91. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты және оның нәтижелері. (1985-1989 жж.) КСРО құрамындағы одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі кезең басталды.
Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздігі мен дәрменсіздігі, қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы, партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі, заңдылықтың бұзылуы, жариялылықтың болмауы, ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте арттақалушылық, бақылаусыз басқару аппараты, инфляция, тауар тапшылығ, халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы, теңгермешілдік, әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы, ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер экономикалық дағдарысқа алып келді.
1985 жылдың көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы болып М.С. Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды.
М.С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз «командасын» жинады. Партия мен мемлекет басшылығына жаңа адамдар келді.
1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. Бұл бойынша қоғамды түбегейлі өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездету тапсырылды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді.
М.С. Горбачев саясатының ұраны: жариялық, жеделдету, қайта құру. ұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. М. Горбачев командасы экономика мәселелерін әлі бұрынғыша әмір беру әдістерімен шешуге болады деген сенімнен арылмады. Коммунистік басшылық әр республика өз шаруашылығын өзі басқаруы керек деген пікірлер мен талаптарды жершілдік, ұлтшылдық бағыттағы саяси ойын деп санады.
Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі жөніндегі декларация қабылданды. Қазақстанда одақтық заңдардан республикалық заңдардың басымдығы туралы ұстаным жария бола бастады. Қабылданған шешімдер мен қарарлар бұрынғыдай орталықтың емес, республиканың мүддесіне сай болатын болды.
1990 жылы желтоқсанда Қазақстан президенті болып Н.Ә. Назарбаев бекітілді.