«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік аттестация сұрақтарының тізімі 2 денгей


Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі. (1941-1945жж.)



бет17/28
Дата26.12.2023
өлшемі89,96 Kb.
#143850
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
тарих 2 денгей

81.Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі. (1941-1945жж.)
Ұлы Отан соғысы (22 маусым, 1941 жыл – 9 мамыр, 1945 жыл) — Еуропалық "Ось" елдерінің Кеңес Одағына, Польша мен қалған Одақтас елдерге қарсы әскери әрекет театры болған. Қақтығыс 22 маусым 1941 - 9 мамыр 1945 уақыт аралығында өтіп, шайқастар Орталық Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік-Шығыс Еуропада (Балтық елдер) және Оңтүстік-Шығыс Еуропада (Балқан) орын алған. Ұлы Отан Соғысы — Екінші Дүниежүзілік Соғысының шешуші майданы болып, нәтижесінде Нацистік Германияның құлауының басты себебі болған.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам майданға шақырылды. Майдан даласынан 394 мың боздақ қайтпай қалды. Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 14 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 6 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полк және батальондар құрылып, майданға аттанады.
Жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше орден тағылды. Олардың қатарында жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналған атақты 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы да болды.
Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандық партизан отрядтарының құрамында болып, жеңісті жақындатуға үлестерін қосты. Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркін орден және медальдармен марапатталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері атанды.
Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көгөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна мақта тапсырды. Республика ұлы жеңіске орасан үлес қосты.
Қазақстан майдан үшін қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын және көмір мен мұнай өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың жылқы мінуге берді. Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.
Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлттан тұратын Кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерлікпен көзге түсті. Халық жадында құрамында 30 ұлттың өкілі бар (бұлардың 3 мыңдайы қазақстандық) Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталады. Қазақстан жерінде жасақталған И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Мәскеуді қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін көрсетті. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ержүректік көрсеткен, өз заманында-ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар еді.
Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев тікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет