Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Жоламан Тіленшіұлының наразылық қозғалысы(1822-1824 жж.)



Pdf көрінісі
бет32/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

45) Жоламан Тіленшіұлының наразылық қозғалысы(1822-1824 жж.). 
Тіленшіұлы бастаған көтеріліс азаттық көтерілісі 1822 – 1825 жылдары аралығында болды. 1822 
жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы шығып, Елек өзені 
бойындағы жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске басшылық етті. Көтерілісшілер казактардың 
станицаларына шабуыл жасады, олардың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып, 
малдарын айдап әкетті.Көтерілісті басу үшін құрамында 500 Орынбор казагы мен екі зеңбірегі бар 
жазалаушы экспедиция жіберілді. 1825 жылдың көктемінде жазалаушы экспедиция Бұлдырты, 
Шиелі және Тамды өзендерінің бойындағы жүздеген қазақ ауылдарына ойран салып, аяусыз 
қырып – жойды. Көтерілісшілер аянбай қарсылық көрсетті, жазалаушы отрядтармен болған 
шайқастар кезінде 195 сарбаз қаза тапты, 125 адам тұтқынға алынды. Бұлардың құрамында 
әйелдер мен жас балалар да болды. Оларды Жайық түрмесіне айдап апарып, қамап тастады. 
Түрмедегі жағдай адам төзгісіз ауыр болды. Көптеген адамдар ауырып қаза тапты. Жоламан 
батырдың ең жақын алты бауыры Сібірге жер аударылды. Қалыптасқан мұндай ауыр жағдайда 
көтеріліс жетекшісі патша үкіметіне қарсыласуды уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болды. 1935 
Жылы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліске барып қосылады. 
46) Жәңгір ханның ағартушылық саясаты. 
Жәңгір хан өзін ел басқару саясатынды ағартушылық жағынан да көрсеткен болатын. Бөкей 
ордасында ол өз мектебін ашты. Ол үшін ол императорға арнайы хат жазып, Ресейдің жоғары 
мектептерінде қазақ балаларын оқытуға рұқсат алды. Император рұқсат берді, бірақ бір шарт 


бойынша: балалар бастауыш мектепте орыс тілінде оқу қажет. Сондықтан олар Жәңгір хан 
мектебінде бірден екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде сабақ берді. Біздің гид Айнаштың 
айтуынша, көп адамдар "бізді орысқа айналдырмақшы" деп сеніп, бұл мүмкіндіктен бас тартты. 
Бірақ Жәңгір бәріне үлгі көрсетіп, өз балаларын және өзіне жақын адамдардың балаларын 
мектепке берді. Бөкей ордасында "Қазақстан" газеті де шығып тұрды. Гидтер оның қазақ атымен 
бірінші шыққанына сенімді. Бұған дейін мұнда қазақтарды қырғыз деп атаған. Ханның бас 
кеңсесінде газетті басып шығаратын үлкен баспахана болды. Бөкей ордасының жетістіктерінің бірі 
- қазынашылық, яғни ақша мекемесі болып табылады. Жетекшіміз Айнаштың айтуынша, Жәңгір хан 
штаб-пәтерде халықаралық көрме ұйымдастыруға шешім қабылдайды. Бүкіл әлемнің саудагерлері 
Ордаға ағылады. Жергілікті халықтың ақшасы болмағандықтан, олар шетелдік тауарларды қойға 
айырбастап отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет