Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі



Pdf көрінісі
бет41/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
60) 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі. 
1916 жылғы Орта Азия улт-азаттык котерілісі. 
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста 
Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел 
экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік 
тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге 
жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар 
дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс 
басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте 
кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. 
Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы, 
егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына 
да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі 
ұлғайды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін 
жұмыс істеді.
1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас 
аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 
жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның 
барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске 
ұласты. Көтерілістіңірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды 
қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Көтерілістің 
негізгі күші шаруалар, жергілікті жұмысшы табының өкілдері болды. Жетісуда басшылары Бекболат 
Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев
Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, 
Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар болды. Жеңілу себептері. Қозғалыстың жеңіліс 
табуының ең басты себептері – оның бытыраңқылығы, көтеріліс ошақтары арасындағы 
байланыстың жеткілікті болмауы, патша үкіметінің қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы 
еді.Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей 
империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне 
себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың 
отар халықтарының импералистік езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық 
қозғалысының құрамдас бөлігі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет