Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Жалпықазақ съездері және олардың маңызы



Pdf көрінісі
бет44/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
63) Жалпықазақ съездері және олардың маңызы. 
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда жалпықазақ съезі өтті. Онда қаралған мәселелер. -
Мемлекеттік басқару; -Қазақ облыстары автономиясын құру; -Жер мәселесі; -Халық милициясын 
құру; -Білім беру; -Сот ісі; -Дін мәселесі; -“Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын 
жасау; -Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру; -Құрылтай жиналысын шақыру 
Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап14 тармақтан тұратын шешім 
қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге 
берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару 
талап етілді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген 
Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған 
байланысты болашақ партия басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз 
қаулыларында «осы күнгі тұрақты әскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық әскер 
жасақтауды, «көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық земство ашылсын» 
деп, земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, «қазақтың 
народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша сот» құруды жақтап 
шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері бойынша қабылданған шешімдері 
қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың 
алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім 
жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары 
және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетті.1917 жылы 21-26 
шілдеде Орынборда жалпықазақ съезі өтті. Онда қаралған мәселелер. Мемлекеттік басқару; Қазақ 
облыстары автономиясын құру; Жер мәселесі; Халық милициясын құру; Білім беру; Сот ісі; Дін 
мәселесі; “Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау; Жетісудың ашыққан халқына 
көмек ұйымдастыру; Құрылтай жиналысын шақыру; 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор 
қаласында ІІ жалпықазақ съезі өтті. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: Қазақ-қырғыз 
автономиясы; Милиция құру; Ұлт кеңесі; Оқу мәселесі. Съезд бірауыздан мынадай қарар 
қабылдады: I. Алашорданың Жалпықазақтық халық кеңесі өзі құрылған күннен бастап бір ай мерзім 
ішінде Түркістан өлкесінің барлық қазақтарын Алаш автономиясына қосу мүмкіндігін анықтауға 
міндеттенеді. II. Егер Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімде қосылмаса, 


Алашорданың халық кеңесі қалған қазақ облыстарының бөрі атынан ресми түрде автономия 
жариялауға міндеттенеді. III.Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімінде 
қосылмай, Алашорда автономия жарияламаған жағдайда әрбір облыстың халқына өз калауы 
бойынша әрекет етуге рұқсат етіледі. IV.Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай ішінде 
қосылған жағдайда Алашорданың халық кеңесіне бірінші мүмкіндік болғанда Алаш автономиясын 
жариялауға құқық беріледі. Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға 
болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан 
жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді 
саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең 
алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне 
белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды 
сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет