Орталық және Шығыс Қазақстанда өркендеген 78 қала кездеседі. Нұра алқабында
Ахсикент деген ірі қаланың болғаны туралы тарихи мәліметтер бар. Араб
саяхатшыларының деректемелерінде Ертіс өзенінің бойында қимақтардың қалалық
мәдениеті өрістеді деп жазылған.
Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде
археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған теңгелер мен
ділдәларды көп тапқан. Қазба жұмыстары барысында осы қалаларда жасалған
бұйымдармен қатар сауда керуендерімен келген басқа елдердің бұйымдары да шықты.
Алматы маңындағы ежелгі Талхир қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола
табақ, қытай фарфоры мен жапон фаянс тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар
табылды. Әсіресе, таңғажайып оюлармен, тамаша суреттермен безендірілген табақ ерекше
қызығушылық тудырады. Қызыл түсті жапон фаянс тостаған сынығының іші мен
сыртында айдаһар, тау мен теңіз, «алтын» киім киінген ер кісі мен әйел әсем бейнеленген.
Дереккөз:
Қазақстан тарихы «Көне заманнан бүгінге дейін» І том. Алматы «Атамұра» 2010ж.
http://www.tarih.spring.kz/kk/timetravel/silkroad/
-
дерддДДДД
Достарыңызбен бөлісу: