П.13: Ұлттық жобалар. «Қазақстан-2030» Стратегиясы.Қазақстан астанасының көшірілуі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. 2025 жылға дейінгі «ұлттық даму жоспары».
П.14:Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары (1992-2017жж.). Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстарының құрылуымен көп партиялық жүйенің қалыптасуы. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер.
Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындылары (1999 ж., 2009ж., 2021ж.). Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі – тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың кепілі. Демократиялық үдерістердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық жүйенің енгізілуі және партиялық тізім бойынша сайлау нәтижелері. Азаматтық институттардың дамуы. Азаматтық форумдар және олардың маңызы. ҚР ақпаратсаясаты, БАҚ-ның дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды дамыту және демократияландыру жөнінде ұсыныстар дайындайтын Мәжілістің тұрақты ұйымы. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары. Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия және оның қызметі. ҚР Адам құқықтары бойынша өкілдік институтын (Омбудсмен) құру.
П. 15: Рухани даму Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы. Денсаулық сақтау ісінің нарықтық экономика жағдайына көшуі.
«Мәдени мұра», «Тарих толқынында»мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білім қорын құру.«Мәңгілік ел» идеясының негіздері. Тарихи сананы жаңғырту.
Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
«Ұлы даланың жеті қыры».