П.10:XX ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық -саяси дамуы – 1 с.
Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері. Алаш және Қоқан автономиясы билік органдарының жойылуы. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы. Алаш Орда үкіметінің қазақ ұлттық әскерінің іс-қимылдары. Қазақ аумағында әскери іс-қимылдардың тарауы. «Соғыс коммунизмі» саясаты. Алаш Орда үкіметіне амнистия жариялануы. А.Байтұрсынұлының В.И.Ленинге жазған хаттарында большевиктік идеяларын сынауы. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АССР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілік-әміршілдік тұрғыда шешілуі. ҚазАССР және Түркістан Республикасы. Мұсылман бюросы және Түрккомиссия: саяси билік үшін күрес. Біртұтас Түркістан идеясының жеңілуі. Т.Рысқұлов пен М.Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар паша және А.З.Валидов. Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы.
П.11:Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайы – 1 с. Қазақстан аймақтарына халықтарды, өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін эвакуациялау. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі. Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионының» тарихы. М.Шоқайдың Батыс Еуропадағы қуғындағы қызметі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен сабақтары. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.
П.12: Қазақстандағы «қайта құру» саясаты -1 с. Идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер. М.С. Горбачевтың реформалары. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық республикаларда туындаған ұлттық қақтығыстар. Экономикалық дағдарыс. «Қайта құру» мен «жариялылықтың» ел экономикасына әсері. Одақтық басқару жүйесі тұсында жеке мемлекеттік кәсіпорындардың ұлттық республикаларға қайтарылуы.
Д.А. Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми түрде ақталуы. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы. «Тіл туралы заңның» қабылдануы және оның маңызы. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.