Қазақстан тарихы «Саналы адам» сүйегі алғаш рет табылды



бет11/11
Дата17.02.2023
өлшемі0,72 Mb.
#68920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Даладағы ат қандай!
Шалғын шөпке белшесінен батқандай...
Көз алдымда аунап бара жатқандай.
Үзіндідегі фигураның түрі
A)инверсия
B)дамыту
C)элипсис
D)шендестіру
E)арнау
1. Баймағамбет ақырын ілбіп, сай бойын қағып келе жатып, кейбір тоқтаған кезінде ерінің қасын ақырын тықылдатып, қағып қояды. Тау мен сай жым-жырт. Үп еткен жел лебі жоқ. Дүние демін ішіне тартып, Қарашолақтың тағы бір қимылын тынып күтіп тұрғандай. Тұрғанбай биік жотадан, өзге екі бүркітші кеткен Қырғыз шатының бас жағына көз тастап еді. Алыс бір жотаның басында боз атты бүркітші – Шәкенің томаға тартып тұрғанын болжады. Одан арғы бір тұрғыда көрінер-көрінбес боп, кішкентай бір қара боп Смағұл тұрғыда тұрған сияқты.
2. Осы кезде Баймағамбет тағы да Қарашолақтың құлағына сіңген өткір жіңішке үнімен қысқа ғана «кеу» деп қалды. Қарашолақ тағы кетті. Бұл жолғы ұшуы жаңағыдай емес. Қайтадан таңертеңгі, алғашқы кетісі сияқты. Салқындау қанатпен жай қағынып, сылбыр ұшқандай. Бірақ түлкі иек асты жақыннан, төменнен қашқан еді. Құс – аттылар үстінде аз көтеріліп, жай қалқи түсті де, ыра төмен құлап кетті. Дәл осы кезде оң жақта қоңыр биіктен құлдай ұшып, тағы бір бүркіт көрінді. Аяғында балақ бауы бар бөгде бүркіт қалпақтай қалқып, Баймағамбет алдындағы түлкіге қарай бет түзеп, құлдап келе жатыр. Тау басындағы аңшылар, сөзбен айтпаса да, «екі бүркіт ұстасып қалады-ау!» деп іштерінен қауіп иелесіп, қатып тұр.
3. Бөгде бүркіт түлкіге Қарашолақтан гөрі ұрымтал жерден шықты. Тура беттеп, мынадан бұрын барып қалды. Енді түлкіге сол бұрын түсетін орай бар еді. Бірақ ол құстың жолы жақын болғанмен, түлкіге ұшуы сондайлық ынталы болмады. Баяу, шабан кетіп барады. Қарашолақ болса, мынау бәсекелі жауын көре сала, ыра төмен, қос қанатты қыса қағып-қағып жіберіп, алғаш ұшқандағы керенаулықты ұмытты. Қатты асығып, ағып барып тас басында тұрған түлкіні бөтен бүркіттің алдынан шауып келе жатқан Баймағамбет атының алдына әкеліп, жұмарлай түсті. Бөтен бүркіт Қарашолақтың үстіне түсіп, жазым қыла ма деген Баймағамбет атынан домалай түсіп, үстерінде жайқап жүрген жат бүркітті қамшысымен жасқап жүр. Қарашолақ пен оның бауырындағы түлкісін өзінің бойымен де қорғаштайды. Бұл кезде ыра төмен Тұрғанбай, Абай, Ербол да асыға тебініп келе жатқан. Тау басынан ұсақ қар, ұсақ тасты төгілте домалатып, сырғанап келеді. Тұрғанбай бөгде бүркіт белден асып, құлай берген жерде-ақ:
– О, мынау, Қарашегір ғой!-деген-ді.
M.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді
21. Tаудың басында аңшыларға көрінер-көрінбес боп тұрған
A)Тұрғанбай
B)Смағұл
C)Абай
D)Шәке
E)Баймағамбет
22. Aлыс бір жотаның басында тұрған боз атты бүркітші
A)Ербол
B)Шәке
C)Абай
D)Тұрғанбай
E)Баймағамбет
23. Eкінші азатжолдағы асты сызылған тіркестерге тән қатар
A)метафора
B)теңеу
C)символ
D)ассонанс
E)эпитет
24. Қарашолақтың ұшқанын сипаттап тұрған сөйлем
A)Тура беттеп, мынадан бұрын барып қалды. Енді түлкіге сол бұрын түсетін орай бар еді. 
B)Дәл осы кезде оң жақта қоңыр биіктен құлдай ұшып, тағы бір бүркіт көрінді.
C)Салқындау қанатпен жай қағынып, сылбыр ұшқандай.
D)Баяу, шабан кетіп барады.
E)Баймағамбеттің алдындағы түлкіге қарай бет түзеп, құлдап келе жатыр.
25. Eкінші азатжолдағы қарамен жазылған сөздерге тән көркемдік тәсіл
A)теңеу
B)метафора
C)эпитет
D)метонимия
E)синекдоха
26. Төле би атынан айтылатын афоризм(-дер)
A)Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
B)Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат.
C)Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса – апайың жақын.
D)Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
E)Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
F)Асқар тау, сенде бір мін бар – асу бермейсің,
Тасқын су, сенде бір мін бар – өткел бермейсің.
G)Үлкеннің алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
H)Жүзге бөлінгендердің – жүзі қара.
Руға бөлінгендердің – құруға асыққаны.

27. Бұқар жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген ғұлама(-лар)


A)Мағжан Жұмабаев
B)Шоқан Уәлиханов
C)Дулат Бабатайұлы
D)Мәшһүр Жүсіп Көпеев
E)Мұхтар Әуезов
F)Нысанбай Жаманқұлұлы
G)Ғабит Мүсірепов
H)Абай Құнанбаев
28. – Ешбір ілім-білім үйренбеген ол сонша иіліп әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба?
Үзінді алынған Ы.Алтынсарин шығармасы
A)«Жамандыққа жақсылық»
B)«Тәкаппаршылық»
C)«Талаптың пайдасы»
D)«Әдептілік»
E)«Аурудан аяған күштірек»
F)«Мейірімді бала»
G)«Сақып»
H)«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»
29. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалының негізгі тақырыбы
A)Қайырымдылық
B)Бірлік
C)Қарапайымдылық
D)Менмендік
E)Табиғат
F)Ерлік
G)Тәкаппарлық
H)Әділдік
30. Мұхтар Әуезовтің повестеріне қатысты негізгі кейіпкер(-лер)
A)Біржан
B)Ғазиза
C)Әйгерім
D)Бақтығұл
E)Зере
F)Дәрмен
G)Құрмаш
H)Салиха
31. «Қыз Жібек» жырындағы Қаршығаның кім екенін белгілеңіз
A)Ханның ақыны
B)Төлегеннің інісі
C)Ханның ақылшысы
D)Жібектің ақылшысы
E)Шегенің жолдасы
F)Төлегеннің қас жауы
G)Төлегеннің жолдасы
H)Сырлыбайдың уәзірі
32. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына қатысты
мәлімет(-тер)
A)«Бақытсыз Жамал» прозалық туындысын жазды.
B)Абай үлгісіндегі табиғат лирикасы үлгілерін дамытты.
C)«Терме», «Азамат» жинақтары жарық көрді.
D)«Айқап» журналының редакторы қызметін атқарды.
E)Тройцк қаласындағы медресеге оқуға түседі.
F)Драматургия саласында еңбектерімен танымал болды.
G)1926 жылы «Әдебиет танытқыш» деген кітабы шықты.
H)Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында туылған.
33. Дулат Исабековтің «Әпке» пьесасындағы Тимурдың сүйген қызы
A)Кәмила
B)Кенже
C)Гауһар
D)Темір
E)Қамажай
F)Омар
G)Нәзила
H)Сұлухан
34. Көк кілем – балаусасы балбыраған,
Көк жібек жапырағы жалбыраған.
Ақ қанат аспандағы сонда жауып
Балбұлақ таудан, тастан атқылаған.
І.Жансүгіров поэмасынан алынған үзіндіде қолданылған
көркемдік тәсіл(-дер) 
A)Эпифора
B)Анафора
C)Теңеу
D)Символ
E)Ассонанс
F)Шендестіру
G)Эпитет
H)Метонимия
35. Сәбит Мұқановтың поэмасы (поэмалары)
A)«Батыр Баян»
B)«Сырдария»
C)«Ескендір»
D)«Әзім әңгімесі»
E)«Көкшетау»
F)«Мөлдір махаббат»
G)«Масғұт»
H)«Сұлушаш»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет