2-тапсырма Картадан әр ұлыстың өз аумағын тауып, дұрыс жауаптың сандық ретін сол ұлыстың аумағына орналастыр. Қазақстан территориясының көп бөлігі қай ұлыстың құрамына кіретінін есіңе сақта.
1.Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан. 2. Солтүстік Жетісу, бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ, яғни Еділдің төменгі ағысына дейін. 3. Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі, Батыс Моңғолия, Ертістің жоғарғы ағысы мен Тарбағатай аумақтары.
3-тапсырма Тарихи деректерді ретімен орналастыр.
Жошы ұлысының астанасын Ұлытаудан Еділ бойына көшірді. Алтын Орда кезеңінде Алтайдан Оралға дейін көшпелі мал шаруашылығы басым болды. Ұлы дала экономикалық және мәдени жағынан гүлденді. Бату Шыңғыс ханның «моңғол атының тұяғы жеткен жерге дейін жету» өсиеті бойынша Еуропаның үштен екі бөлігін жаулап алды. Бату хан Батыс Дешті Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Көптеген көшпелі тайпалардың көшуіне және бұл аймаққа тән шаруашылықтың өзгеруіне әкелді. Жошы ұлысы жаулап алған жаңа жерлерді қосып, Алтын Орда мемлекетін құрды.
4-тапсырмаЖетекші сөздерді пайдалана отырып төменде берілген тарихи оқиғалар желісін дұрыс орналастыр.
1. Мемлекеттің негізін қалаушы___________болды. 2. Бар ғұмырын жаугершілікпен өткізген Тоғылық Темір 1361 жылы ____________толығымен басып алды. 3. Тоғылық Темір 1362 жылы қайтыс болды. Оның мазары Шығыс Түркістандағы_______________ қаласының маңында орналасқан. 4. ____________1365 жылы «Батпақ шайқасы» кезінде Әмір Темір әскерлерімен болған шайқаста жеңіске жетті. 5. Моғолстан билеушілері Әмір Темір басқыншылығына қарсы ұзақ күрес жүргізгенімен,____________кезінде Әмір Темірдің билігін мойындады. 6. _____________хан кезінде Әмір Темір ұрпақтарына тәуелділіктен құтылды, бірақ ойраттардың шабуылы күшейді. 7. ХV ғасырдың 30-жылдарының ортасында билік ________қолына өтті. Керекті сөздер:Қызыр Қожаның, Мұхаммедтің,Ілияс Қожа, Әмір Болатшы,Есен Бұғаның, Қашқар,Мауреннахрды
Әдебиет: 1.Қазақстан тарихы, ІІ Том.Алматы, 1998ж.
2. Артықбаев, Ж. Қазақстан тарихы [Мәтін]: Оқулық Астана: Фолиант, 2013.- 360 б.: 70х90