Қазақстан тарихы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені білім беру бағдарлама Бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларына арналған


Көрнекілік және үлестірме материал



бет61/82
Дата13.12.2022
өлшемі6,27 Mb.
#56945
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
Байланысты:
kazakstan tarih paninen oak 2022zh

Көрнекілік және үлестірме материал:Слайд, кесте-сызбалар, тест сұрақтары
Ұсынылатын оқу тізімі:
1.Аяған, Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014) [Мәтін]: Ғылыми-танымдық басылым / Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов.- Алматы: Атамұра, 2014.- 336 б.
2. Қазақстан тарихы. У том. Алматы, 2010ж.
3.О.Сүлейменов «АЗия», Алматы, 1992 ж
4.Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.
Бақылау сұрақтары:
1.1943 жылы Алматыда жарық көрген Қазақ КСР тарихы атты еңбектің авторларының бірі?
2.Тың игеру жылдары барысында мал жайылымы жерлерін жыртып тастаудың салдары?
3.КСРО да тоқырау жылдары деп аталған кезең уақыты?
Дәріс 12. Қазақстандағы «Қайта құру» саясатының сипаты.
Дәрістің мақсаты: Кеңес үкіметі кезіндегі орын алған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талдау.Д.А.Қонаевтың қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндау.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихимаңыздылығына баға беру.
Түйінді сөздер: әлеуметтік сала, экономикалық сала, желтоқсан оқиғасы, саяси қудалау, Г.В.Колбин, Беловеж келісімі, Тамыз бүлігі, ТМД.
Күтілетін нәтижелер: Желтоқсан оқиғасының нәтижелерін анықтайды. КСРО –ның ыдырауына әсер еткен факторларды анықтайды. Әлеуметтік-экономикалық проблемаларға талдайды.
Негізгі сұрақтар:
1.Кеңестік жүйедегі саяси – экономикалық дағдарыс.
2.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясы Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.
3.КСРО-ның ыдырау себептері және ТМД –ның құрылуы
Қысқаша мазмұны
1. Қайта құру бағыты Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. Кеңестік жүйенің жалпы дағдарысы билік басындағыларды реформалар жасауға мәжбүр етті. 1985 жылдың наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Ол елдің саяси және экономикалық жүйесін қайта құру бағытын жариялады. Алайда бұл қайта құрулардың сөз жүзінде ғана екендігін 1986 ж желтоқсан оқиғалары айқын көрсетті.
1986 ж. 16 желтоқсан күнгі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумында ОК-тің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев орнынан алынып, оның орнына Ульянов обкомның хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. Ол Қазақстанда ешқашан тұрмаған, оның ерекшеліктерін білмейтін еді. Бұл жағдай қазақ халқының намысына тиіп, наразылығын тудырды
17 желтоқсан күні Алматының орталық алаңына мыңдаған адамдар наразылық демонстрациясына шықты. Қазақстанның жаңа басшылығы М.Горбачевтің мақұлдауымен демонстранттарға қарсы әскери күш қолданып, оларды сапер күректерімен ұрып-соқты, ұлт араздығын қоздыруға әрекет жасады. 8,5 мың адам тұтқындалды. 99 адам сотталып, 18 жасар Қайрат Рысқұлбеков ату жазасына кесілді. Бір ғана Алматы қаласында 264 адам Жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомол, 52 адам партиядан шығарылды. 1400 адам комсомол және партиялық жазаға тартылып, 1200 адам ішкі органдардан, транспорт пен медицина мекемелерінен 300 адам жұмыстан қуылды, 12 ректор орнынан алынды.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін республикада жазалау шаралары кең етек алды. Г.Колбиннің интернационализм және қазақ тілін үйрену қажеттігі туралы демографиялық мәліметтерімен бір мезгілде ұлттық интеллигенцияны қудалаудың жаңа кезеңі басталды, олардың арасынан ұлтшылдар іздестірілді. Жергілікті ұлт өкілдерін жоғары оқу орындары мен маңызды қызметтерге қабылдауға шектеу қойылды.
2. Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993) — аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 12 қаңта- рында Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына қатысып, қайраткерге былай деп баға берді: «Қазақ елінің тағылымды тарихында заман жүгін арқалаған талай толағай тұлғалар болды. Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — сондай біртуар болмыс иесі... Дінмұхамед Ахметұлын үлкен ішкі мəдениеті, терең білімдарлығы мен мол өмірлік тəжірибесі ерекшелеп тұратын. Ол өзіне біздің халқымыздың, сол уақыттағы қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін сіңіре білді» . Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, ал 1960– 1962 жəне 1964–1986 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы болды. Бірнеше мəрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКП-ның ХІХ съезінен бастап кейінгі съездерінің бəріне делегат болды. Партия делегациясын басқарып, əлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП Орталық Комитетінің мүшесі болды. 1966 жылы партияның ХХІІІ съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 1970 жылы ХХІV съезде Саяси Бюроға мүше болып сайланды.Осылай ол 20 жылдан аса уақыт бойы СОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі болып, КСРО секілді айдарынан жел ескен алып державаның ішкі-сыртқы саясатының мəселелерін шешуге қатысқан əлемдік масштабтағы мемлекет қайраткер дəрежесіне көтерілді. Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриалды мемлекет ретінде қалыптасуында Д.А.Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Д.А.Қонаевтың билігі кезеңінде Өскемендегі қорғасын-мырыш жəне титан- магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Балқаш, Жезқазған тау-кен-металлургия комбинаттары кұрылды жəне дамыды. Оның көмегімен химия, метталлургия институттары ашылды. Қазақстандағы ВАСХНИЛ, Ақмоладағы Бараев институты əлеуметтік тапсырыс пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы қарқынды жұмыстар басталды, Орта Азиялық əскери округ, əскери-инженерлік база кұрылды. Алматыдағы құрылыс пен қаланың өркендеуіне де ол аз нəрсе жасаған жоқ. Оның бастамасы бойынша бой көтерген Республика сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, «Медео» спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт жəне мəдениет Сарайы, Республика алаңы, Қазақстан, Жетісу, Алматы, Алатау мейманханалары, цирк, аэровокзал, əуежай жəне көптеген ірі ғимараттар Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды. Ел астанасының көркеюіне жұрттың бəрі мүдделі десек те, сол кезде оны жүзеге асыру қиын еді. Үлкен құрылысты салу үшін Мəскеудің рұқсаты керек. Ал ондағылар басқа жақта, əсіресе мəдени-ұлттық нысандардың бой көтергеніне онша құлықты емес еді. Алматыда біраз нысандардың бой көтеруіне Д.А.Қонаевтың беделі, тіпті тапқырлығы көмектесті. Айталық, Лениннің 100 жылдық мерекесін атап өту үшін көп адам сыятын əсем ғимарат керек деген себепті алға тосып, Республика сарайын салдырды. Сол ұлы көсем атындағы даңғылды көркейтеміз деп, оның бойынан біраз мəдени-тұрмыстық нысандар тұрғызды: 25 қабатты «Қазақстан» қонақ үйі, М.Əуезов атындағы академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Ұлттық кітапхана, «Арасан» моншасы, жабық Көкбазар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз үйі, Алматы темір жол вокзалдары, республикалық Пионерлер сарайы жəне т.б.
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.
1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.
1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.
1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
Президентті бүкілхалықтық сайлау.
Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.
Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет