Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет39/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123
Дескрипторлары

Мәтіндегі мәліметтер мен өз білімін қолданып
кем дегенде 2 өзгерісті анықтайды; 

Өз білімін пайдаланып, кезеңдер арасындағы 
кем дегенде 2 сабақтастықты анықтайды; 
Осы 
тапсырманы 
орындағанда 
оқушылар 
«ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің 
ерекшеліктерін түсіндіру» деген оқу мақсатына 
 
1-қосымша 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жетеді. 
Жеке жұмыс 
(15 минут)
 
Оқушылардың 
қабілеттерімен 
жас 
ерекшеліктеріне байланысты келесі тапсырмалар 
беріледі. Оқушы кез-келген бір тапсырманы 
таңдауға 
құқылы. Егерде 
ол 
тапсырманы 
уақытынан бұрын орындаған жағдайда, екінші 
тапсырманы беруге болады.
1-тапсырма: 
ҰЖЖ бойымен таралған бір 
маңызды тауарға жарнама жасау;
2-тапсырма: «Ұлы Жібек жолындағы бір күн» 
деген тақырыпта әңгіме құрастыру 
3-тапсырма: «Ұлы Жібек жолы ортағасырлық 
Қазақстанның 
экономикалық 
және 
мәдени 
дамуына қалай әсер етті?» деген тақырып 
бойынша эссе жазу 
4-тапсырма: 
«Ұлы 
Жібек 
жолының 
маңыздылығы» 
деген 
тақырыпта 
балаларға 
арналған баспаға мақала жариялау; 
Дескрипторлары: 

Тарихи даталар болуы керек; 

ҰЖЖ арқылы тасымалданған тауарлар мен 
оның тармақтары жазылуы керек; 

ҰЖЖ Қазақстанның экономикалық және 
мәдени дамуына әсері қамтылуы тиіс; 

ҰЖЖ өмір сүрген кезеңдердегі өзгеріс пен 
сабақтастықты байланыстыру қажет; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кері байланыс 
(5 минут) 
Оқушылар «Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша 
қорытынды жасайды. Олар тапсырманы жұмыс 
дәптеріне орындап, сыныпқа таныстырады.

Бұл өзгеріс маңызды болды, өйткені ... 

Мынадай сабақтастық орын алды, себебі ... 
 
 
 
Үй жұмысы
Оқушыларға қазіргі кездегі маңызды сауда мен 
байланыс жолдар туралы сұқбат алуды тапсыруға 
болады.
 
Қосымша 1 
 
«Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет»
 
Ұлы Жібек жолының дамуы ерте орта ғасырлар кезеңіннен бастап отырықшы 
халықтардың тұрғын-жайларының құрылымын өзгертті. Ежелгі қоныстардың орнына 
нығайтылған бекініс-үйлер пайда болды, кейіннен олар қамалдарға айналды. 
Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын 
қалалар салынды. Олар бірнеше қорғаныс дуалдарымен қоршалды. Шахристанда негізінен 
діни ғимараттар, базарлар, ақсүйектердің, әкімдердің, ірі қолөнершілер мен 
саудагерлердің тұрғын үйлері тұрғызылды. Қалалардың экономикалық маңызы онан әрі 
артқан 
сайын 
оларға 
іргелес 
ұсақ 
қолөнершілер, 
саудагерлер, 
кедейлер 
тұратын рабаттар пайда болды. ІХ-Х ғасырларда Қазақстанда бүкіл Орталық Азиядағы 
сияқты зор сапалық өзгерістер орын алып, ХІ-ХІІ ғасырларда қала мәдениеті гүлдену 
шегіне жетті. Бұл кезеңнің қалалары 3 жеке құрылымнан тұрды: қамал, шахристан және 
рабат. Үйлер мен қорғаныс құрылыстары, қорғаныс дуалдары мен мұнаралары қам 


кірпіштен және саз балшық соқпаларынан салынды. Құрылысқа күйдірілген кірпішті 
қолдана бастау – сәулет өнерін дамыту ісіндегі ілгері дамуға жол ашты. Ғаныш ерітіндісін 
қосып күйдірілген кірпіштің өте берік болуы ғимарат төбесі құралымын жетілдіруге, 
үйлердің аумағын ұлғайтуға жағдай туғызды.
Ұлы Жібек жолы мәдениеті дәстүрін жалғастырып, Қазақстан аумағында ғасырлар 
бойы әртүрлі этностар, діндер, мәдениеттер бейбіт, келісімді өмір сүріп келгені, еліміздің 
діндер тоғысатын қасиетті мекенге айналғаны тіпті де кездейсоқтық емес. Себебі 
Қазақстан Шығыс пен Батыстың арасын жалғап тұрған еуразиялық кеңістікте: түркілік, 
мұсылмандық және славяндық, еуропалық мәдениеттердің тоғысқан жерінде орналасқан. 
Батыс пен Шығыстың аралығында орналасқан Қазақстан үшін мәдениеттер мен 
діндер диалогы идеясының берері мол. Батыс пен шығыста христиан мен ислам діні 
кеңінен иудаизм Парсы және Кавказ елдерінің шығысында тарала бастады. Ал, буддизм 
Орталық Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Ұлы Жібек жолы бойымен уағыздалды. 
Кейін будда діні Қытайға, Корея мен Жапонияға таралды. 
Қыш ыдыстар Отырар, Тараз, Талғар және Құйрықтөбе қалаларының орнынан 
табылды. Ыдыс-аяқтар шыны бояумен әрленген болатын. Зергерлік бұйымдардың 
көпшілігі Отырар, Тараз, Талғар қалалары мен жақын орналасқан зираттардан табылды. 
Асыл тастармен безендірілген зергерлік бұйымдар кеңінен таралды. Отырар, Тараз және 
Түркістан қалаларынан шыны ыдыстар табылды. Бұл ыдыстар Қазақстан жерінде шыны 
өндірісінің дамығандығын көрсетті. Металдан жасалған бұйымдар мен қарулар 
Қазақстанның көптеген қалаларында темір мен болат өндірісінің дамығандығын көрсетті. 
Олар Алматы мен Талғар қалаларынан табылды. Сонымен қатар Сырдария өзені 
бойындағы қалалар ғылым мен білімнің дамыған ошағына айналды. Әл-Фараби, Махмұд 
Қашқари, Жүсіп Баласағұни сынды ғұламалар осы өңірлерде дүниеге келген.
Дереккөз: 

Қазақстан тарихы «Көне заманнан бүгінге дейін» І том. Алматы «Атамұра» 2010ж. 

Қазақстан тарихы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына арналған 
оқулық (сынама нұсқа) / Л.А. Бердіғалиева, А.М. Ибраева, Г.Т. Қасенова және т.б. – 
Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

http://www.tarih.spring.kz/kk/timetravel/silkroad/
 
 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет