«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі 2 денгей


Жанқожа Нұрмұхамедов және Есет Көтібаровтың бастаған азаттық көтерілістері



бет2/28
Дата26.12.2023
өлшемі89,96 Kb.
#143850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
52. Жанқожа Нұрмұхамедов және Есет Көтібаровтың бастаған азаттық көтерілістері
19 ғасырдың ортасында болған Сырдария бойындағы көтерілістің себебі: Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Көтеріліс жетекшісі – Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Көтеріліске Арал маңындағы ірі рулар қатысты.
1843 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.Жанқожа бірігіп соғысу үшін қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді. Күштерді біріктірмеу үшін генерал-майор Фитингов тобы жіберілді. 1860 жылы Жанқожа көтерілісі талқандалды. Патша әскерінің қуғындауынан Жанқожа Арал маңынан шегінуге мәжбүр болды.Арал теңізінің солтүстігінде Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс жалғасын тапты. Орынбор әкімшілігі Есет батырды ұстауды сұлтан Арыстан Жантөринге тапсырды. 1855 жылғы 8 шілдеде Есет тобы сұлтан Арыстан Жантөрин лагеріне шабуылдап, сұлтанды сыбайластарымен қоса мерт қылды. 1857 жылы наурызда тұтқынға түскен 3 қазақ атылып, 18-і Сібірге жер аударылды. 1858 жылғы қыркүйекте Есет батыр Орынборға барып, патша билігін лажсыздан мойындады.


53.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық
көтерілісі (1783-1797жж.)
Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы және ішкі алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардабы болды.
Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды. Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты.1791 жылы Нұралының өліміне байланысты Ералының хан болып сайлануы, ал Сырымның жаңа ханды мойындамауы қазақ сұлтандары мен старшындары арасында жік туғызады. Осыдан кейін Сырымның екі жақты – Орал казактарына және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді.
1794 жылғы Ералы ханның өлімі, 1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасауымен және Есім ханның өлімімен аяқталды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет