Қазақстан тарихы пәні бойынша тест жинақтары 1-нұсқа Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі а темір в ағаш с қола д мыс е тас дәуір


-нұсқа 1.XI ғасырларда сәулет өнерінде – терракота: А) Күйдірілген балшық В) Гипс С) Әйнек плиткалар D) Өрнектелген кірпіш



бет14/25
Дата18.02.2023
өлшемі102,83 Kb.
#69047
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
16-нұсқа
1.XI ғасырларда сәулет өнерінде – терракота:
А) Күйдірілген балшық В) Гипс С) Әйнек плиткалар D) Өрнектелген кірпіш Е) Саз балшық
2.X-XII.ғ Бабаджа-қатын және Айша бибі кесенелері
А) Отырарда В) Сығанақта С) Таразда D) Алмалықта Е) Испиджабта
3.VI-IX ғасырларда түріктердің қалалық мәдениеті дамыған аймақ
А) Батыс Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Шығыс Қазақстан D) Орталық Қазақстан Е) Батыс, Шығыс Қазақстан
4.Оңтүстік Қазақстанда маңызды сауда орталығы болған “көпестер” қаласы атанған қала
А) Тараз В) Суяб С) Испиджаб D) Алмалық Е) Сығанақ
5.Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан мен Жошы кесенелері қай ғасырдың сәулет өнерінің ескерткіші
А) XVI-XVII ғ. В) XIII-XIV ғ. С) XIV-XVғ. D) XV-XVI ғ. Е) XVII-XVIII ғ.
6.Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім:
А) зооморфтық үлгі В) зороастралық фарн С) зекет D) тотемизм Е) анимизм
7. «Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды:
А) 633-648 ж.ж. В) 709-714 ж.ж. С) 727-738 ж.ж. D) 747-758 ж.ж. Е) 737-748 ж.ж.
8.Орта Азия мен Қазақстанға ислам діні кеңінен тарай бастады:
А) Арабтардың келуімен В) Қарлұқтардың келуімен С) Қытай әскерлерінің келуімен D) Отқа табынуға байланысты Е) Оғыздардың келуімен
9.Ғылыми зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда, ертедегі діни наным дәстүрлері кең тараған аймақ:
А) Батыс В) Жетісу С) Шығыс D) Солтүстік Е) Сібір
10.Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастаған уақыты:
А) 520 ж. В) 620 ж. С) 633 ж. D) 533 ж. Е) 733 ж.
11.714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы:
А) Күтейба ибн Муслим В) Насыр ибн Сейяр С) Хаукәл D) Фадлан Е) Масуди
12.Х ғасырда ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет:
А) Қарлұқ В) Қыпшақ С) Қарахан D) Оғыз Е) Түргеш
13.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазған араб ғалымы:
А) Хаукәл В) Масуди С) Әл – Макдиси D) Әл- Марвази Е) Идриси
14.Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін:
А) Христиан В) Будда С) Зороастризм D) Ислам Е) Ламаизм
15.Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастаған уақыт:
А) VII ғ. В) VIII ғ. С) IX ғ. D) X ғ. Е) XI ғ.
16.Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл:
А) қазақ В) араб С) парсы D) түрік Е) қыпшақ
17.Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген белгілі ғұлама:
А) Әл-Фараби В) Әл-Бируни С) М. Қашғари D) Ж. Баласағұни Е) А. Йасауи
18.М. Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра:
А) «Түрік тілдерінің сөздігі» В) «Құт негізі - білік» С) «Ақиқат сыйы» D) «Даналық кітабы» Е) «Оғызнама»
19.Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы:
А) Әмір В) Мырза С) Бек D) Ұлы хас – хажип Е) Ғалым
20. «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама:
А) Әл-Фараби В) Әл-Бируни С) М. Қашғари D) Ж. Баласағұни Е) А. Йасауи
21. «Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер» деген қазақ мақал-мәтелі қай ғұламаның еңбегінде кездеседі:
А) Ж. Баласағұни В) М. Қашғари С) А. Иүгінеки D) А. Йасауи Е) Әл-Фараби
22.Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын:
А) А. Йасауи В) А. Иүгінеки С) Рашид ад-Дин D)Әбілғазы Е) С.Бақырғани
23.Халықты инабатты болуға, адал өмір сүріп, арамдықтан аулақ болуға шақырған Қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған дастан:
А) «Ақиқат сыйы» В) «Қорқыт ата» С) «Оғызнама» D) «Құтадғу білік» Е) «Диуан-и хикмет»
24.VIII-IX ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:
А) Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы В) Соғды жазуы кең тарады С) Араб билеушілерінің тыйым салуы D) Орыс әліпбиі кең тарады
Е) Парсы жазуы кең тарады
25.Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты:
А) б.з.б. І мың жылдығы В) б.з.б. ІІ мың жылдығы С) б.з. І мың жылдығы D) б.з.ІІ мың жылдығы
Е) көне түрік жазуы болған жоқ
26.Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны:
А) 100 астам В) 200 астам С) 300 D) 400 Е) 500
27. «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастанының қағазға түсе бастаған уақыты:
А) VIIIғ. В) ІХ ғ. С) Х ғ. D) ХІ ғ. Е) ХІІғ.
28. «Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады:
А) 10 В) 11 С) 12 D) 13 Е) 14
29.Қорқыт атаның туған жері:
А) Қазақстан В) Өзбекстан С) Иран D) Шаш Е) Египет
30.Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері:
А) «Күлтегін», «Тоныкөк» В) «Ақиқат сыйы» С) «Даналық кітабы» D) «Жүсіп-Зылиқа» Е) «Құт негізі-білік»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет