Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет29/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

 
 
 
 
Үй жұмысы
Оқушыларға сабақтың тақырыбы бойынша 2 
қарапайым және 2 күрделі сұрақ құрастыруды 
тапсырыңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 


Қосымша 1 
Халықтардың қоныс аударуы 
Көші-қон (миграция) – халықтың бір жерден екінші бір жерге тұрақты немесе 
уақытша қоныс аударуы. Көші-қон бүгінгі таңда адамзат тарихындағы кең таралған 
құбылыс. Көшпелі тайпалардың б.з. I-V ғғ. Орталық Азиядан батысқа қоныс аударуы 
«Ұлы қоныс аудару» деп аталды. Қоныс аудару Қазақстан, Орталық Азия, Еуропаға 
күрделі өзгерістер әкелді. VІ ғасырда Қазақстан аумағы Алтай таулары алқабынан қоныс 
аударған түркі халықтарының бақылауында болды. «Түрік» этнонимі 542 жылы Қытай 
шежіресінде алғаш рет кездесті. Түрік қағанаты Қытай императорына салықтар төлетті, 
Византия мен Иран мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. 
Жерорта теңізіне дейін тармақталған Жібек жолына иелік ету үшін күрескен қуатты 
мемлекетке айналды. Түрік қағанатының дамуы Еуразияның өзге аймақтарына 
әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан әсер етті. Қағандар жерді үлеске бөлді. Әскери 
қызмет еткендерге жер беріп, орнына адал қызмет етуді талап етті. Осылайша ұлан-ғайыр 
аймақты бақылауда ұстады. Түркі тайпалары ірі мемлекетке бірігіп, шағын 
мемлекеттердің саны артты. Негізгі көшпелі мал шаруашылығына байланысты әскери 
құрылым негізінен атты әскерден тұрды. Мемлекет қарапайым адамдардан салық алды. 
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларда қолөнер мен сауда қарқынды дамыды. Бұл мал 
шаруашылығымен бірге отырықшы шаруашылықтың да дамуын көрсетеді.
Түркілердің қоныс аударуы әлем халықтарының тілдеріне де өзгерістер енгізді. 
Ғалымдардың айтуы бойынша, «Игорь жорығы туралы» батырлар жырында орыс және 
түркі тілінің бір-біріне ықпалы байқалады. Көне түркі жазба ескерткіштері Моңғолия 
жерінде сақталған. Олардың ішіндегі ең танымалы – Күлтегінге тұрғызылған ескерткіш. 
Түркілер қай жерге қоныс аударса да, өздерінің ата-бабаларының наным-сенімдерін 
ұстанды. Олар Тәңірге (көк аспан), табиғат күштеріне дұға етіп, ата-бабалар рухына 
табынды. Қазіргі түркі халықтары рулық қатынастардың дамуы нәтижесінде қалыптасты. 
Бұл қоныс аударулар көптеген халықтардың сырт келбеті мен тілдерін өзгертті. Қоныс 
аудару кезеңінде адамдар жаңа діни наным-сенімдермен бетпе-бет келді. Көптеген түркі 
тайпалары ислам дінімен танысып, жаппай қабылдай бастады. Біртіндеп түркі 
халықтарының көптеген тәңірлік танымдары ислам дінінен көрініс тапты. Ол исламға 
деген сенімді нығайтты. Оғыздар одағы үнді-еуропалық, финн-угорлық және түркітілдес 
тайпалардың араласуы негізінде қалыптасты. Осы кезеңнен бастап жаңа этникалық топтар 
пайда болды. Қыпшақтар Еуразияның ұлан-ғайыр далалық аймақтарына кең таралып, өзге 
де түркітілдес тайпаларды өз тайпалық бірлестіктерінің құрамына қосып алды. 
Еуропадағы қыпшақтардың қозғалысы Венгрия мен Болгария халықтарының этникалық 
құрылымына әсер етті. 
Түркі халықтарының көпшілігі көшпелі және жартылай көшпелі мал 
шаруашылығымен айналысты. Сонымен қатар қоныс аудару барысында олар 
егіншілікпен, балық аулау және аңшылықпен қатар шұғылдануға мәжбүр болды. Олар 
жаңа жерлерде басқа да кәсіптермен айналысты. Нәтижесінде түркі халықтарының 
мәдениеті мен тұрмысында бірқатар өзгерістер пайда болды. Батыс Түрік қағанаты (603-
704 жж.) өз аумағын кеңейтті. Шығыс пен Батыс аралығындағы сауда керуен жолдарына 
бақылау орнатты. Зергерлік бұйымдар мен жібек матасы сияқты тауарларды сатумен 
айналысты. Жібекті Византияға сатты, Иранмен сауда байланысын нығайтты. Саудамен 
бірге ауыл шаруашылығы мен қолөнер де дамығандықтан, қалалардың аумағы кеңейді. Ол 
транзиттік және ішкі сауданың дамуына әсер етті. Оғыздар (750-1055 жж.) Дон мен Қара 
теңіз өңірлерінде және далалы аймақтарда жайылымдарын кеңейту мүмкіндігін іздеген. 
Сауда Киев Русімен қарым-қатынастың дамуына әкелді. Ол орыс саудагерлерін шығыс 
мемлекеттерінің бай нарығына қол жеткізуді қамтамасыз етті. Қимақтар негізінен мал 
шаруашылығымен айналысты. Қосымша кәсіптері балық және аң аулау болды. Олар 
қымбат аң терілерін өңдеуді меңгерді. Қимақ қағанатында (743-1035 жж.) әртүрлі қолөнер 
салалары дамыды. Қимақтар мақта-мата өндірді және киім-кешек тікті, темір, алтын және 


күмісті қолданып, әртүрлі заттар жасады. ІХ-ХІ ғасырлардағы араб-парсы деректерінде 
Қимақ елді мекендері сипатталған. Әл-Идрисидің айтуынша, қимақтардың 16 қаласы 
болған. Бұл қалалар пайдалы қазбалар табылған немесе өзен мен көлдер орналасқан таулы 
аймақтарда орналасты. Қимақ тұрғындарының басым бөлігі сауда керуендерімен тығыз 
байланыста болу үшін сауда жолдарының бойында өмір сүрген. 
Дереккөз:

Қазақстан тарихы «Көне заманнан бүгінге дейін» ІІ том. Алматы «Атамұра» 
2010ж.
 

Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы. «Дәуір» баспасы, 1994 ж 

Қазақстан тарихы. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына арналған 
оқулық (сынама нұсқа) / Л.А. Бердіғалиева, А.М. Ибраева, Г.Т. Қасенова және т.б. 
– Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет