Қазақстан тарихы пәні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені «5В 030300 – Құқық қорғау қызметі»



бет1/20
Дата12.05.2023
өлшемі0,49 Mb.
#92083
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
УМКД-каз.Қазақстан тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ




ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«5В 030300 – Құқық қорғау қызметі» «5В 010300 – Педагогика және психология» «5В 090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандығы

Қостанай 2014


ПОӘК мазмұны

Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы


Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
ПОӘК-не өзгертулерді қосу туралы мәліметтер
Пән бойынша оқу бағдарламасы (Syllabus)
Пән зерттеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің картасы
Дәрістік жиынтығы
Білім алушылардың өзіндік жұмысын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету (білім алушылардың өзіндік жұмысына арналған материалдар)
Білім алушылардың оқу жетістіктерді бағалау және бақылау бойынша материалдар
Оқу сабақтарында бағдарламалық және мультимедиялық қолдануы (пән мазмұнына байланысты)
«Қазақстан тарихы» пәнінің тыңдаушыға арналған оқу бағдарламасы (Syllabus) ҚР БжҒМ 2005 жылдың 11 мамырындағы № 289, 12 шілдедегі № 480 бұйрықтарымен бекітіліп және енгізген курсының типтік оқу бағдарламасына толығымен талапқа сай құрастырылған

Құрастырған: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі


А.Видершпан
Кафедра аға оқытушысы, тарих магистрі полиция капитаны
Б.Алпеисов

«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылған және талқыланған. 2014 ж. 17 маусым № 20 Хаттамасы.


Кафедра бастығы


философия ғылымдарының
кандидаты
полиция полковнигі Д.Тойматаев

«5В 030300 – Құқық қорғау қызметі» «5В 010300 – Педагогика және психология» «5В 090500 – Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша МЖМБС, үлгілік бағдарлама негізінде әзірленген.


«Қазақстан тарихы» пәнінің тыңдаушыға арналған оқу бағдарламасы (Syllabus) ҚР БжҒМ 2005 жылдың 11 мамырындағы № 289, 12 шілдедегі № 480 бұйрықтарымен бекітіліп және енгізген курсының типтік оқу бағдарламасына толығымен талапқа сай құрастырылған
ПОӘК-не өзгертулерді қосу туралы мәліметтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
СИЛЛАБУС

Мамандық: «5В 030300 – Құқық қорғау қызметі» «5В 010300 – Педагогика және психология» «5В 090500 – Әлеуметтік жұмыс»


Кредит 3 (135 сағат) көлемі


Қостанай 2014


Кіріспе

Құрастырған: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты полиция подполковнигі


А.Видершпан
Кафедра аға оқытушысы, тарих магистрі полиция капитаны
Б.Алпеисов

Қазақстан тарихы пәннің (Syllabus) оқу бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Академияның Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, бекітілді.


2014 ж. 9 шілде № 12 хаттамасы
«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылған және талқыланған.
2014 ж. 17 маусым № 20 Хаттамасы.

Курстың сипаттамасы


Пән зерттеу мақсаты: Қазақстан тарихы егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасы территориясында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың ескерткіші. Қазақстан тарихы бүкіл адамзат тарихының толық мықты бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Евразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтары тарихы, Орталық Азия елдерімен үштасып жатады. Қазақстан тарихы – Қазақстанның территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.
Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері “Қазақстан тарихы” оқу пәнінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, қлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.
Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық континент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте–бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды мңндеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Сондықтан да бұл еліміздің барлық жоғары оқу орындарының (ЖОО) оқу жоспарларына енгізілді. Студенттер жоғары білім дипломын алу үшін мамандық пәні сияқты Отан тарихынан да мемлекеттік емтихан тапсырады. Мұның өзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушыларға да, студенттерге де, ЖОО басшыларына да үлкен міндеттер жүктейді.
Алғашқы кезеңде теориялық негізді жаңарту, оқу материалын дайындаудың әдіснамасы мен әдістемесін жасау қажет. Мұның өзінде де тарих саласындағы барлық ізденістерді тұтас қамтитын, сапалы деп есептелінетін бірғана әмбебап теорияны басшылыққа алудан, сондай–ақ тарихи зерттеуде бірқатар жеке мәселелерді ғана қарастырудан аулақ болған дұрыс. Бұл жағдайда ең тиімді тәсіл, біздің ойымша, қазіргі тарих ғылымының теориялық нәтижелеріне сүйене отырып, Отанымыздың өткенін, қазіргісін және келешегін бүкіл адам баласы дамуын қазіргі жалпы маңызды таным нормалары пронципін сақтай отырып, тұтас қарастыру.
Студенттердің оқу материалын меңгеру әдістемесі мен олардың алған білімін бағалау жүйесі төмендегідей параметрлерге негізделуі керек:
1.Отан тарихының даму динамикасына (қозғаушы күштері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму заңдылықтары).
2.Қазақстан тарихының құрылымына, оны дәуірлерге және әлеуметтік–кеңістікке бөлуге (бөлімдер, фазалар, стадиялар, формациялар, өркениеттер, дүниежүзілік системалар).
3.Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (өтпелік, трансформациялық, үлкен циклдер, пргресс пен регресс, эволюция).
Осы типтік бағдарламаның тағы бір міндеті, студенттердің Қазақстан тарихын дүниеге ғылыми көзқарас деігейінде комплексті қабылдауына жағдай жасау. Мұның практикалық жағы, студенттердің жақсы көрсеткіштерге, конструктивті нәтижелерге жетуін қамтамасыз ету. Әрине, авторлар бағдарламаға қатысты мәселелердің бәрі айтылды, айтылғандар бәрімізге де міндетті деген пікірден аулақ. Бағдарламаны пайдаланушылар оған шығармашылықпен қарайды, соның негізінде өздерінің жұмыс бағдарламаларын, силабустарын жасайды.
Оқытудағы Кредиттік технологияның ерекшеліктерін ескере отырып, бұл типтік бағдарламаның мазмұны бөлімдері бойынша емес блоктар бойынша беріліп отыр, олар Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу принципіне сүйеніп жасалған.
Оқу жоспары бойынша сағаттың саны:

Курсы

Семестрі

Кредит саны

Сағат бойынша жалпы көп еңбектігі

Сабақ түрлері мен семестр бойынша академиялық сағатын тарату



Қорытынды бақылау түрі

Дәрістер

Семинарлық сабақтар

Практикалық сабақтар

Курстық жұмыс

ТӨОЖ

ТӨЖ




1

1

3

135

30

15







30

60

Мемлекеттік емтихан





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет