Қазақстан тарихы пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені «5В 030300 – Құқық қорғау қызметі»


Тақырып 3. Қазақстан моңғол жаулаушылығы дәуірінде. – 2 сағ



бет7/20
Дата12.05.2023
өлшемі0,49 Mb.
#92083
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Тақырып 3. Қазақстан моңғол жаулаушылығы дәуірінде. – 2 сағ.
Жоспар.

  1. Моңғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы.

  2. Ұлық Ұлыстың құрылуы. Саяси және мемлекеттік құрылым.

  3. Шағатай ұлысы мен Моғолстан.

  4. XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер: Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ұлысы, Сібір хандығы.

Дәріс тезистері.


Алтын Орда (1243 ж.-XVғ.). Моңғол империясының құрылуы. Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы. Қазақстан үш моңғол ұлысының құрамында. Батыйханның Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың құрылуы. XIV-XVғғ. ортағасырлық мемлекеттер. Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Моғолстан (XIV ғ. ортасы –XVI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Мұсылмандықтың тарауы. Темірдің Моғолстанға жорығы. Моғолстан мен Көк Орда билеушілерінің Темірге қарсы одағы. Моғолстанның Темірге вассалдық тәуелділігі.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жж.) немесе Әбілқайыр хандығы. Территориясы және этникалық құрамы. Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1459 ж.). Ноғай Ордасы (Маңғыт үйі) – XIV ғ.соңы – XV ғ.
Территориясы және этникалық құрамы. Ноғай Орданың билеушілері. Сібір хандығы (XV ғ. соңы-XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Территориясы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.


Тақырып 4. Қазақ халқының құралуы. – 2 сағ.
Жоспар.
1. Қазақ халқынның шығу тегінің антропологиялық және лингвистикалық мәселелері.
2. Қазақстан жеріндегі этниқалық процестер.
3. «Қазақ» терминінің шығу тегі.

Дәріс тезистері.


Қазақ халқының құрылуының тарихи алғышарттары. Ертедегі, ерте және дамыған ортағасырлардағы этникалық үрдістер. Моңғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Қазақ халқы қалыптасуының үрдісі. Этникалық территорияның және бірыңғай тілдің қалыптасуы. Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үрдічке ықпалы. Жазба деректерге “қазақ” терминінің тұңғыш рет кездесуі. Оның әлеуметтік мәні. “Өзбек” және “қазақ” ұғымдарының арақатынасы. “Қазақ” этнонимі осы халықтың нағыз аты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторларының әсер етуі. Жүздер – қазақтардың этнотерриториялық бірлестіктері. Ұлы, Орта және Кіші жүздерінің пайда болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет