Байланысты: аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін
Қосымша 3 Д/Ж 2-тапсырма. Орал, Торғай мен Маңғыстаудағы көтерілістің нәтижелері мен салдары туралы мәтінді оқып, тарихи маңызы туралы қорытынды жаз. Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс үкімет тарапынан күшпен басылды.
Маңғыстаудағы көтерілісті басу Кавказ аймағы басшылығына жүктелді. Нәтижесінде
Кавказдан Маңғыстауға үлкен әскери күш жеткізілді. Атап айтқанда, Апшерон полкі
батальоны, шептік батальонның бірнеше ротасы, Терек казактарының 2 ротасы және 4
зеңбірек жеткізілді.
Бұл нашар қаруланған көтерілісшілер үшін айтарлықтай күш болатын. 1870 жылдың
желтоқсанында қозғалыстың жетекшілері Досан Тәжіұлы, Ержан, Ертімбет Құловтар, Иса
Тіленбаев және олардың көптеген серіктері үш мың шаңырақпен Хиуа хандығының жеріне
өтіп кетті. Елде қалған көтеріліске қатысушыларға барынша қатал шаралар қолданылды.
Бұқаралық сипатына қарамастан, көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ шаруалары
бастарын біріктіре алмады. Кейбір көтеріліс басшылары ұлттық мүддеден гөрі жеке бас
мүдделерін жоғары қойып, екіжүзділік көрсетті.
Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін үкімет әскерлері Маңғыстауда үш ай бойы
қалып, қалған 8 мың үйден түтін салығын және басқа да алымдарды қосқанда 57 901 сомды
жинап алды. Ең қатты қарсылық көрсеткен адай руынан 90 мың қой мөлшерінде
контрибуция алынды. Реформа енгізуге қарсылық көрсеткендер Қазақстан аумағынан тыс
жаққа күштеп көшірілді. Тек Торғай облысының өзінен ғана 1890 жылы 3 мыңға жуық адам
жер аударылды.
Қазақ жеріндегі бекіністегі әскери құрамалармен қоса патша үкіметі орыс
шаруаларын да қаруландыра бастады. Мұның өзі қазақ халқы мен қоныс аударушылар
арасындағы жағдайдың шиеленісуіне алып келді. ХІХ ғасырдың аяғында патша үкіметі әр
уезден екі жасырын «жансыз» жалдамалы агенттер тобын құрды. «Жансыздар» тобы «өте
сенімді» қазақтардан алынып, патша үкіметіне елдегі жағдайды құпия хабарлап тұратын
болды. Алайда реформалар қазақ даласына әртүрлі салада (транспорт, медицина т. б.)
жаңалықтар әкеліп, өзгерістер ене бастады.
Тарихи маңызы:
Дескрипторлары: •
Көтерілістің жеңілуі нәтижесінде болған өзгерістерді біледі;
•
Көтерілістің салдарынан қазақ халқының әлеуметтік жағдайында болған өзгерістерді
анықтайды;
•
Көтерілістің тарихи маңызы туралы қорытынды жасап жазады.
Дерек көзі: