Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты



Pdf көрінісі
бет65/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

88) Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
Заманауи қазақ қоғамында діннің ықпалы орасан зор екені осы уақытқа дейін болып өткен 
экстремизмдік əрекеттер мен қоғамдағы діни жағдайдың тұрақсыздығын бір дəлелдеп өткендей. 
Бүгінгі күнде Қазақстанда 4551 діни бірлестіктер бар (салыстырмалы түрде: 1990 жылы олардың 
саны 670 болған.). Қазақстан халқының көпшілігі дінді этникалық мəдениет пен ұлттық дəстүр деп 
қарастырады. Дəстүрлі діни институттардың ықпал ету аясы кеңейіп, халықтың діни əсерді 
қабылдау деңгейі өсуде, діни ұйымдардың əлеуметтік қызметі күшейіп, діни ілім рөлі өріс алуда, 
діни миссионерлердің қызмет белсенділігі қарқындауда. Осы факторлардың барлығы заманауи 
қоғамға діннің əсерін күшейте түсетіні күмəнсіз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. 
Назарбаев «Елдегі діниэкстремистік идеологияның элементтерін, азаматтардың өмірі мен 
денсаулығына қауіп төндіретін, конституциялық құрылымға қол сұғушы əрекеттердің қатаң түрде 
алдын алу қажет» [1] деп қадап айтқан болатын. 
89) Қазақстан Республикасының жастар саясаты. 
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзі басқаратын министрліктің алдына жастар 
саясатына қатысты қойылған стратегиялық міндеттер туралы айтты. Атап айтқанда, биыл жыл 
соңына дейін Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, ҚР Парламентінің 
қарауына ұсынылуы керек. Онда «Жастардың даму индексі», «Жастардың әлеуметтік қызметтері», 
«NEET санатындағы жастар» ұғымдары заңнамалық тұрғыдан бекітілуі тиіс. Сонымен бірге 
министрлік алдында «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасын әзірлеу міндеті тұр. Мұнда жастарды 
мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын бірыңғай құжатқа біріктіру, сондай-ақ, талантты 


жастарды қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарын тағайындау және беру көзделген. – 
Жастарды дамыту индексі жастар саясатын іске асыру, мониторинг, бағалау тәсілдерін 
біріздендіруге және нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін мемлекеттік, әсіресе, жергілікті 
органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған, – деді Аида Балаева. Сондай-ақ жастар 
саясатының жекелеген бағыттары бойынша кеңес мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер 
палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев баяндама жасап, «Жүзден жүйрік» 
бағдарламасына кәсіпкерлік саласын енгізуді ұсынды. ҚР Энергетика министрлігінің «Ядролық 
физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 
филиалының директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған 
профессор Максим Здоровец ғылыммен айналысуға 5 жылдық гранттарды енгізуді ұсынды. Бұл 
отандық ғалымдар үшін ұзақ мерзімді мақсаттар қоюға, болашағы зор зерттеулерді сапалы әрі жаңа 
деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін айтты. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
әлеуметтікэкономикалық 
реформаларды 
талдау 
және 
мониторингілеу 
орталығының 
сараптамалық-талдау тобының консультанты Әділ Құсманов жастар жетістікке жетіп жүрген бизнес, 
IT, әлеуметтікэкономикалық даму және мемлекеттік басқару саласында және тағы басқа бағыттар 
бойынша мемлекеттік жастар сыйлығының санын арттыруды ұсынды. ҚР Президенті жанындағы 
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Сабина Сәдиева 
жастарды жас ерекшеліктері бойынша топқа бөле отырып, олармен мақсатты түрде жұмыс жасау 
қажеттігін атап өтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет