Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет13/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123
Қазақстан тарихы, 5-сынып
Бөлім 
Ғұндар
Сабақтың 
тақырыбы 
Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы (1-сабақ) 
Оқу мақсаты 
5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету
Тарихи концепт 
Өзгеріс пен сабақтастық және қосымша ұқсастық пен айырмашылық  
Пәндік мақсат
Ғұндар туралы білу және олардың қоныс аудару себептерін анықтау
Бағалау 
критерийлері 

Ғұн тайпалары бірлестігінің құрылуы, шаруашылығы, қоғамдық 
құрылысы туралы біледі; 

Ғұндардың мәдениетінің ерекшелігін сипаттайды; 

Оқушылар «Бір қарыс жер туралы аңыз» деген түпдеректің негізгі 
идеясын талдайды; 
Тілдік мақсаттар 

Оқушылар «Ғұндар» деп аталатын бейнематериалмен танысады 
(тыңдалым және жазылым дағдысы); 

«Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі бойынша оқушылар ғұндардың 
шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті туралы біледі 
(оқылым және айтылым дағдысы); 
Пәнге қатысты 
лексика мен 
терминология 
Ғұн, жер, шанью, дунху 
Диалогқа/ 
жазылымға 
қажетті тіркестер 

«Мөде шаньюдың «Жер – мемлекеттің негізі» деп айтқанына келісемін, 
себебі .... 

«Мөде шаньюдың «Жер – мемлекеттің негізі» деп айтқанына 
келіспеймін, өйткені .... 
Құндылықтарды 
дамыту 
Сабақ барысында оқушылар ғұн тайпалары 
бірлестігінің құрылуы,
шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениетін зерделеу 
арқылы 
«Жаһандық азаматтықты қалыптастыру», «патриотизм» деген 
құндылықтарды дамыта алады.
АКТ қолдану 
дағдылары 
Сабақ барысында интерактивті тақта арқылы таныстырылым көрсетуге 
болады 
Пәнаралық 
байланыстар 
Дүниежүзі тарихы пәнінен алған білімдерін кеңінен қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет