Алашорданың халық кеңесі қалған қазақ облыстарының бөрі атынан ресми түрде автономия
жариялауға міндеттенеді. III.Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай мерзімінде
қосылмай, Алашорда автономия жарияламаған жағдайда әрбір облыстың халқына өз калауы
бойынша әрекет етуге рұқсат етіледі. IV.Түркістан қазақтары Алаш автономиясына бір ай ішінде
қосылған жағдайда Алашорданың халық кеңесіне бірінші мүмкіндік болғанда Алаш автономиясын
жариялауға құқық беріледі. Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға
болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан
жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді
саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең
алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне
белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды
сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: