Дәрістік жинақ. Тақырып 1. Ерте замандағы Қазақстан. – 2 сағ. Жоспар.
Қазақстан тарихы пәнінің заты, мақсаттары және периодизациясы.
Тарихқа дейінгі кезеңіндегі Қазақстан.
Қазақстан жеріндегі ертедегі тайпалық бірлестіктер.
Қаңлы, ұйсіндер, ғұндар мемлекеттері.
Дәріс тезистері.
Палеолит (ерте тас ғасыры). Адамның пайда болуы (антропогенез). Мезолит (орта тас ғасыры). Тұрмыста садақ пен жебенің пайда болуы. Тас еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Мезолиттің тарихи орны.Неолит (жаңа тас ғасыры). “Неолит революциясы”. Дайынды иемденуден шаруашылықтың өндіруші формасына өту. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы.
Матриархаттық–рулық қоғамның дамуы. Энеолит (мыстытас ғасыры).
Қола дәуірі (б.з.б. XVIII-IX ғғ.). Жалпы сипатамасы және кезеңдерге бөлудің дамуы: малды бағып өсіру, жайылымдық–жайлауда өсіру, көшпелі мал өсірушілікке ауысу. Патриархат. Мүлік теңсіздігі, жеке отбасының пайда болуы. Қазақстан территориясындағы Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеті.
Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б.з.б.VII-III ғғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай өту. Ассирия, Мидия, Парфия, Иранмен байланыстар.Үйсіндер және қаңлылар (б.э.б. II - б.з.V ғғ.). Үйсіндер мемлекеті Жетісуда, қаңлылар мемлекеті Сырдарияда. Соғыс жүйесі. Соғыс және мемлекеттік ұйымдардың негізі – рулық–тайпалық құрылым. Ғұндар. Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя (б.з.б.III - б.з.I ғ.). Ғұн тайпаларының батысқа миграциясы. Ғұндардың Шығыс және Орталық Қазақстанда Юебань мемлекетін құруы (б.з.б.III - б.з.Vғғ.).
Тақырып 2. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан (VI-XII ғғ.) . – 2 сағ. Жоспар.
Түріктердің ежелгі тарихы. Түрік қағандығының құрылуы.
VI-XII ғғ. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның мемлекеттері.
VI-XII ғғ. Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан.
Ежелгі түрік мемлекеттерінің материалдық және рухани мәдениеті.
Дәріс тезистері.
Түрік қағанаты (552-603 жж.). Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Қазақстан Түрік қағанатының құрамында. Батыс–Түрік қағанатының (603-704 жж.) саяси тарихы. Соғыс–әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы. Тайпалық иерархия. Батыс–Түрік қағанатының әлсіреуі. Түркеш қағанаты (704-756 жж.). Түркештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Түркеш қағанатының құлауы. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Мемлекеттің Жетісуда құрылуы. Басқарудың соғыс–әкімшілік сипаты. Шаруашылығы. Қалалары мен қоныстары. Рухани мәдениеті. Оғыздар. Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы-XI ғ. басы). Оғыздар мемлекетінің құрылуы. Оғыздардың қимақтармен, қарлұқтармен, хазарлармен, болғарлармен этносаяси байланыстары. Тайпалық құрамы және орналасуы. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы, қоныстары, қалалары. Сауда мен қолөнердің дамуы. Қимақ қағанаты (IX ғ. соңы-XI ғ. басы). Мемлекеттің құрылуы. Қимақтардың, қыпшақтардың, құмандардың тайпалық бірлестіктерінің қимақтар қағанынан саяси тәуелділігі.. Қоғамдық құрылысы, шаруашылық типтері, қалалары, сауда.
Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XI ғ. басы-XIII ғ.). Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қашғар мен Жетісу территорияларында қағанаттың пайда болуы. Қазақстандағы тұңғыш мұсылман мемлекеті. Көшпелі дәстүр және отырықшы егіншілікпен мұсылман мәдениетін игеру. Қала және сауда. Егіншіліктің, отырықшылықтың дамуы. Қарақытай (1128-1213 жж.). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың басып алуы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Найман мен кереит ұлыстары (XII ғ. басы- XIII ғ.). Орталық Азияда наймандар мен кереиттер конфедерациясының қалыптасуы. Қоныстануы. Шыңғысханның кереиттер мен наймандар ұлыстарын талқандауы. Наймандардың Жетісуда өрлеуі.
Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы-1224 ж. «Дешті Қыпшақ» термині уақыт пен кеңістікте. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және оның иерархиясы. Көрші халықтармен, мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. XI-XII ғғ. Қыпшақ хандығында қазақ халқының этникалық негізі қалыптасуы. Қыпшақ халқының өзінің қалыптасу құрамының аяқталу кезеңін Шаруашылығы. Тілі. Мәдениеті.
VI- ХII ғғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі. Көшпелі өркениет, оның дамуының өзіндік ерекшкліктері. Шаруашылық–мәдени типтері: мал бағу, егіншілік. Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан территориясындағы тармақтары. Дала мен қала. Ерте түрік жазуы және түрік мәдени ескерткіштері. Христиандық, ислам және мұсылман мәдениетінің тарауы: буддизм, манихейлік. Ауызша шығармашылық және жазбаша мұсылман түрік мәдениеті. Ғалымдар мен ойшылдар Махмуд Қашғаридің, Жүсіп Баласағүнның, Ахмед Жүгенекидің, Қожа Ахмед Яссауидің еңбектері.