әскерінің атаманы Д. Донсковтың қазақтарға қарсы әскери қимылы көтерілістің қайта басталуына
түрткі болады. 1791 жылы Нұралының өліміне байланысты Ералының хан болып сайлануы, ал
Сырымның жаңа ханды мойындамауы қазақ сұлтандары мен старшындары арасында жік туғызады.
Осыдан кейін Сырымның екі жақты – Орал казактарына және өзіне
қарсы феодалдық топтарға
қарсы күрес жүргізуіне тура келеді. 1794 жылғы Ералы ханның өлімі, 1795 жылы Нұралы ұлдарының
бірі Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы
әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына
тұтқиылдан шабуыл жасауымен және Есім ханның өлімімен аяқталды. Бірақ ханның өліміне
Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды:
бірі – Нұралының ұлы Қаратай хан сайланса, екіншісі – Игельстромның ұсынуымен жүзеге
асқан
Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. Кеңес құрамына Нұралы ханның ұрпағы кіргізілген жоқ,
себебі патша үкіметі осылайша Сырымды өз жағына шығаруға тырысты. Бірақ олар қателесті.
Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті. 1797 жылы сұлтан
Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым
Хиуа хандығында дүние салды.
Достарыңызбен бөлісу: