Зерттеу сұрағы:
Ұлы Жібек жолы ортағасырлық
Қазақстанның экономикалық және мәдени
дамуына қалай әсер етті?
Жұптық жұмыс (20 минут)
Оқушыларға «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
бойынша ықшамдалған мәтін ұсыныңыз. Олар
мәтіндегі
мәліметтер
мен
өз
білімдерін
пайдаланып, келесі кестемен жұмыс жасайды.
Жұптасқан оқушылар өз жұмыстарын келесі
жұптың жұмысымен алмасып, төрт оқушы өзара
талқылау жасайды. Осыдан кейін жұптар келесі
жұпармен алмасады. Осылайша барлық жұптар
бір-бірінің жұмыстарымен танысып, толықтыру
мен өзгертулер енгізеді. Бұл тапсырманы орындау
барысында оқушылар «Ұлы Жібек жолының қала
мәдениетінің дамуына әсерін анықтау және
көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара
экономикалық байланыстарын анықтау» деген оқу
мақсаттарына жетеді.
Кесте: Ортағасыр кезеңіндегі ҰЖЖ нәтижесінде орын алған өзгерістер Б.з.б. ІІ ғасырдан бастап, ортағасыр кезеңі арасындағы сабақтастық 1.
2.
3.
1.
2.
3.
Қорытынды:
Дескрипторлары:
Ортағасыр кезеңінде орын алған кем дегенде 2
өзгерісті анықтау;
ҰЖЖ пайда болған кезеңмен ортағасыр кезеңі
арасындағы кем дегенде 2 сабақтастықты
анықтау;
көшпелілер мен отырықшылар арасындағы
өзара байланысты сипаттау арқылы өзіндік ой-
қорытынды жасау;
Жеке жұмыс (10 минут)
Оқушыларға «ПТМС» әдісі бойынша келесі
тапсырма беріледі. Олар «Ұлы Жібек жолының
қала мәдениетінің дамуына әсер етті» деген
тақырыпша
бойынша
білімдерін
жинақтап,