Тақырып 9. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. – 2 сағ. Жоспар.
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
1905-1907 жж. бірінші ресейлік революцияға Қазақстанның қатысуы.
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс.
1917 жылғы Ақпан революция және Қазақстандағы демократиялық өзгерістер.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениетіні дамуы.
Дәріс тезистері.
1905-1907 жж. Орыс революциясының халықаралық маңызы және оның Қазақстанға әсері. 1905 ж. Қарқаралы петициясы. Қазақтардың Ресейдің I-III Мемлекеттік Думаларының қызметіне қатысуы. XX ғ. басындағы Қазақстандағы қоныс аудару саясаты және столыпиндік модернизация. Сауда. Жәрменкелер. Кәсіпшілік. Өнеркәсіп. Урбанизациялау процестері. Қалалардың әлеуметтік–мәдени бейнелері. Банк–ақша қатынастары. Өлкедегі сауда және қол қатынастары жағдайы. Жұмысшы кадрларының қалыптасуы. Жерді пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. XX ғ. басында Қазақстанда ұлттық–демократиялық, реформаторлық қозғалыстардың қайта көтерілуі. Қазақтың саяси, интеллектуалды, рухани элитасы (Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедов, М.Тынышпаев, Ш. Құдайбердиев т.б.).
Метрополия Ресей және отар Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыста. Қазақстандағы 1916 ж. оқиғалар: себептері, сипаты, сабақтары.
1917 ж. Қазақстан. Ұлт–азаттық және ұлттық демократиялық қозғалыстар. Ресейдегі буржуазиялық–демократиялық революция, оның Қазақстанға жасаған ықпалының ерекшеліктері. Кеңес органдарының құрылуы. 1917 ж. көктемі мен жазындағы саяси партиялар мен ағымдар.
Жаңа заман кезіндегі ұлттық идея мен ұлттық мемлекеттіліктің эволюциясы. XVIII ғ. басынан XX ғ. бас кезіне дейінгі аралықта қазақ халқының өзіндік ұлттық санасының өсуі. Дүние жүзі халықтарының жаңа замандағы ұлттық қайта өрлеу тарихи тасқынындағы Қазақстанның орны.
XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы Қазақстандағы мәдениетінің ағартушылық және реформаторлық бағыттар. Қазақ халқының материалдық және рухани мұраларының әлемдік мәдени мұрадағы орны. Қазақ халқының білімді және білікті элитасының мұралары.