Қазақстан тарихы пәнінен жалпы мектеп сынып оқушыларына арналған қорытынды аттестаттау тапсырмалары нұсқа



бет1/31
Дата12.05.2023
өлшемі1,92 Mb.
#92557
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Қазақстан тарихы пәнінен жалпы мектеп 9 сынып оқушыларына арналған қорытынды аттестаттау тапсырмалары
1 нұсқа
1. I Дарий әскерін шөл далаға апарып қырған сақ малшысы:
A) Спаргапис.
B) Бахтияр.
C) Шырақ
D) Шарыш.
2. Орда Ежен хандығын үйсін руынан шыққан қандай би арқылы басқарған?
A) Майқы би
B) Төле би
C) Айтық би
D) Қазыбек би
3. Қасым хан тұсында Қазақ хандығындағы адамдар саны шамамен:
A) 500 000
B) 800 000
C) 1 000 000
D) 3 000 000
4. 1916 жылғы 11 тамызда 5 мыңдай көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап жәрмеңкені басып алды. Бұл қай жәрмеңке?
A) Қарқара жәрмеңкесі
B) Әулиеата жәрмеңкесі
C) Тоқмақ жәрмеңкесі
D) Верный жәрмеңкесі
E) Мерке жәрмеңкесі
5. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және ең жоғары билеушісі.
A) Жабғу
B) Қаған
C) Қонтайшы
D) Хан
6. 1860 жылы Қазандағы орыс әскерлері мен Қоқан әскері арасындағы үш күндік шайқас болып өткен жер:
A) Іле бойында
B) Қастек бекінісінде
C) Ұзынағаш түбінде
D) Верный түбінде
7.Қазақ КСР Ғылымакадемиясыныңалғашқы президенті:
A) С. Асфендияров.
B) Қ.Сәтбаев
C) М.Айтхожин.
D) Д. Қонаев.
8. “Ресей – кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда – Мәскеу,”- деген өшпес сөзді айтқан:
A) В.Фурсов.
B) И.В.Панфилов.
C) В.Клочков.
D) Б.Момышұлы.
9. 1943 жылы жарық көрген "Қазақ КСР тарихы"атты еңбектің авторларының бірі:
A) Қ. Жұмалиев.
B) Ә. Марғулан.
C) М. Әуезов.
D) Е. Бекмаханов.
10. Қазақстанның қай жерінен түрік жазбалары табылды?
A) Солтүстік Балқаш өңірінде.
B) Талас өзені маңындА)
C) Орталық ҚазақстандА)
D) Арал маңындА)
11. Зороастризм дінін VІ-VІІ ғ.ғ. Қазақстан қалаларында таратқан:
A) Түріктер
B) Соғдылар
C) Қытайлар
D) Индустар
12. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан қазақ сұлтаны
A) Досалы
B) Иман
C) Дәуқара
D) Жанқожа
13. 1867-68жж. «Ереженің» ең негізгі түйінді жері.
A) Әскери губернатордың облыстағы казак әскерінің атаманы болып есептелуі
B) Әскери соттардың құрылуы
C) Түркістан генерал –губернаторлығының таратылуы
D) Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолына шоғырлануы
14. М. Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген туындысы:
A) «Қартқожа»
B) «Терме»
C) «Азамат»
D) «Бақытсыз Жамал»
E) «Ақ жол»
15. ХХ ғ. 60 ж. ғылыми техникалық-прогресс негізінде электротехникалық машина жасау жөніндегі пайда болған ірі кәсіпорындардың бірі:
A) Шымкент қорғасын зауыты.
B) Өскемен конденсатор зауыты.
C) Шымкент гидролиз зауыты.
D) Ақтөбе трикотаж фабрикасы.
16. Қостанай облысының аумағында дүниеге келген Ыбырай Алтынсарин(1841-1889 жж) көрнекті педагог, жазушы, фольклоршы, этнограф әрі қоғам қайраткері, қазақ халқының білім көкжиегін кеңейтуде, ағарту саласында аса зор рөл атқарған. Қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында өшпес із қалдырды. Атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленген. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды.1857 жылы Орынбор шегара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген, орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйлей білген. Педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы Я. Коменскийдің еңбектері оң әсерін тигізді.
І. Ы. Алтынсариннің жастарды оқу-білімге шақырған еңбегі қалай аталады?
А)«Кел, балалар, оқылық»
В)«Әй, жігіттер»
С) «Азған елдің билері»
Д) «Ана»
ІІ. Ы.Алтынсариннің ықпалымен ашылған мектеп.
А)дарынды балаларға арналған мектеп
В) орыс балаларына арналған мектеп
С) арнайы тіл дамытуға арналған мектеп
Д) қазақ қыздарына арналған мектеп
[2]
17. Қазақтың әншілік өнерін әлемге танытқан Әміре Қашаубаев (1888-1934 жж) Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Өзін алғаш рет кәсіби жағынан сынап көруі қазақ ауыз шығармашылығының өзіндік фестивалі болған Қоянды жәрмеңкесінде ән салуы еді.Белгілі қазақ әншілері Ғаббас Айтбаевтың, Қали Байжановтың әндерін тыңдап, сазгер Жаяу Мұсамен танысқан Әміре өз шеберлігін жетілдірудің қажет екендігін сезінді. Ол өз репертуарын байытып,Семейге кәсіби әнші ретінде оралды. 1927 жылы сәуірде Әміре Мәскеуде, шілдеде Майндағы Франкфуртта концерт берді. 1933 жылы ұйымдастырылған Музыкалық студияға Әміре алғашқылардың бірі болып жазылды. 1934 жылы күзде талантты әнші қайтыс болды.
І. Әміре Қашаубаевтың Германияда өнер көрсеткен жылы
А)1925 жыл
В)1927 жыл
С) 1929 жыл
Д)1930 жыл
ІІ. Әмірені халық арасында танымал еткен Қарқаралыдағы жәрмеңке.
А)Ойыл
В) Қоянды
С) Қарқара
Д) Темір
[2]
18. Кестеде берілген мәліметтерді толықтырыңыз.

[6]
19. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілерін атаңыз.

1

2

3

[3]
20. Кестені қажетті мәліметпен толықтырыңыз.ХХ ғасыр басындағы басылымдар:

1

Газет журнал атауы

Жетекшілер



2

«Қазақ» газеті




3

«Айқап» журналы




[2]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет