Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет38/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   123
Сабақтың 
тақырыбы, оқу 
мақсаты және 
бағалау
критерийлерімен 
танысу
(3 мин)
БЫМ (бастапқы ынталандыру материалы). 
Сынып оқушыларына ҰЖЖ бейнелейтін сурет 
көрсетіңіз. Осы сурет төңірегінде келесі сұрақты 
қойып, талқылау ұйымдастырыңыз. 

Қалай ойлайсыңдар, ҰЖЖ ортағасырлық 
Қазақстанның экономикалық және мәдени 
дамуына қаншалықты әсер етті?
Осы 
тұста 
оқушылар 
алдыңғы сабақтағы 
білімдерін пайдалану арқылы жаңа сабақтың 
тақырыбына болжау жасай алады. Осыдан кейін 
оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, 
бағалау критерийлері және зерттеу сұрағымен 
таныстырыңыз. 
Зерттеу сұрағы:

Ұлы Жібек жолы ортағасырлық 
Қазақстанның экономикалық және мәдени 
дамуына қалай әсер етті? 
Жұптық жұмыс
(15 минут) 
Оқушыларға «ИНСЕРТ» әдісі бойынша мынадай 
тапсырманы орындауды тапсырыңыз. Оқушылар 
мәтінді оқу барысында «V», « +», «-»,«?» 
белгілерін 
қойып 
отыруы 
керек. 
Жұмыс 
аяқталғаннан соң, ерікті оқушылар өз жұмыстарын 
сынып 
алдында 
оқып 
таныстырады.
Толықтырушы немесе жетелеуші сұрақтар арқылы 
сыныптық талқылау ұйымдастыруға болады. Бұл 
өз кезегінде оқушылардың білімін тиянақтауға өз 
септігін тигізеді.
Тапсырманы орындау критерийлері:

«V» бұрыннан білемін, яғни оқушылар мәтінде 
кездескен өзіне таныс сөйлемнің тұсына осы 
белгіні қояды; 

« +» жаңа ақпарат, мұнда оқушылар осы 
мәтіндегі жаңа ақпаратты белгілейді; 

«-» 
деген 
белгіні 
оқушылар 
бұрынғы 
білімдеріне қарама-қайшы мәтіндегі сөйлемнің 
тұсына қояды (мысалы, мен бұрын басқаша 
ойлайтынмын, сөйтсем олай болмай шықты ...); 

«?» белгісі «Келісе алмаймын, білгім келеді» 
дегенді білдіреді. Осы тұста оқушылар өзі 
келіспейтін 
немесе 
түсініксіз 
сөйлемді 
белгілейді; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет