Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет50/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

 
Қосымша 1 
Өрмекші торы 
Шарты: 
1. Шеңберге тұру 
2. Қолдағы жіпті қарсы тұрған оқушыға жіберу арқылы, жылы лебізді тілек білдіру 
3. «Өрмекші торын» құру 
Қосымша 2 
Бастапқы ынталаңдырушы материал: бейнематериалмен жұмыс. 
https://www.youtube.com/watch?v=RHMdN4dEaVw
 
Қосымша 3 
Дерекпен жұмыс 
Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы тікелей Қимақ қағанатының қоғамдық 
құрылысының жалғасы болды. Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға 
қалып отырған. Елбөрілік әулеттік ру есебінде болған, хандар солардан шыққан. Әскери-
әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі 
қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң 
қанатқа және ордасы Сығанақ қаласында орналасқан сол қанатқа бөлінді. Сонымен қатар 
үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, 
югурлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетілді, сонымен қатар рулар мен тайпалар 
да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінді. Көшу жолдары мен жайылымдарды 
бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің 
негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды, дағдылы құқықтың (төре) орныққан 
нормалары бойынша жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер 
(таңбалар) салынды. Қыпшақ қоғамында ең құқықсыз топ соғыс тұтқындары есебінен 
толықтырылып отыратын құлдар болды.
Ал, Қазақстан жеріне шабуыл жасаған моңғолдар мемлекеттілігінің негізіне түркі 
дәстүрі елеулі ықпал жасады. Шыңғыс хан империясы ұйымдастырылуының мәні сонау 
Түркі қағанатында туып, наймандар мен керейттер ұлыстарында дамытылған әскери-


әкімшілік жүйе болды. От пен оқтың күшімен алып империя құрған Шыңғыс хан өзінің әр 
ұлына үлес бөліп берді. Бөлінген жерлер – ұлыс деп аталды. Ұлыстардың әскерлері 
жүздіктерге, мыңдықтарға, түмендерге бөлінді. Шыңғыс хан империясының халқы да осы 
әкімшілік бөліністер бойынша бөлінді. Бағындырылған халыққа ауыр алымдар салынып, 
міндеткерліктер жүктелді. Әскери міндеткерлік ерекше ауыр болды – халық моңғол 
әскеріне жауынгерлер беріп отыруға міндеттелді. Отырықшы халық та әскери қызмет 
атқаруға тиісті болды.
Дереккөзі: Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том.–
Алматы:«Атамұра»,1996. –419-448 бб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет