жастарды қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарын тағайындау және беру көзделген. –
Жастарды дамыту индексі жастар саясатын іске асыру,
мониторинг, бағалау тәсілдерін
біріздендіруге және нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекеттік, әсіресе,
жергілікті
органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған, – деді Аида Балаева. Сондай-ақ жастар
саясатының жекелеген бағыттары бойынша кеңес мүшелері, «Атамекен»
ұлттық кәсіпкерлер
палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев баяндама жасап, «Жүзден жүйрік»
бағдарламасына кәсіпкерлік саласын енгізуді ұсынды. ҚР Энергетика министрлігінің «Ядролық
физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
филиалының директоры, физика-математика
ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған
профессор Максим Здоровец ғылыммен айналысуға 5 жылдық гранттарды енгізуді ұсынды. Бұл
отандық ғалымдар үшін ұзақ мерзімді мақсаттар қоюға, болашағы зор зерттеулерді сапалы әрі жаңа
деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін айтты. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
әлеуметтікэкономикалық
реформаларды
талдау
және
мониторингілеу
орталығының
сараптамалық-талдау тобының консультанты Әділ Құсманов жастар жетістікке жетіп жүрген бизнес,
IT, әлеуметтікэкономикалық даму және мемлекеттік басқару саласында және тағы басқа бағыттар
бойынша мемлекеттік жастар сыйлығының санын арттыруды ұсынды. ҚР Президенті жанындағы
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Сабина Сәдиева
жастарды жас ерекшеліктері бойынша топқа бөле отырып, олармен мақсатты түрде жұмыс жасау
қажеттігін атап өтті.
Достарыңызбен бөлісу: