«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі 2 денгей


Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны,салдарлары.Кеңес өкіметіне қарсы шаруалар көтерілістері



бет15/28
Дата26.12.2023
өлшемі89,96 Kb.
#143850
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
77. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны,салдарлары.Кеңес өкіметіне қарсы шаруалар көтерілістері.
Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында шаруаларды кооперативтендірудің жоғары формаларына кезең-кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. Оны бір жағынан мемлекеттің қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді.
Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал малшаруашылығымен айналысатын аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуы тиіс еді. Онда жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, тек жеке мал мен құрал-жабдықтарды пайдалануға ақы төленуі керек болды. Осының нәтижесінде Қазақстандағы колхоз қозғалысы едәуір екпін алды. 1929 жылдың 1 қазанында Қазақстанда 117,7 мың жеке шаруашылық ұжымдастырылды. Келесі қараша айында өткен БК(б)П ОК-нің пленумы осы жұмыстарды қорытындылап, жекелеген облыстар алдына жаппай ұжымдастыру міндетін қойды.
Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин кірді. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде және қатар жүргізілді.
1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтың 2%-ы ұжымдастырылған болатын. Ал 1930 жылдың 1 сәуіріне қараған тұста ұжымдастыру көрсеткіші 50%-ға, қазанда 65%-ға жетті.
1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті.
Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі малшаруашылығына, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды. Ресми мәліметтер бойынша 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтеруі болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басып отырды.
Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды.
1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 пайызы, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 пайызы ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. Қазақ халқы бәрінен көп зардап шекті.
Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн. мал басы болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда небәрі 4,5, млн. ғана мал қалған еді. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды. 1929-1933 жылдары миллионға жуық адам Қазақстаннан ауып, Қытайға, Ауғанстанға, Иранға және т.б. елдерге көшіп кетті. Олардың 600 мыңы тарихи отанына оралмады. Аштық құрбандары болғандардың саны 1798,4 мың адам болып, сол кездегі қазақтың 46,8 пайызын құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет