Қосымша 2
1868-70
жж.
көтерілістердің
жеңілу
себептерін
«Сәйкестік
зонасына»
орналастырыңдар:
(оқушылар кәртішкелерде берілген жеңілу себептерін дескрипторларға сәйкес бір парақта
берілген «Сәйкестік зонасына» орналастырады, неге
солай орналастырғандығын
түсіндіреді)
1. Ресей империясының тұрақты кәсіби әскери бөлімдерінің қаруларының
артықшылықтары. Мысалы, зеңбірек,
мылтықтарға қарсы көшпелі
қазақтардың найза, қылыш сияқты қарулармен қарсы шығуы
2. Көтерілістердің стихиялы түрде болып, нашар ұйымдасуы
3. Ауқатты байлар тобының көпшілігінің патша үкіметі
жағына шығып,
көтерілісті қолдамауы
4. Қазақ шаруаларына патша үкіметінің жаңа жерлер беріп, талаптарын
орындауы
5. Көтерілісшілерді қолдаған жұмысшы
жатақтардың санының аздығы
Дескрипторлары:
•
мағынасы бойынша толығымен сәйкес келетін кәртішкелерді маңыздылығына қарай
сәйкестік зонасына ретімен
орналастырады;
•
мағынасы бойынша жартылай сәйкес келетін кәртішкені маңыздылығына қарай
сәйкестік зонасына жартылай орналастырады;
•
мағынасы бойынша сәйкес келмейтін кәртішкені сәйкестік зонасынан тыс жерге
орналастырады;
•
таңдау себептеріне дәйек пен дәлел келтіріп түсіндіреді;
•
ХІХ ғ. бірінші жартысындағы көтерілістердің жеңілу себептерінен өзгешелігі мен
ортақ белгілері туралы пікірін айтады.