлы және 
валюталық нарықтың, басқа да нарықтық-капиталдың, жүмыс 
күшінің, бағалы қағаздың, интеллектуалдық меншіктің дамуын 
қалыптастыру. Үшінші кезең 5-7 жылға созылып, экономикада 
бәсекелестікті 
ашық жедел дамыта отырып, Қазақстанның 
әлемдік саудадағы үстаған бағытын нығайтып, жаңа дамыған 
индустриялы мемлекет қатарынан орын алуы.
1993 
жылы наурызда Н.Назарбаев жекешелендірудің бірінші 
кезеңін (1991-1993) қорытындылады. Жекешелендірілген кәсіп- 
орындарда жүмыскерлердің саны барлық жүмыс істеушілердің 
12% күрады. 1993 жылдың осы айында Президенттің Жарлы- 
ғымен Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жж. арналған 
«Мемлекет меншігінен жеке меншікке оту және жекешелен- 
дірудің үлттық бағдарламасы» күшіне енгізілді. Осы бағдарла- 
маға сәйкес мемлекеттік меншіктегі барлық объектілер екі топқа 
бөлінді: 
жеке 
меншікке 
және 
жекешелендіруге 
жататын
объектілер; жекешелендіруге тыйым салынатын объектілер. Сол 
кезеңде егеменді мемлекеттің өміріндегі маңызды оқиғалардың 
қатарына 
1993 
жылы 
12 
қарашада 
шыққан 
Президент 
Н.Назарбаевтың «Үлттық валюта енгізу туралы» Жарлығы болып 
табылады, соған сәйкес еліміздің аумағында «бірден-бір занды 
төлем қүралы» тенге болып саналды.
1995 жылы жалпы түрақтанудың кейбір белгілері біліне 
бастады. Олардың ішінде ақшаның қүнсыздануы бәсеңдеп, 
экономиканың қаржы жағдайы едеуір жақсарды. Бірақ, ақшаның 
қүнсыздануына қарсы үкіметтің жүргізген қызметі өндірістің 
қүлдырауы мен жүмыссыздар қатарының өсуіне әкеп соқтырды. 
1995 жылы 1 қазанда еңбекақы жөніндегі қарыз 25 100,8 млн. 
теңге немесе ішкі жалпы өнім көлемінің 23,97 % болды. 1995 
жылы еңбекке орналастыру қызметкерлері ресми түрде 153 мың 
жүмыссыздарды тіркеуге алды, бүл көрсеткіш 1994 жылмен 
салыстырғанда 1,9 есе коп. Жалпы жүмыссыздар саны 643 мың 
адамға жетті. Өндірістің тоқтатылуы себепті амалсыз еңбек 
демалысын алған адамдар саны 192 мыңға жетті, ондірістің жиі 
тоқтап қалуы себебінен толық емес жүмыс күнімен 451 мың 
адам жүмыс істеді. 1991-1994 жж. ақшаның қүнсыздануының 
өсуінен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзінің жеке меншік 
қаржысымен жай өнімдерді өндіруге дәрменсіз болғандықтан
2 7 9


банкрот шегінде түрды. Мемлекеттік аграрлық кәсіпорындардың 
банктердегі қарызы 1994 жылы бір шаруашылыққа шаққанда 6 
млн. теңгені қүрап, 1993 жылмен салыстырғанда 5,9 есе өсті, ал 
колхоздар бойынша бүл көрсеткіш 2 млн. теңгеден айналып, 
бүрынғыдан 5,5 есе асып түсті
Республикадағы отпелі кезеңнің қиындықтары ауыл шаруашы- 
лығы аудандарының әлеуметгік-экономикалық жағдайына қатты 
осер еггі. 1998 жылы ауыл шаруашылығының мемлекет алдындағы 
карызы 127 млрд. теңгеге жетгі. 1998 жылы озін-озі ақтай алмаған 
170 шаруашылық сатылса, кезекте әлі 633-і түрды. 
Бүл 
шаруашылықтардың түрғындары 5-6 жыл бойы 
еңбекақы ала 
алмай, тек қана озінің азын-аулақ малы мен жерінің аркасында 
күн корді. Жүргізілген талдау (1998) мынаны көрсетеді: 162 ауыл 
шаруашылығымен айналысатын аудандар 2 648,8 мың шаршы 
шақырым аумақты алады екен, бүл мемлекет аумағының 97,2 %, 
қазір онда 8766 мың адам түрады немесе еліміздің жалпы 
түрғындарының 50,6%. 1997 жылы ауыл шаруашылығы ауданда- 
рынан кошіп кеткен адамдардың саны 190,5 мың (республика 
бойынша 
216,4 мың). Жүмыссыздардың саны орта есеппен 
5,8% (республика бойынша 5,9%) болды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының аграрлық секторын- 
да жекешелендіру процесі отуде. Шын мәнінде меншікті қайта 
болу ескі ондірістік қатынастар негізінде жүргізілуде. Ауыл 
түрғындарының басым бөлігі мемлекеттен комек күтуде. 
Реформаға 
ауыл 
түрғындарының 
белсенділігі 
артпаса, 
жүргізілген шаралардың тиімділігі жонінде айтудың озі артық. 
Саясатты түсіндіріп, адамдардың санасын қайта тәрбиелеу керек.
1994 
жылы 
Қазақстан 
Республикасында 
«Шетелдік 
инвестициялар туралы» Заң қабылданды. Шетелдік тікелей 
инвестиция 
толқынын 
ынталандыру 
мақсатында 
«Тікелей 
инвестицияларды 
мемлекеттік 
қолдау 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының Заңына сойкес шетелдік инвесторлардың 
жобаларын жүзеге асыру үшін, жеңілдіктер мен преференциялар 
жүйесі қарастырылды. 1998 жылы 25 қыркүйекте Қазақстан 
Республикасы Президенті жанындағы шетел инвесторлары 
Кеңесінің бірінші мәжілісі откізілді. Бүл органның мақсаты -
жаңа идеяларды жандандыру, проблемалық мәселелерді шешудің 
жолдарын үсыну, Қазақстанда инвестициялық жағдайды дамытч 
бойынша үсынымдарды, оның заңдық жоне қүқықтық базаларын
2 8 0


жасау. 1993 жылдан 1997 жылға дейінгі кезеңде 6,6 млрд, доллар 
тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.
Қазіргі кезде Қазақстан инвесторларға қолайлы жағдай 
жасап, сонымен қатар, өзіміздің мәселелерімізді шешуге күш 
салуда. Шетелдік капиталдың тартылуымен төмендегідей эконо- 
микалық тиімділікке кол жеткізуге болады: шетелдік инвесторлар 
қатысуымен республиканың экспорттық потенциалының тиімді- 
лігін арттыру, оның тек шикізат көзі болуы бағытын өзгерту; 
Қазақстанның сыртқы нарықтағы позициясын нығайту; ондіріс- 
тің ғылыми-техникалық деңгейін көтеру; бюджетке салықтың 
түсуін арттыру; жаңа жүмыс орындарын қүруға зор мүмкіндік 
ашу. Қазақстанда минералды-шикізат көзінің мол екендігі 
белгілі. Республикада түсті және сирек кездесетін металдардың, 
темірдің, хромның, марганец кендерінің, көмірдің, мүнайдың, 
газдың, фосфориттің, бор кендері мен басқа да пайдалы 
казбалардың қоры зерттелді. Осы аталған қазба байлықтардың 
экспорттық қүны өте жоғары, бүл шетел инвесторларының оны 
өндіру мен өңдеуге деген қызығушылығын туғызды. Инвести- 
циядан түскен қаржыларды орынды пайдалану қосымша жүмыс 
орындарының ашылуына 
көмектеседі, шетелдік несиеге 
қарағанда мүндай тәсіл елдің қарызын көбейтпейді, сондықтан 
үлттық валютаның шетелге кетуі де азаяды. Ресми мәліметтерге 
Караганда, Қазақстандағы тікелей инвестицияның 40% және 
жиынтык инвестицияның 45% мүнай-газ секторына, 26% түсті 
металлургия кәсіпорындарына, 5% кара металлур-гияға, яғни тек 
шикізат күйінде экспортқа шығарылатын тауарлардың үлесінде 
қалып отыр. 
Инвестициялық саясаттың дамуына байланысты 
Қазақстан өзінің көрші мемлекеттермен, әсіресе Ресеймен 
экономикалық қатынастарын дамыта түсуде.
Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетілуде 
және орташалар негізін қүрайтын жекелеген әлеуметтік топтар 
өкілдерінің қызметін әлеуметтік-қүқықтық және экономикалық 
жағынан заң арқылы реттеу жүзеге асырылуда. Оған «Шаруа 
қожалығы туралы», 
«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарын, 
«Өндірістік кооператив туралы» заң күші бар Қазақстан 
Республикасы Президентінің Жарлығын жатқызуға болады. 1997 
жылы маусымда «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау 
туралы» Жарлық шықты. 
1991-1994 жж. елімізде жеке 
кәсіпорындардың саны өсті. Бірақ, бүл процесс 1995 жылдан 
бастап баяулай бастады. Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар
281


елдегі жүмыс істейтін 
шаруашылық субъектілерінің 80%-ін 
күрайды. Шағын кәсіпкерлік секторында жүмыс істейтіндердің 
саны 
миллион адамға жуық. Бүл мемлекеттің аз ғана уакыт 
ішінде қол жеткен экономикалық жетістігі. Тек бір жылдың 
ішінде шағын бизнестегі жүмыс істейтіндердің саны 5-тен 15 % 
дейін оскен. 
Бүл секторда ондірілетін онімнің колем і 
облыстардағы мониторинг корсеткіштері бойынша бірнеше есе 
оскен.
1997 жылы еліміздің дамуының «Қазақстан-2030» Стратегиялык 
бағдарламасы жарияланды. 2030 жылға дейін жеті үзак мерзімді 
мәселеге мон берілген: үлтық қауігісіздік; ішкі саяси түрақтылык 
пен қоғамның бірлесуі; нарықтың экономика базасында шетелдік 
инвесторларды жоғары деңгейде тарта отырып, экономикалык осу; 
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы; энергетикалык 
ресурстарды дамыту; инфрақүрылымды дамыту (әсіресе колік пен 
байланыс); кәсіби мемлекет.
Президент 2030 жылға арналған бағдарламаны жүзеге асыру 
үшін оңтайлы негіз болып табылатын қазақстандық қоғамның сегіз 
қуатты жағын айқындап берді: мемлекеттің тәуелсіздік алуы, онын 
рәміздері мен нышандары; ескі саяси-экономикалық жүйеден 
біржолата қол үзу. Жаңа саяси-экономикалық жүйенің пайда болуы: 
адамдар жаңа жағдайға бейімделіп, адамзат қатынасының жаңа 
түріне, жаңа қүндылыктарға 
үйрене бастады немесе үйренді. 
Мемлекеттік-үжымдық козқарастан жеке-дербестікке кошу процесі 
жүріп жатыр. Бүл процестің озіндік қиындықтары да бар. Өтпелі 
кезенде коптеген қазақстандықтар 
коп жайды басынан кешірді 
және коп нәрсені қүрбан етті. Бүрынғы жүйе болмашы олечметтік 
игілікке кепілдік берді және бірқатар салаларда жетістіктерге кол 
жеткізгені де рас. Бірақ, ол жүйе біздің адамдарымыздың жоғары 
білімі мен біліктілігі, ғылыми және шығармашылық потенциалы 
жеткілікті болса да, табиғи ресустарға бай Қазақстанда коғам бірлігі 
мен ту-рақтылығы сақтала түрса да жоғары адамгершілік қасиеггерге 
ие болса да еркін нарық зандылығына бірден ілесіп кету қиындач 
болды.
«Қазақстан - 2030» Стратегиялык бағдарламасы - бүл зор 
тарихи жоне саяси маңызы бар қүжат. Біздің мемлекетіміздің 
тарихында тап осындай кең ауқымды бағдарлама бүрын болып 
корген жоқ. Стратегияда Қазақстанның тоуелсіз мемлекет 
ретінде жаңа дербес дамуының жолдары корсетілген. Онда елдін 
сыртқы даму факторларының ерекшелігі де ескерілуде.
2 8 2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет