Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) «Мәдени мұра», «Тарих толқынында»мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі



Pdf көрінісі
бет61/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
84) «Мәдени мұра», «Тарих толқынында»мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі 
кезеңдері. 
Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын есептеуге болады. Осы Бағдарлама міндеттері елдiң 
маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның 
iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды 
зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық 
әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет 
пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi 
толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса 
көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру 
мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру болып табылады. «Мәдени мұра» бағдарламасының 
келесі кезеңі материалдық артефакттарды қалпына келтіру, тарихи материалдарды іздестіру, 
жинастыру және ғылыми шығармаларды қайта жаңғыртуда жаңа тәсілдерді енгізумен қатар 
халықтың шынайы мәдени құндылықтарын насихаттауды қажет етеді. Бұл Бағдарлама еліміздің 
мәдени мұраларын сақтауға, пайдалануға және зерттеуге, үгіт-насихат, даму жалғастығы және 
тарихи-мәдени салтдәстүрлерді қайта қалпына келтіру, мәдени мұраны зерттеудің тұтастай жүйесін 
құру іс-шаралары, оның ішінде қазіргі кезеңдегі ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүр және әдет-
ғұрып, төл ұлтымыздың жазуы мен тарихымыздың ғасырлар бойғы тәжірибесін талдау, әр қырынан 
тарихи және ғылыми сериялар жасау, сонымен қатар тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта 
өңдеу, қалпына келтіру және мұражайларға айналдыруға, мәдени мұраның ғылыми-зерттеу, 


материалдық-техникалық құрамдас мәселелерін нығайту және дамытуды зерттеуге байланысты 
негізгі аспектілерді анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет