Қазақстан тарихы пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені «5В 030300 – Құқық қорғау қызметі»


Тақырып 7. XVIII ғасырдағы Қазақстан. – 2 сағ



бет9/20
Дата12.05.2023
өлшемі0,49 Mb.
#92083
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Тақырып 7. XVIII ғасырдағы Қазақстан. – 2 сағ.
Жоспар.

  1. XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстанның саяси жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары.

  2. XVI-XVIII ғ. басындағы қазақ-орыс қарым-қатынастары. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы.

  3. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның саяси дамуы.

  4. С. Датұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліс.

Дәріс тезистері.


XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстанның ішкі және әлеуметтік–экономикалық жағдайы. Қазақстанға жасалған жоңғар шапқыншылығы. “Ақтабан шұбырынды”. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының жасақтарын басқарған қолбасшылар мен идеологтар. XV-XVII ғасырлардағы қазақ–орыс қарым–қатынасының алғышарттары. XVIII ғ. бірінші ширегіндегі қазақ–орыс қарым–қатынасы. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы: тарихнамасы және деректер. Әбілқайыр хан мемлекеттік, саяси қайраткер және қолбасшы.
XVIII ғ. екінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік–саяси дамуы. Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси дамуындағы өзгерістер. Абылай хан дәуіріндегі Қазақстандағы мемлекеттілік. XVIII ғ. соңы XIX ғ. екінші жартысы аралығындағы Қазақстан және Орта Азиялық мемлекеттер. Жоңғар хандығының әлсіреуі. Қазақ – жоңғар қатынастары.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамы. Көшпелі мал өсіру – қазақ қоғамының материалдық өндірісінің негізі. Қазақ көші. Егіншіліктің даму ерекшеліктері. Қолөнердің жайы. Экономикадағы өзгерістер. Қазақтардың қоғамдық құрылымы. Әлеуметтік бөлініс. Қазақтардың Ресейдегі азаттық қозғалыстарға қатысуы. Қазақстандағы ұлт–азаттық қозғалыстың басталу кезеңінің идеологиялық ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері.
XVIII ғ. Қазақстандағы Ресей экспедициялары. Қазақ әдебиеті. Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Тәттіқара, Ұмбетей Тілеуұлы, Шал Күлекеұлы.


Тақырып 8. XIX ғасырдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. – 2 сағ.
Жоспар.

  1. XIX ғ. басындағы Қазақстанның саяси дамуы.

  2. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

  3. XIX ғ. Қазақстандағы патша өкіметінің реформалар.

  4. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістер.

  5. XIX ғ. қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы.

Дәріс тезистері.


Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. Қазақстанда хандық биліктің жойылуы. Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық жағдайының ерекшеліктері. XIX ғ. бірінші жартысындағы Ресей империясының сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақстан территориясы мен мемлекеттілігінің бүтіндігін сақтау үшін күрес. Қазақстандағы ұлт–азаттық қозғалысының ортақтық және ерекшеліктер.
Қазақстанның Ресей империясына біржола бағынуы. Патша өкіметінің XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы реформалары. Түркістан өлкесін және далалық облыстарды басқару туралы Ереже. XIX ғ. және XX ғ. бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық және саяси дамуы. Қазақстан – Ресей империясының отары. XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезіндегі этникалық процестер және олардың әлеуметтік–демографиялық сипаттамасы. Халықтың полиэтникалық құрамы: негізгі факторлары, қалыптасу негіздері, құрамы.
Орыс историографиясындағы Қазақстан. А.И.Левшин – қазақ тарихының Геродоты. Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттары. Музыка өнері. Жыраулар, айтыскерлер, сазгерлер. Материалдық мәдениет. Үй кәсіпшілігі және қолөнер. XIX ғ. 60-70 жж. оқу–ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар. Облыстық статистикалық комитеттер. Кітапханалардың ашылуы. Халық ағарту ісі: қиындықтар мен кемшіліктер. Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Біржан Қожақұлы, Ақан сері Қорамсаұлы және басқалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет