Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет4/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Тілдік мақсаттар 

«Темір дәуірі» атты мәтінмен танысып, темір дәуірі туралы 
мәлімет алады (оқылым дағдысы); 

«Неліктен бұл кезең темір дәуірі деп аталды? Темір игеруді 
меңгеру ежелгі адамдардың өміріне қандай өзгерістер әкелді? Темір 
дәуірінің ерекшелігі неде?» деген сұрақтар аясында талқылауға 
қатысады (айтылым дағдысы); 

Темір дәуірінде қоғамда, шаруашылық және еңбек құралдарындағы 
өзгерістерді анықтап, кесте толтырады (жазылым дағдысы). 
Пәнге қатысты 
лексика мен 
терминология 
темір, ру, одақ, тайпа, мемлекет  
Диалогқа/ 
жазылымға 
қажетті тіркестер 

Металл өндірісінің жетілуі шаруашылық салаларына тиімді
болды / тиімсіз болды. Себебі ... 

Металл өндірісі жетілуінің адам өмірін өзгертті / өзгерткен жоқ. 
Себебі ... 

Темір дәуірі адам өмірін өзгертті /өзгертпеді. Өйткені ... 
Құндылықтарды 
дамыту 
Сабақ барысында оқушылар темір игерудің тиімділігін саралау 
арқылы «
Жаһандық азаматтықты қалыптастыру» деген құндылықты 
дамыта алады.
АКТ қолдану 
дағдылары 
Сабақ барысында интерактивті тақта арқылы таныстырылым 
көрсетуге болады 
Пәнаралық 
байланыстар 
Дүниежүзі тарихы пәнінен алған білімдерін кеңінен қолдана алады.
Бастапқы білім 
Қола дәуірінде орын алған өзгерістер мен оның ерекшелігі туралы 
білімдері бар. Бұл кезеңдегі мәдениеттер жайында толық түсінік 
қалыптасқан. 
Дифференциация 
 
Контентті дифференциациялау формасы: Жеделдету  
Аргументтеу элементтері: Болжау, Салдары, Қорытынды
Негізгі тұжырым: Оқушылар Қазақстан аумағында темірді игеру 
арқылы орын алған өзгерістерді оқу нәтижесінде «болжау, салдары
қорытынды» аргументтеу элементтерін қолдану арқылы түсінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет