Қазақстан тарихы пәнінен жалпы мектеп сынып оқушыларына арналған қорытынды аттестаттау тапсырмалары нұсқа


Қазақстан тарихы пәнінен лицей, гимназия 9 сынып оқушыларына арналған қорытынды аттестаттау тапсырмалары



бет6/31
Дата12.05.2023
өлшемі1,92 Mb.
#92557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Қазақстан тарихы пәнінен лицей, гимназия 9 сынып оқушыларына арналған қорытынды аттестаттау тапсырмалары
4 нұсқа
1.756 жылы Жетісуда келген қағанат:
А) қарлұқ
В) түркеш
С) оғыз
Д) түрік
2. Ислам дінінің таралуына байланысты түріктерде тыйым салынған дәстүр:
А) жануарды қолға үйретуге
В) адамды бейнелеуге
С) өзге діндерді қабылдауға
Д) көшпелілікті тоқтатуға
3. Омбы кадет корпусында білім алған белгілі ағартушы ғалым:
А) Ыбырай Алтынсарин
В) Абай Құнанбайұлы
С) Әлихан Бөкейханов
Д) Шоқан Уәлиханов
4. Қазақ халқының негізгі баспанасы-киіз үйдің негізгі бөліктері:
А) шаңырақ уық, сықырлауық
В) басқұр, ши, сықырлауық
С) шаңырақ, уық, кереге
Д) кереге, уық, басқұр
5. Күйдірілген кірпіштен салынған Тараз маңындағы кесене:
А)Алаша хан
В) Бабаджа-қатын
С) Қарахан
Д) Қожа Ахмет Иасауи
6. Абай Құнанбайұлының А)Пушкиннен аударған дастаны:
А) «Евгений Онегин»
В) «Теректің сыйы»
С) «Қанжар»
Д) «Жалау»
7. Отырар(Фараб) қаласында дүниеге келген ғұлама:
А) Жүсіп Баласағұни
В) Әл Фараби
С) Махмұт Қашқари
Д) Әбу Райхан Бируни
8. 1867-1868 жж әкімшілік реформалар бойынша Жетісу облысы құрамына кіретін уездер:
А) Қазалы, Перовск, Түркістан
В) Семей, Өскемен, Қарқаралы
С) Қапал, Верный, Тоқмақ
Д) Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай
9. Қазақстанның 1992 жылы қабылданған мемлекеттік елтаңбаның авторының бірі:
А) Ш. Қалдыаяқов
В) Ж.Нәжімединов
С) Ш. Ниязбеков
Д) Ш.Уәлиханов
10. 1837-1847 жж қазақ халқының көтерілісін бастаған тұлға:
А) Сырым Датұлы
В) Кенасары Қасымұлы
С) Исатай Тайманұлы
Д) Жанқожа Нұрмұхамедұлы
11. Невель қаласы үшін шайқаста қаза болған Мәншүк Мәметованың соғыста атқарған қызметі:
А)пулеметші
В) мерген
С) минометші
Д) барлаушы
12. Қыпшақтардың ақ киіз үйі, оюлы түсті киіз басқаны туралы деректі жазған Еуропа саяхатшысы:
А) Жубейни
В) Гардизи
С) Рубрук
Д) Марвази
13. 1897 жылы Ресей империясында қазақ даласына қатысыты болған оқиға:
А) өнеркәсіп орындарын ашты
В) халық санағы болды
С) алғашқы оқу орнын ашты
Д) хандық сайлау өткізді
14. Х-ХІІІ ғасырларда халықаралық сауда мен ішкі саудадағы басымдылығымен ерекшеленген қалалар::
А) Алмалық пен Фараб
В) Талғар мен Қойлық
С) Испиджаб пен Тараз
Д) Сығанақ пен Сауран
15. ХІХ ғ теңізде жүзу ісі дамыған аймақ:
А) Балқаш
В) Арал
С) Ертіс
Д) Каспий
16. Суретте берілген тұлға туралы мәлімет жазыңыз:



[5]
17. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себептерін анықтап, жазыңыз:



18. Тарихи диктант. Мәтінде берілген мәліметтегі бос орындарға қажетті деректерді жазыңыз.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігі туралы заң қабылдады. 1992 жылы 2 наурыз_____________ мүше болып қабылданды. 1992 жылы 2 шілдеде Хельсинки қаласында Еуропа Ынтымақтастық және Қауіпсіздік кеңесі хаттамасына қол қойды. Халықаралық Валюта қорының келісім беруімен 1993 жылы 15 қарашада _______________ қабылданды. _____________________ еліміздің ең басты заңы Ата Заңы Конституциясы өз күшіне енді. 1997 жылы қазанда ел президенті __________________мемлекет дамуының жаңа кезеңін анықтап берген ________________________ бағдарламасын қабылдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет