Қазақстан тарихы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені білім беру бағдарлама Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған


Көрнекілік және үлестірме материал



бет56/82
Дата20.12.2023
өлшемі6,27 Mb.
#141352
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
kazakstan tarih paninen oak 2022zh (1)

Көрнекілік және үлестірме материал: Слайд, иллюстрациялық материалдар
Ұсынылатын оқу тізімі:
1. 1.Қазақстан тарихы. (Көне дәуірден 2005 жылдың басына дейін) Ч.Мусин. Алматы, 2005ж.
2. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. Т.3. Алматы: Алматы кітап,2010 – 312с.
3. Артықбаев, Ж. Қазақстан тарихы: Оқулық Астана: Фолиант, 2013.- 360 б


Бақылау сұрақтары:
1.ХУІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстанға жер аударылған орыс ғалымдары және олардың қызметі?
2.ХУІІІ ғ. жыраулардың шығармаларына арқау болған негізгі тақырып?
3.Қазақ күйші-композиторлары?


Дәріс 8. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы


Дәрістің мақсаты: ХХ ғасыр басында Қазақстанның әлеуметтік-саяси жағдайына қатысты мәліметтер баяндау. Отарлық саясатқа қарсы алғашқы қазақ зиялыларының қалыптасуы мен олардың қызметіне баға беру.
Түйінді сөздер: Интеллигенция, Дума, революция, әлеумет, Столыпин реформасы, қоныстандыру саясаты.
Күтілетін нәтижелер:Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына тән ерекшеліктерді түсінеді. Қоныстандыру саясаты негізінде елдегі демографиялық жағдайды анықтайды.Қазақ интеллигенциясының қалыптасуына әсер еткен факторларды талдайды.
Негізгі сұрақтар:
1 ХХ ғасыр басында Қазақстанда саяси өмірдің жандануы
2.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
3.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» Жарлық


Қысқаша мазмұны
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.
«Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті
Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын.
1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.
XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.
Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді.
XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ, зиялы қауым – қазақ қоғамындағы әлеуметтік топ (қ. Интеллигенция). Дәстүрлі қазақ қоғамында алғашқы зиялы қауым өкілдері ақын-жыраулар, шешен-билер, абыздар, т.б. болды. Олар өз кезеңінде ел билеушілерге сенімді кеңесшілер бола білді. Асан Қайғыдан Бұқар жырауға, онан Абайға дейінгі қазақ ойшылдары мен ақындары қазақ қоғамының ақыл-ойының негізін қалады.
XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді.
ХХ ғасырдың басында жаңа идеяларды алып келген тарихи тұлғалар қатарына Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышпаев тағы басқаларды атаймыз.
Ресейдегі 1905 жылғы күздегі шаруалардың жаппай көтерілісінде жұмысшы табының беделі мен азаттық қозғалысындағы басшылық рөлі артты. Сондықтан,патша өкіметі жиі толқулар ошағы болған аймақтардан Қазақстанға 1907 - 1912 жылдары Еуропалық бөліктерінен 2 млн 400 мың адамды қоныстандырды. 1917 жылға дейін 45 млн. десятина ең құнарлы дейтін жерлерді қоныс аударшыларға жергілікті тұрғындардан тартып алынып, оларды таулар мен құнарсыз жерлерге ығыстырды. Суы жоқ, мал жаятын шабындықтың болмауынан қазақ - қырғыз халқының кедейленген тобыры пайда болды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтармен орыс - украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды одан әрі шиеліністіріп, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. Сонымен қатар 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Одан әрі патша чиновниктері және жергілікті әкімдердің, байлардың зорлық - зомбылығы күшейіп, Қазақстанда отарлауды күшейте берді:
Жергілікті халықтан алынатын салық 3 - 4 есе көбейді;
Шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді;
Әскерлердің қажетін қамтамасыз ету үшін киіз алынды;
Жығып - құруға өте ыңғайлы киіз үй т.б;
Әскери салық ретінде әрбір отбасы 1 сом 84 мөлшерінде төлеуге міндетті болды.
Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 ж маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор - Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. 1916 ж қаңтар айында Верный, Семей қалаларында, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларында қанаушы мен қаналушы таптар арасындағы қарама - қарсылық бір - біріне қарсы шығу бұқаралық сипат алды. Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 - маусымдағы жарлығы “Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереженің” қабылдануы әлеуметтік жағдайы мүшкіл топтың наразылығын күшейтті. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді.
Қазақстандағы қозғалыс ұлт - азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал - байларға қарсы бағытталды. Қазақ демократияшыл зиялыларының қызметі. Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық - либералдын бағыттағы алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша өкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді, күрестің бейбіт саясы әдістерін жақтады. Себебі патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне, төтеп бере алатындай қазақ халқының қырғынға ұшырайтынын білді.
Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты - Жетісу облысында Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев; Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин; Ақмола облысында Ә. Майкөтов; Бөкей даласында С. Меңдешев; Ақтөбе облысында Б. Алманов; Сырдария облысында Т. Рысқұлов; Орал облысында Ә. Әйтиевтер басқарды. 1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу.
Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет