Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет19/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
 
Жарғы”  бойынша  “Сiбiр  қырғыздары  облысы”  сыртқы  және  iшкi  округтерге 
бөлiндi.  Сыртқы  округтерге  Ертiс  өзені  сыртын  қоныстанған  қазақтар  кiрдi.  Округтер 
облыстар мен ауылдарға бөлiндi. Округке 15-тен 20-ға дейiн болыс, болысқа 10-нан 12-
ге  дейiн  ауыл  енді,  ауыл  50-ден  70-ке  дейiнгі  үйлерден  құрылуы  жоспарланды. 
Шекаралық  басқару  органдарымен  тығыз  байланысты  болған  округтердiң  құрылуы 
Шығыс  Қазақстанда  азаматтық  және  әскери  тұрғыдан  отарлауға  көмектесуi, көшпелi 
қазақ  ауылдарының  белгiлi  бiр  территорияға  орналасуы,  жаңа  саяси-әкiмшiлiк 
басқармасын  ұйымдастыруы  тиiс  болды;  мұның  өзi  Қазақстанның  Ресейге  қосылуын 
аяқтау  үшiн  қабылданған  шаралар  едi.  Округтердi  ұйымдастыру  кезiнде  қысқы 
қоныстар  негiзге  алынып,  қоғамның  ру  құрылымы  ескерiлдi,  ру  және  территория 
шарттары ұштастырылды. Әр округ белгiлi бiр территорияны алды. 
 
1822-1844  жылдарда  8  округ  құрылды.  1833-34  жылдары  Аманқарағай  және 
Үшбұлақ  округтерi  ашылды,  бiрақ,  XIX  ғ.  орта  шенiнде  олар  таратылды  да, 
құрамындағы  болыстары  Ақмола  мен  Көкшетау округтерiне ауыстырылды. Баянауыл 
округi  1826  жылы  құрылып,  ал  1833  жылы  ресми  түрде  бекiтiлдi.  XIX  ғ.  40-шы 
жылдарында  Атбасар  округi  құрылды,  ал  Аякөз  округi  Сергиополь  болып  өзгертіліп 
аталды.  40-50  жылдарда  Көкпектi және Алатау округтерi құрылып, оған Орта жүз бен 
қоса Ұлы жүздiң едәуiр бөлiгi кiрдi.   
 
Округтер Омбы қаласынан басқарылды. Қырдағы осы жоғары әкiмшiлiк органы 
қызметiне коллегиялық тәртiп енгiзiлдi. Округтердi приказ басқарды, бұған төраға - аға 
сұлтан мен заседатель; тағайындалатын екi ресейлiк заседатель мен сайлау арқылы екi 
құрметтi  қазақ  ендi.  Округтiк  приказ  мүшелерi  мен  аға  сұлтан  (төраға-председатель) 
және  төрт  заседатель  ерекше  құқықтарды  пайдаланды.  Приказда  негiзгi  мәселелердi 
қарау  кезiнде  аға  сұлтан  ордасының  жанында  орналасқан  казак  отрядтары  командирi 
оған  қатысу  құқығы  болды,  округтi формальды түрде аға сұлтан басқарды. Ол халық 
арасында  оқу  iсiн  тарату  қамын  ойластыруға,  оның  шаруашылығын  дамытуға 
көмектесуге,  тонау  мен  барымтаны  тыюға,  тәртiп  бұзушылық  пен  қиянаттар  болған 
жағдайда  сот  пен  тергеу  iсiн  жүргiзуге,  қырда  толқулар  шыққан  кезде,  тек  полиция 
күшімен ғана, разъездер мен пикеттер ұйымдастыруға тиiс болды. 
 
Аға  сұлтанды  тек  сұлтандар  ғана  сайлайтын  болды. Ол Ресей әскерiнiң майор 
шені атағында және жергiлiктi басқармаға жетекшiлiк ететiн шенеунiк болып есептелдi. 
Он жыл адал қызметi үшiн аға сұлтанға дворян атағы берiлетiн болды. Орнынан түскен 


 
88 
немесе  шұғыл  алмастырылған  жағдайда  ол  құрметтi  сұлтандар  қатарында  қалып 
отырды.  
 
Округтiк  приказ  облыстық  баскармаға  бағынып,  жергiлiктi  әкiмшiлiкке 
халықтың қоныстануы туралы, болыстар мен ауылдар орналасқан жерлер туралы және 
барлық  транзиттiк  сауда  керуендерi  туралы  мәлiметтер  жинап,  оны  талдап  жоғары 
орындарды  хабардар  етуге  тиiс  болды.  Болыстарды  сұлтандар  басқарып,  бiрақ  оның 
коллегиялылық  принципi  сақталмады.  Олардың  атағы  мұра  болып  берiлiп  отырды  да 
үлкеннен  кiшiге  және  үлкендiк  хақысы  берiлдi.  Халықтың  оларды  қайта  сайлау  хұқы 
бола тұрса да бiрақ оған Омбы облыстық басқармасының келiсiмi қажет едi. Сұлтанның 
мұрагерi  болмаған  жағдайда  оның  орнын  өкiметтiң  сайлауы  бойынша  және  облыстық 
басқарманың бекiтуiмен iнiсi немесе туысқаны алатын болды. Болыстық сұлтандар 12-
шi  класты  шенеунiктерi  болып  есептелдi  және  болыс  басшысының  құқысын 
пайдаланды.  Олар  округтiк  приказға  бағынды  да,  олардың  билiгi  iс  атқару  сипатында: 
округтiк приказдың  бұйрықтары мен қаулыларын, сот үкiмдерiн орындау болды. 
 
“Жарғы” бойынша ауыл старшындары (сұлтандар сайлауға қатыспады) әрбiр үш 
жылда  сайланды  және  округтiк  приказ  бекiтетiн  болды,  сайлау  қорытындысын  тек 
облыс  бастықтары  бұзуға  құқылы.  Старшындардың  құқылары  Ресей  орталығындағы 
село бастығына теңестiрiлдi де, болыстық сұлтандарға бағынып, олардың бұйрықтарын 
орындап  отырды  және  оларға  өзiнiң  ауылындағы  күнделiктi  жағдайлар  туралы  жан-
жақты мәлiметтер беруге мiндеттi болды. 
 
Қазақ даласының тарихында “Жарғы” ережелерi бойынша сайлау жүйесi тұңғыш 
рет  енгiзiлдi.  “Сiбiр  қырғыздары  облысының”  орасан  зор  территориясын  басқарудағы 
қиындықтар  мен  орыс  әкiмшiлiгi  санының  аздығы  патша  үкiметiн  жергiлiктi  халықтан 
сайланатын адамдардың көмегiн пайдалануға мәжбүр еттi. Сайлауда бiрнеше топтардан 
үмiткерлер ұсынылды, алайда Омбы облыстық басқармасының лауазымға тағайындау 
тәртiбiнiң салдарынан сайлау формальдi өттi. Мұрагерлiк құқы мен басқарушыларының 
өлгенше орын ауыстырмайтындығы да сайлау нәтижелерiн жоққа шығарып отырды. 
 
Отарлаушы  үкiмет  жергiлiктi  басқару  буындарына  старшын-ру  билеушiлерiн 
тарта  отырып,  сұлтандардың  жергiлiктi  басқару  аппаратындағы  құқыларына  бiртiндеп 
қысым жасай бастады. 
 
Заң  аға  сұлтан  сайлауларының  өзiнде-ақ  бұзылып  отырды,  ал  облыстық 
сұлтандар  сайлауындағы  iстiң  жәйi  бұдан  да  бетер  болды.  Округтердi  ашқан  кезде 
сұлтан және сұлтан емес болыстық билеушiлердiң саны тең дерлiк болған едi, ал келе-
келе  сұлтан  емес  тектен  шыққан  лауазымды  адамдар  саны  өстi.  “Устав”  бойынша 
қабылданған  шарттар  қазақ  аристократиясының  -  сұлтандардың  құқылары  мен 
артықшылықтарын  бiртiндеп  жоюға  бағытталған,  сөйтiп  отарлаушы  үкiмет  олардың 
құқыларын қатардағы көшпелiлермен теңестiруге, сол арқылы қазақтарды мемлекеттiк 
шаруалар, мещандар мен көпестер сословиесi қатарына қосуға тырысты. 
 
Бұл  құжат  бойынша  қазақтың  ата-тегiнен  келе  жатқан  билер  сотын  Ресей 
империясының  сотымен  алмастырып,  олардың құқын шектеудiң негiзiн қалады, мұның 
өзi  патша  әкiмшiлiгiнiң  қазақтарды  бақылауын  күшейттi.  Cот  әкiмшiлiктен  бөлiнбедi. 
Жергiлiктi 
өкiмет 
орындарына 
полиция 
функциялары 
берiлдi  және  олар 
қылмыскерлердi iздеп-тауып, тергеуге және ұстауға мiндеттелдi.  
 
1822  жылғы  “Жарғы”  қазақ  даласына  Ресейлiк  сот  жүйесiн  алып  келдi.  Ендiгi 
уақытта барлық сот iстерi үш категорияға бөлiндi: 1) қылмысты iстер; 2) даулы iстер; 3) 
басқарушы үстiнен берiлетiн шағымдар жөнiндегi iстер. Қылмысты iстерге мемлекеттiк 
опасыздық,  кiсi  өлтiру,  тонау,  барымта  және  “тағайындалған  өкiметке  көрнеу  бой 
ұсынбау” жатты. Құқық тәртiбiн бұзудың қалған барлық түрлерi, оның iшiнде мал ұрлау 
да даулы iстер деп саналды.  
 
XIX ғасырдың 40-шi жылдарында әскери соттардың рөлi, сондай-ақ әскери және 
облыстық  бастықтардың  билiгi  күшейдi.  Ресей  өкiметiне  деген  ниетi  түзу  емес  және 
“бүлiкке”қатысқан  деп  күдiктенген  адамдардың  бәрi  тоб-тобымен  өлiм  жазасына 
кесiлдi,  Сiбiрге  айдалды,  күштеу  жұмыстарына  жiберiлдi.  1842  жылдан  бастап 
қазақтардың  кiсi  өлтiру,  тонау  және  барымта  жөнiндегi  iстерiн  мiндеттi  түрде  әскери 
соттар  қарады.  Тұтастай  алғанда  “Сiбiр  қырғыздары  туралы  Жарғы”  Орта  жүз  және 
ішiнара  Ұлы жүз өңiрiнiң  қазақтарын басқару тәртiбiн реттедi. 


 
89 
 
XIX ғасырдың 30 - 50-шi жылдарында жаңа заңдар: 1838 жылғы 6 сәуiрде “Сiбiр 
қырғыздарын  жеке  басқару  туралы  ереже”,  1854  жылғы  19  мамырда  “Ресей 
империясының  жалпы  заңдарын  Сiбiр  ведомствосының  қырғыздарына қолдану туралы 
Сiбiр  комитетiнiң  Ережесi”,  1855 жылғы 23 ақпанда “Қырғыз даласында аға сұлтандар 
сайлаудың  тәртiбi  туралы    Сiбiр  комитетiнiң  ережесi”,  1856 жылғы 1 қазанда “Қырғыз 
даласының  бүкiл  сыртқы  округтерiнде  аға  сұлтандар  лауазымына  үмiткерлер 
тағайындау  туралы  Сiбiр  комитетiнiң  ережесi” қабылданды. Бұл заңдар арқылы  Ресей 
билеушiлерi  Орта  жүздi  басқаруды  империяның жер және сауда жөнiндегi саясатымен 
сәйкестендiруге  тырысты,  сол  арқылы  өлкедегi  отаршылдыққа  қарсы  қозғалысты 
жоюдан үмiттендi.  
 
Алайда,  осы  ғасырдың  екiншi  ширегiнде  Ресейде  феодалдық  -  крепостниктiк 
құрылыс  терең  дағдарысқа  ұшырап  Министрлер  кабинетiнiң  жарлығы  бойынша  1838 
жылы  Омбы  облысы  таратылып,  Сiбiр  қазақтарына  жалпы  басшылық  ету  үшiн 
Шекаралық  басқарма  құрылды.  Жаңа  басқару  құрылымының  төрағасы  және  төрт 
кеңесшiсi  тағайындалып, олардың бiрi ауқатты қазақтардан қойылатын болды. Шекара 
бастығы  мен  Шекаралық  басқарманың  төрағасы  үкiмет  указдарымен  тағайындалып, 
Батыс Сiбiр генерал-губернаторына бағынды. Аға сұлтандар, бұрынғысынша үш жылға 
сайланды,  бiрақ  ендi  оларды  Омбының облыстық бастығы емес, Батыс Сiбiр генерал-
губернаторы бекiтетiн болды.    
 
 
“Орынбор қырғыздары туралы Жарғы”. Бұл құжаттың негiзiн Орынбор генерал-
губернаторы  П.К.  Эссен  жасап  ұсынып  1824  жылы  Азия  комитетiнде  талқыланып 
қабылданған  болатын.  “Жарғы”  баптары  бойынша  Батыс  Қазақстандағы  дәстүрлі 
хандық  басқару  орнына  билеушi  сұлтандар  тағайындалып  Кiшi  Жүз  өңiрi  үш  дербес 
құрылымға  бөлiндi.  Шығыс  бөлiгiнде  халықтың  негiзгi  тобын Әлiмұлы, шөмекей және 
қыпшақ  руының  өкiлдерi  құрады.  Орта  бөлiгi  жетiру  мен  iшiнара  Әлiмұлы  ұрпағынан 
қалыптасты,  Батыс бөлiгiнiң құрамына байұлы ұрпағы ендi. Кiшi Жүздi бөлу рулардың 
қоныстануына  және  билеушi  сұлтандардың,  олардың  арасындағы  ықпалына  қарай 
жүргiзiлдi.  Билеушi  сұлтандар  iс  жүзiнде  Орынбор  шекаралық  комиссиясының 
шенеуніктерi болды. Билеушi сұлтандар билiгiнiң күшеюiмен мемлекеттiк қызметте жоқ 
сұлтандардың  қоғамдағы  орны  төмендедi,  мұның  өзi  қазақ  ариcтократиясының 
өктемдiгiн әлсiреттi. Бұнда да шекаралық комиссия құрылып, оның мiндеттерiне өңiрде 
тәртiптi  сақтау,  қазақтардан  шыққан  жергiлiктi  шенеуніктер  мен  қамқоршылардың 
әрекеттерiн  бақылау,  салықтар  жинау,  сот  iстерi,  денсаулықты  сақтау  шараларын 
қадағалау жұмыстары кiрдi. 
 
1831  жылға  дейiн  үш  бөлiктiң  қазақтары  шартты  түрде  шепке  жақын  жердiң 
және  қырдың  қазақтары  деп  бөлiндi.  Осы  жылдан  бастап  өздерiнiң  қоныстары  мен 
шекара  өңiрiне  iргелес  жатқан  халықтың  арасында  әкiмшiлiк-учаске  дистанциялар  (екi 
қамал  аралығындағы  жер)  ұйымдастырылды.  XIX  ғасырдың  ортасына  таман  54 
дистанция  ашылды.  Кiшi  жүздегi  дистанциялық  жүйе  1831  жылдан  1868  жылға  дейiн 
сақталып  келдi.  37  жыл  iшiнде  дистанциялардың  саны,  көлемi,  олардағы  рулардың 
орналасуы, халқының саны өзгерiп отырды. 
 
Дистанциялар  мен  әкiмшiлiк  ауылдарын  ұйымдастыру  бұрынғы  ру 
бастықтарының  билiгiн  шектегенiмен  толық  жойған  жоқ.  Ру  билеушiлерi  рулардың 
бәрiнде  бiрдей  болған  жоқ,  бiрақ  әрбiр  тек  пен  атаның  әрқайсысында  дерлiк  оны 
басқаратын  билер  мен  старшындар  болды.  Олардың  бiразы  дистанциялар  мен 
старшындар  ұйымдастырылған  кезде  ресми  лауазымдар  алды,  ал  ендi  бiразы  ру 
бастықтары  жағдайында  қала  бердi. Орынбор шекаралық комиссиясының мәлiметтерi 
бойынша,  241  ресми  ру  бастығына  107  ресми  емес  ру  бастығынан  келдi.  Бұған 
шаруашылық ауылдарының көптеген ауыл ақсақалдары кiрмедi, өйткенi олар рулардың 
бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң старшиналарына бағынды. Ауыл старшындарынан бастап 
билеушi  сұлтандарға  дейiн  Кiшi  жүздегi  барлық  лауазымды  адамдарды  Орынбор 
генерал-губернаторы тағайындап отырды. Мұнда сайлау жүйесiне орын берiлмедi. 
 
Кiшi  жүздегi  жергiлiктi  үкiмет  билiгiнiң    ұйымдастырылуының  бiр  ерекшелiгi 
шеп  бойындағы  қазақтарға  қамқоршы  лауазымының  (тек  патша  шенеуініктерi  ғана 
тағайындылды)  енгiзiлуi  болды.  Ресми  түрде  олар  шеп  бойындағы  қазақтарға 
қамқорлық  жасау  органдары  деп  атала  тұра,  iс  жүзiнде  отарлау  саясатын  жүргiздi. 
Cөйтiп,  XIX  ғасырдың  бiрiншi  жартысында  Кiшi  жүзде  “қамқоршылық  абсолютизм 


 
90 
жүйесi”  деп  аталатын  жүйе  қолданылды.  Бүкiл  шеп  6  қамқоршылыққа:  Гурьев,  Орал, 
Орынбор Орск, Троицк,  Михайловск  болып бөлiндi. 
 
Cот  жүйесiнде  үлкен  өзгерiстер  белгiлендi.  Iрi  iстердiң  бәрi  әскери  соттардың 
немесе Шекаралық комиссияның қарауына көштi. Тек елеусiз қылмыстар ғана халықтық 
әдет-ғұрыптар  бойынша  талқылана  алатын  болды.  Патша  әкiмшiлiгi  жергiлiктi  өкiмет 
органдарын,  соның  iшiнде  билер  сотын  да қатал жазалаушы органдарына айналдыруға 
тырысты.  Оларға  қамауға  алу,  дүре  соғып  жазалау,  Сiбiрге  жер  аударып  жiберу 
өкiлдiктерi  берiлдi. 
 
1844  жылғы  “Ереже”  бойынша  байырғы  халық  төлейтiн  мiндеткерлiктер:  шеп 
бойындағы және iшкi жақтағы тұрғындарға қызметкер болып жалданып, қырдан басқа 
жерде  болатын  қазақтарға  берiлетiн  билеттер  үшiн  төленетiн  алым,  билеттердiң 
мерзiмiн  ұзартып  алғаны  үшiн  ақшалай  айып  төлеу  және  басқа  да  мiндеткерлiктер 
енгiзiлдi.   
 
XIX 
ғасырдың 
бiрiншi 
жартысында 
ру 
шонжарларының,  билердiң, 
старшындардың,  ру  билеушiлерiнiң  құқылары  шектелiп,  оларды  Ресей  әкiмшiлiгi  өз 
бақылауына  алды.  Бұның  өзi  бiрте-бiрте  билер  беделiн  түсiрiп  тiптi  олардың  сотын 
жоққа  шығарды.  Осы  кезде  сұлтандар,  батырлар  институтының  да  маңыздары 
құлдырады. Нақ осы себептерден төленгiттер институтының да күнi өттi.  
 
Сөйтiп,  XIX  ғасырдың  бiрiншi  жартысындағы  қазақ  жерiндегi  территориялық  - 
әкiмшiлiк  реформалар  Қазақстанды  басқарудың  жаңа,  Ресей  мемлекетiнiң  отарлау 
мүддесiн қанағаттандыратын жүйесiн орнықтырды. Орыс өкiметi құрған сұлтандардың, 
әкiмдердiң,  болыс  басқарушылырының,  ауыл  ағамандарының  әкелген  заңдық 
институттары  қазақ  қоғамының  табиғи  өзiн-өзi  реттеу  механизмiне  дәл  келе  бермедi, 
бiрақ сонымен бiрге Ресей заңдарының, бақылаушы және реттеушi қызметiне де әлi дәл 
келе қоймады. Бұл көшпелiлер қоғамының әлеуметтiк механизмiнде дағдарыстық ахуал 
туғызды,  сөйтiп,  осыдан  кейiн  әр  түрлi  әлеуметтiк  топтар  тарапынан  қысым 
көрушiлiктiң  табиғи себептерi туындай бастады. 
 
4.  60-шы  жылдарының  орта  шенiнде  қазақ  өңiрiнiң  Ресей  қол  астына  қарауы 
аяқталды.  Патша  өкiметi  Қазақстанды  отарлауды  бiршама  жүйеге  келтiргеннен  кейiн 
бұл жерлердегi мемлекеттiк құрылымды орталықтандыру саясатын одан әрi тереңдете 
түстi.  Белгiлi  20-40-шы  жылдардың  реформасынан  кейiн  жан-жақты  қамтыған 
басқарушылық  өзгерiс  XIX  ғасырдың  60  -  90-шы  жылдарында  жалғастырылды. 
Қоғамдық  өмiрдiң  әртүрлi  салаларын  қамтыған  реформалар  1867-1868  жылдардағы 
мемлекеттiк  құжаттар  бойынша  жасақталды.  Крепостниктiк  право  жойылғаннан  кейiн 
Ресейде өнеркәсiптiң қарқынды дамуы Қазақстанның өнiм өткiзетiн аса бай рынок және 
арзан  шикiзат  көзi  ретiндегi  рөлiн  күшейте  түстi.  Жаңадан  отарланған  жерлердi  игеру 
үшiн Қазақстанды патшалық әкiмшiлiк жүйесiне тез арада және терең дәнекерлеу қажет 
болды. 
 
Осындай мақсатпен 60-шы жылдардың бас кезiнде Сiбiр комитетi төрағасының 
басшылық  етуiмен  арнаулы  комиссия  құрылды.  Комиссия бүкiл қазақ даласын Батыс 
және Шығыс облыстарына бөлудi ұсынды. Алайда бұл ұсынысты әскери және iшкi iстер 
министрлiктерi мақұлдамағаннан кейiн 1865 жылы Қазақ даласын басқарудың жобасын 
дайындау  үшiн  “дала  комиссиясы”  құрылып,  оның  құрамына  iшкi  iстер,  әскери 
министрлiктердiң  өкiлдерi  және  Орынбор  мен  Батыс  Сiбiрден  “депутаттар”  ендi.  II 
Александрдiң  1865  жылғы  5  шiлдедегi  рескриптiне  /заңды  құжат/  сәйкес  комиссияға 
қойылатын  сауалдар  белгiлендi,  онда  империядағы  азаматтық  әкiмшiлiктiң  жалпы 
негiздерiне  сүйене  отырып,  қазақтарды  басқарудың жаңа жүйесiн енгiзу және олардың 
арасында  христиан  дiнiн  таратудың  мүмкiндiктерiн  де  анықтау  мiндеттелдi.  Жалпы 
Қазақстанды басқарудың жаңа жүйесiнiң жобасын патша үкiметi үкiметтiк шенеунiктер 
дайындалатын  үлгi  негiзiнде,  Сейдалин,  Шыңғыс  Уәлиханов,  Муса  Шорманов  тәрiздi 
сұлтандардың т.б. белсендi қатысуымен әзiрледi.   
 
1865  және  1866  жылдары  комиссия  Сiбiр,  Орынбор  қазақтары  және  Түркiстан 
облыстарын  зерттеу  негiзiнде  1867  жылы  11  шiлдеде  “Жетiсу  және  Сырдария 
облыстарын басқару туралы уақытша ереже ”, ал 1868 жылы 21 қазанда “Орынбор және 
Батыс-Сiбiр  генерал-губернаторлықтарының  далалық  облыстарын  басқару  туралы 
уақытша ереже” бекiтiлдi.  


 
91 
 
Бұл  құжаттардың  шарты  бойынша  Қазақстан  өңiрi  үш  (Түркiстан,  Орынбор, 
Батыс-Сiбiр)  генерал-губернаторлыққа  бөлiнiп,  ондағы  бүкiл  әскери  және  азаматтық 
өкiмет  билiгi  түгелдей  генерал-губернатордың  қолына  шоғырландырылды.  Әрбiр 
генерал-губернаторлық  облыстардан  құралды,  яғни  Орынбор-Орал  және  Торғай 
облыстары,  Батыс-Сiбiр  -  Ақмола  және  Семей  облыстары,  Түркiстан  -  Жетiсу  және 
Сырдария  облыстарынан  тұрды.  Бұрынғы  Бөкей  хандығының  өңiрi  1872  жылы 
Астрахань губерниясына қосылды; Маңғышлақ приставтығы 1870 жылы Кавказ әскери 
округiнiң  қарауына  берiлдi,  ал  бiраз  кейiнiректе  Закаспий  облысына  ендi.  ¤з  кезегiнде 
облыстар  -  уездерге,  уездер  -  болыстарға  бөлiндi.  Түркiстан  генерал-губернаторының 
мiндетiне  әскери  және  азаматтық  билiктермен  бiрге,  көршi  Қытай,  Иран  және  басқа 
мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар жүргiзiп отыру тапсырылды. 
 
Облысты  әскери  және  азаматтық  өкiмет  билiгi  берiлген  әскери  губернатор 
басқарды. Облыс территориясына орналасқан казак әскерлерiне тағайындалған атаман 
да  соның  өзi  болды.  Жетiсу  және  Сырдария  облыстарының  әскери  губернаторлары 
шекаралық  iстермен  де  айналысты.  Әскери  губернатор  жанынан  жарлықшы, 
шаруашылық  және  сот  бөлiмдерiнен  тұратын  облыстық  басқармалар  құрылды,  әрбiр 
бөлiмдi  аға  кеңесшi  басқарды.  Облыстық  басқарма  төрағасының  мiндетi  вице-
губернаторға жүктелдi
 
Басқарудың  жаңа  жүйесi  көшпелiлер  өмiрiнiң  патриархалды-феодалдық 
құрылысын  шайқалтты,  сұлтан-билер  мен  ағамандардың  билiгiн  шектедi.  1867-1868 
жылдардағы реформаларды жүзеге асыру рулық ақсүйектердiң ықпалы әлсiреуiне әкеп 
тiредi,  мұның  өзi  олардың  құқықтық,  экономикалық  және  саяси  жағдайларынан  көрiне 
бастады. 
 
Әкiмшiлiктiк  басқару  жүйесі  әскери  құрылым  сипатында  болды.  Облыс  билік 
басында  әскери  және  азаматтық  билiктi  толық  өз  қолында  ұстаған  генерал-
губернаторлар  (әскери  округ  қолбасшысы  да  солар  болды)  отырды.  Әскери  және 
азаматтық билiктi ұштастырып жүргізу  - қазақ даласын жаңа реформа шарты бойынша 
отарлау  жолдарын  қайта  құрудың  басты  принципi  еді.  Ереже  бойынша  болыс 
басқарушысы  өз  қолына  полиция  және  тәртiп  орнататын  билiктi  шоғырландырды.  Ол 
“тыныштық пен тәртiп” сақтаудың, салық және тұрғындардың ортақ міндеттерін өтеуiн 
қадағалап  отырды.  Билер  соты  шешiмдерiн  орындауын  бақылау  да  оның  қызметiне 
жатты.  Ауыл  ағамандары  өз  қызметi  шеңберiнде  болыс  басқарушылары  атқаратын 
мiндеттердi де орындады. Қазақ шаруалары мейлiнше ауыр земстволық мiндеттердi де 
атқарды:  олар  ауылдық-болыстық  әкiмшiлiктi  асырады,  көпiр,  пошта  жолдарын 
жөндеуге қаржы берiп, әскери бөлiмдердi көлiкпен  қамтамасыз етті. 
 
1867-1868  жж.  Реформа  шарты  бойынша  әскери-сот  комиссиялары  мен  уездiк 
соттар құрылды, олар Ресей мемлекетiнде қабылданған заңдар негiзiнде жұмыс iстедi. 
Осымен  бiрге  ауылдарда  билер  соты және Сырдария облысы қыстақтарында қазылар 
соты  сақталып  қалды.  Дала  облыстан  тыс  жерлерде  жасалған  қылмыс,  қазақ 
малшыларының  қылмыстық  және  азаматтық  iстерiн  жалпы  империялық  заңдары 
негiзiнде  уездiк  судьялары  қарады.  Бұл  “Ережелер”  екi  жыл мерзiмге тәжiрибе болып 
уақытша  қабылданды.  Алайда,  бұл  “тәжiрибені”  енгізу мерзімі тұрақты халыққа терiс 
әсер  етуi  ықтимал  деген  желімен  20  жылдан  астам  уақытқа  созылды.  XIX  ғ.  80-шi 
жылдары  аяғы  мен  90-шы  жылдарының  бас  кезiнде  ғана  орталық  үкiмет  орындары 
өлкеде  әкiмшiлiк-сот  реформаларын  өткiзудi  аяқтауға  кiрiстi.  Мұның  өзi  Ресей 
билеушілерінің  Қазақстанда  шексiз  үстемдiк  етуiне  берiк  құқықтық  негiз  құрған  заң 
жүзiндегi түзетулер едi. 
 
1886  жылы  2  маусымда  “Түркiстан  өлкесiн  басқару  туралы”,  1891  жылғы  25 
наурызда  “Ақмола,  Семей,  Жетiсу,  Орал  және  Торғай  облыстарын  басқару  туралы 
ереже”  жарияланды.  Бұл  құжат  шарты  бойынша  Түркiстан  құрамына  Ферғана, 
Самарқанд  және  Сырдария  облыстары  ендi.  Сырдария  облысы  Әмудария  бөлiмiнен 
және Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата және Ташкент сияқты бес уезден құралды. 
Ал  бұрынғы  Орынбор  және  Батыс-Сiбiр  губерниялар  орнын  орталығы  Омбыдағы 
Далалық (Степной) генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, 
Орал,  Торғай  және  Жетiсу  облыстары  ендi.  1897  жылы  Жетiсу  облысы  қайтадан 
Түркiстан генерал-губернаторлығы құрамына ауыстырылды. 


 
92 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет