Тақырып 5. XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы. –2сағ. Жоспар.
Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандарының саясаты.
XVI ғасырдағы Қазақ хандығы.
XV-XVI ғғ. Қазақ хандығының материалдық және рухани мәдениеті.
Дәріс тезистері.
Қазақ хандығының құрылуы (1466 ж.). Керей мен Жәнібек алғашқы қазақ хандары. Бұрындық пен Қасымның Шайбаниге және Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Қазақ хандығының күшеюі. Мұхаммад Шайбанидің қазақ хандығына қарсы жорықтары. Шайбани ханның өлуі. Қасымхан тұсында хандықтың территориясының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың екінші шірегіндегі Қазақ хандығы. Тақ үшін күрес. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым–қатынасы. XVI ғ. ортасына қарай хандықтың әлсіреуі. Қазақ–ноғай қатынастары.
XVI ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығы. Хақназардың басқаруы. Қазақ–ойрат қатынастары. Қазақ–ноғай байланысы. Қазақ хандығы және Мавераннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхар мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Ташкент көтерілісінің Қазақ хандығы мен Мавераннахрдың өзара қарым–қатынасына әсері. Аштарханидтердің Орта Азиядағы билік басына келуі.
Тақырып 6. XVII – XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы. – 2 сағ. Жоспар.
Қазақ хандығының әлеуметтік-саяси дамуы.
Қазақ хандығының ішкі құрылым және құқықтық қатынастар.
XVII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар агрессиясына қарсы күресі.
Дәріс тезистері.
XVI ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік–экономикалық және саяси жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ–жоңғар қатынастары. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ–жоңғар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ қоғамында батырлар мен билердің ықпалының өсуі. Жәңгір тұсындағы Қазақ хандығы. Тәуке ханның басқаруы. Қазақ–жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның “Жеті Жарғысы”. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Халықтың рухани мәдениеті. Әдет–ғұрпы және нанымы. Халықтың ауызша шығармашылығы. Ойшылдар. Ақындар және жыраулар: Майқы би, Асан Қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марғасқа, Ақтамберді. Олардың мұраларының негізгі идеялары. Қазақстанның қалалық мәдениеті. Тарихты ауызша айту (тарихи дәстүр), оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарихнама, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.