Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы



Pdf көрінісі
бет62/66
Дата14.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#107515
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Тарих ответы(Админ-11)

85) Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы. 
1.ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ 
Біздің жеріміз материалдық мəдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы 
десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген 
бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай 
техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. 
Бұларды адамзат баласы жер жүзінің əр түкпірінде əлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне 
жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси жəне 
экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. 
1. Атқа міну мəдениеті 
Атқа міну мəдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. 
Еліміздің 
солтүстік 
өңіріндегі 
энеолит 
дəуіріне 
тиесілі 
«Ботай» 
қонысында 
жүргізілгенқазбажұмыстарыжылқының тұңғышретқазіргіҚазақстанаумағында қолға үйретілгенін 
дəлелдеді. 
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дəуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие 
болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен əскери саладағы теңдессіз революцияға жол 
ашты. 
Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мəдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты 
сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дəуірдің символына айналды. 
Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен 
қатар, атты əскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер əлемі «мəдени 
кодының» айрықша элементі. 
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты əлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дəстүр – жер 
жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дəуірге деген құрметтің белгісі. 
Біз əлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық 
революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. 
Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа 
міну мəдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге əкелді. Ат үстінде жүргенде 
ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі жəне астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша 
кəдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. 
Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік 
берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері 
мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне 
шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. 
Сонымен қатар бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі 
саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі. 
Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сəйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік 
ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай 


мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз жəне 
неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. 
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың 
құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы əрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, 
металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды. 
Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық – 
қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды əрі кең таралған 
соғыс құралына айналды. 
Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. 
Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды əскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған 
атты əскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты 
əскердің дамуы біздің дəуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дəуіріміздің І ғасыры арасында 
көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын 
қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі – айбарлы атты əскердің қалыптасуына ықпал етті. 
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 
Металл өндірудің амал-тəсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының 
барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған 
алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік жəне Шығыс 
аймақтарында тау- кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен 
алтын қорытпалары алына бастады. 
Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел 
технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын 
пештер мен қолдан жасалған əшекей бұйымдары, ежелгі дəуірдің тұрмыстық заттары мен қару-
жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бəрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі 
дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді. 
3. Аң стилі 
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі 
санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен 
құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі 
тұрғындарының озық мəдениеті болды. 
Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі 
– «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара 
байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. 
Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен 
Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар əлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті 
қар барысы екені кездейсоқ емес. 
Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тəжірибесі болғанын көрсетеді. 
Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан 
балқымалар жасаудың жəне құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі əдістерін 
жақсы меңгерген. 
Жалпы, «аң стилі» феномені əлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады. 4. Алтын адам 


Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, əлемдік ғылым үшін сенсация 
саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар 
арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам». 
Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз əлі күнге дейін өзінің асқан 
көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің 
алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін 
аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын əйгілейтін 
бай мифологияны паш етті. 
Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мəртебесін күн секілді құдірет деңгейіне 
көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сəн-салтанатты жасау- жабдықтар ежелгі бабаларымыздың 
зияткерлік дəстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің 
бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу 
атаулының ішіндегі ең көнесі. 
5. Түркі əлемінің бесігі 
Қазақтардың жəне Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. 
Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тəжі ғана емес, күллі түркі əлемінің бесігі 
саналды. Дəл осы өңірде біздің дəуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда 
болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. 
Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының 
айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта 
ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси жəне мəдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. 
Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі жəне отырықшы өркениеттің 
өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның жəне əлемдік сауданың орталығына айналған 
ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мəселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы əлемдік 
өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Əбу Насыр Əл-Фарабиді дүниеге əкелсе, түркі халықтарының 
рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан. 
6. Ұлы Жібек жолы 
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден 
əртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дəліздердің» пайда болуына септігін 
тигізді. Біздің дəуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, 
Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда жəне мəдениет саласындағы байланыстардың 
трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. 
Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың 
қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. 
Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі 
жəне орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дəнекері саналды. Дала белдеуі 
Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс жəне славян өркениеттерін байланыстырды. 
Алғаш пайда болған сəттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының 
аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену 
шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге жəне мəдениетті дамытуға септігін 
тигізді. 
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны 


Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан 
дəлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл əлем үшін өзіндік мəн-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде 
бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де əлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс 
алмасының отаны саналады. Дəл осы тұқым ең көп таралған жемісті əлемге тарту етті. Бəріміз 
білетін алма – 
біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы 
Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл əлемге таралған. 
Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең əсем 
қалалардың бірі Алматы деп аталды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет