Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ


кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Pdf көрінісі
бет42/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
 
Ресурстар 
Ұйымдастыру 
кезеңі 
2 минут 
 
 
Қолайлы атмосфера қалыптастыру мақсатымен «Кім 
жылдам» тренингін жүргізу.
Трениг шарты: 15\15 секундтың ішінде (алғашқы 15 
секунд оқушыларға дайындық ретінде қосылады) 
оқушы сыныптастарымен қол ұстасып амандасып 
шығады. Амандасып жүріп ішінен санауы қажет. 
Сыныпта берілген уақыттын ішінде кім көп 
амандасса, оқушы «Ең жылдам» атанады (сабақ 
басында оқушылардың бойы біршама сергіп қалады). 
Мұғалім оқушыларға осындай қарқынмен жұмыс 
жасаулары керектігін еске салады. 
 
Презентацияда 
тренинг 
тақырыбы «Кім 
жылдам» және 
15 секунд 
көрсетіледі.
Сабақ 
мақсатын, 
бағалау 
критерийлерін 
анықтау 
7 минут 
 
1. Бастапқы стимул тудыратын материал ретінде
«Галереяны шарлау» әдісі арқылы жаңа сабақ 
мәселесіне ой қозғау (Қосымша 1). Оқушыларға 
қабырғаларға ілінген моңғол мен қыпшақтың 
баспаналары мен киім үлгілерінің суреттерін 
көрсету. 
Критерий:
1. Галлереядағы суреттерді зерттеу. 
2. Суреттердің 2 айырмашылығы мен 2 ұқсастығын 
табу. 
Жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылар сабақтың 
тақырыбын айтулары тиіс.
Қыпшақтар мен моғолдардың өзара ұқсастықтарын 
анықтағаннан кейін, оқушыларға «Ассимиляция» 
ұғымын түсіндіріп өту.
Ассимиляция – жаңа орта дәстүрін қабылдау, сіңу. Бір 
халық өзінен үлкен екінші халыққа сіңіп кетіп, ана 
тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-
сезімін тағы басқа ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады.
Мысалы, 
түркітілдес 
тайпалардың 
миграциясы 
нәтижесінде Еуразия далаларын мекендеген көптеген 
ирантілдес, 
угортектес 
тайпалар 
түркітілдес 
Галереяны 
шарлауға 
арналған 
суреттер:
1. Моңғол киімі 
2. Қазақтардың 
ұлттық киімі 
3. Қыпшақ және 
қазақ киіз үйлері 


тайпалардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын қабылдап, 
ассимиляцияға 
ұшырады. 
Моңғол 
империясы 
дәуірінде Дешті Қыпшақ даласында Жошы ұлысының 
моңғолтектес тайпалары жергілікті қыпшақтардың 
мәдениеті мен тілінің әсеріне шалдықты. 
2. Сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады. Сабақ 
мақсаты мен бағалау критерийлермен танысады. 
Бүгінгі сабақ тақырыбының тарихи концепті өзгеріс 
пен сабақтастық екендігін айтып өту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет