Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет18/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Қазақтардың тауар-ақша қатынастары түрленіп жан-жақты қанат жайып өзгеруі 
тек XIX-шi ғасырдың соңғы ширегiнде ғана басталды. 
 
2.  Қоғамдағы  әлеуметтiк  ұйымдасу  -  адамдар  арасындағы  ата-тектен 
қалыптасқан  қарым-қатынас  түрлерiнiң  әр  алуандығына,  яғни,  қандас  туыстық 
отбасылық,  шаруаға  ыңғайына,  әскери,  мәдени,  этностық  және  байланыстың  басқа 
түрлеріне негізделген. Бұл жөнiнде белгiлi зерттеушiлер былай жазады:”Қырғыздардың 
жерге меншiгi - қауымдастық иелiк, әрбiр ру мен оның тармақтарының жыл кезеңдеріне 


 
83 
байланысты  жайылымы,  егістік  жерлері  мен  қоныстары  болады.  Әйтседе  әр  ру  өз 
жерлерiн  басқа рулар өкілдерінің  иеленбеуін  қызғана бақылап отырады.” 
 
Жылдың  әр  маусымында  қоныс  аудару  сипатының  өзгешiлiгiне  қарай 
Қазақстанда  қауымдасудың  екi  түрi  қалыптасты.  Қысқы,  ерте  көктемгi  және  күзгi 
кезеңдерде  көлемi  жағынан  әдетте  орта  есеппен  алғанда  қысқы  қой отарына (300-400 
бас)  сәйкес  келетiн  (5-6  үй  қожалығы)  шағын  қауымы  болды.  Жылдың  мезгiлдерiнде 
қауым  көлемi  қыстақ  жанындағы  жайлаудан  азығын  тауып  жеуге  қабiлеттi  мал  есебі 
айқындалып  отырды  және  сол  төңiректегi  шөптiң  өніміне  тәуелдi  болды.  Қыстау 
айналасындағы 2-4 шақырым қашықтағы мал жайылатын учаскелер - тек еңбектi және 
жекешелердi  бiрлестiру  түрi  ғана  емес,  сонымен  бiрге  жердi  иеленушi  және  жердi 
пайдаланушы бiрлестiгі  және осы қауымның меншiгi болып табылды. 
 
Қауымның  екiншi  түрi,  әдетте  жазғы  айларда  жайылым  жерлердiң  көлемiне, 
малдың  қажеттi  су  көздерiмен  қамтамасыз  етiлуiне  орай  ұйымдасып  екi-үш  шағын 
қауымның  ұйымынан  тұрды.  Судың  негiзгi  көздерiн пайдалануда меншiктi қатынастар 
болып,  шөлейіт  аудандарда  қауымның  су  көздерiне  меншiгi  “бiрiншi  пайдалануға” 
құқықты  болды,  ал  табиғи  су  көздерi  мол  шұрайлы  аудандарда  -  ‘’алдымен  басып 
алушы’’ құқықты еді. 
 
Кеңейтiлген  қауым  өз  кезегiнде  әртүрлi  қауымдас  топтардың  жердi пайдалану, 
мал  жайылымы  мен  су  көздерiн  бөлу,  көшiп-қону  бағыттарын  үйлестiру  жөнiндегi 
қарым-қатынастарын реттеп отыратын неғұрлым аумақты әлеуметтiк топтарға ұласты 
(ру,  тайпа,  қамқоршы,  көшпелi  қауым). Осымен қатар қазақ қоғамында генеалогиялық 
(шығу  тегi)  туыстығы  арқылы  адамдардың  әртүрлi  иерархиялық-әлеуметтiк  топтарға 
ұйымдасу  түрiндегi  тармақты  ру-тайпалық  топтары  орын  алды.  Соңғы  ғылыми 
тұжырымдар  бойынша XVII ғ. мен XVIII ғ. ортасында Ұлы (жалайыр, ошақты, қаңлы, 
шанышқылы,  дулат,  албан,  суан,  шапырашты,  үйсiн,  сiргелi,  ысты),  Орта  (арғын, 
найман,  қыпшақ,  керей,  қоңырат)  және  Кiшi  (әлiмұлы,  жетiру,  байұлы)  жүздер 
құрамында  112  ру-тайпалық  бөлiнiстер  кiрген.  Ру-тайпалық  ұйымдар  атқаратын 
әлеуметтiк  мiндеттердiң  жиынтығы  және  жетi  атаға  дейiнгi  қатаң  туыстас ағайындық 
оны үлкен қамқоршы деп көрсетуге мүмкiндiк бередi. 
 
Генеалогиялық  /тектік/  туыстық  жүйесi  қоғамдық  санаға,  отбасы-неке  және 
әлеуметтiк-тұрмыстық қарым-қатынастарға, мемлекеттiк құрылымға тарады. Аталған 
жүйе  қазақтардың  әлеуметтiк-экономикалық  өмiр  саласына  да  белгiлi  дәрежеде  әсер 
еттi.  Әр  қазақ  туысқандарының  кiнәсiне  кепiлдiк  беру,  қарызы  мен  құнын  өтеу, 
туыстарын  қудалаудан  қорғау  және  жан-жақты  қолғабыс  көрсету  борышын  айқын 
сезiнген.  Осы  принцип  арқылы  дүниеден  озғанның  мүлкiне  мұрагер  болу  және  оның 
жас  балаларын  өсiрiп-жеткiзудi  мiндетiне  алу,  әмеңгерлiк  құқық,  үйлену  тойына, 
жерлеуге т.б. байланысты салт- жораларын материалдық-рухани тұрғыдан қамтамасыз 
ету мәселелерi реттелiп отырды. 
 
Жоғарғы  қамқоршы  топтар  (рулар,  ру,  жүздер  қауымдастығы)  дәрежесiнде, 
генеалогиялық  байланыстар  тұрғысынан  талдағанда  билік  пен халық арасындағы пiкiр 
мен  саясат  маңызды  рөл  атқарды.  Сөйтiп,  қазақ  қоғамын  мемлекеттiк  саяси 
орталықтандыру  жағдайында  генеалогиялық  туыстық  жүйесi  әлеуметтiк  қарым-
қатынастарды реттеп отырудың негiзгi  тұтқасы саналды. Қазақтардың үкiмет құрылымы 
тайпалардың  генеалогиялық  сабақтастығы  (төменгi  шендердiң  жоғарғысына  бағыну 
тәртiбi) тұрғысында көрiндi. 
 
Осындай  қоғамдық  қатынастар  өндiрiс  еңбек  құралдары  мен  өнiм  өндiру 
процесiне  терең  ықпал  етті.  Талдап  отырған кезеңде қазақтардың дәстүрлі құқығында 
өндiрiс  құралдарына  меншіктің  бiрнеше  түрi  тараған:  1)  мал  мен  мал  шаруашылығы 
өнiмдерiне  деген  меншiктiң  адамның  дербес-отбасылық  меншiгi;  2)  жерге  немесе 
дәлiрек  айтқанда  қысқы  жайылымдарға  қауымдық  меншiк;  3)  үлкен  қауымның  су 
көздерiне меншiгi; 4) қауымдар бiрлестiгi пайдаланатын малшылар тобы көшiп-қонатын 
аймаққа деген экономикадан тыс меншiгi. 
 
 Осы  заманғы  зерттеушiлердiң  пайымдауынша,  XVIII-XIX  ғғ.  ортасындағы 
қазақтардың  көшпелi  қоғамындағы  өндiрiстiк  қатынастарға  тән  сипат  -  әлеуметтiк 
ұйымдардың  (отбасы,  қауым,  қауымдар  бiрлестiгi-ассоциациясы)  әртүрлi  буындары 
арасында  меншiк  құқығының  барынша  бытыраңқы  болғанын  білеміз.  Меншiк 
дәрежесiнен  дамыған  Азия  немесе  Еуропа  елдерiмен  салыстыратын  болсақ,  қазақ 


 
84 
қоғамында  аталған  меншіктің  классикалық  түрі  болмай  көшпелiлер  тек  жер мен суды 
пайдалану құқығын нақтылы аймақта ғана пайдаланған. Сондықтан қазақ қоғамындағы 
өндiрiстiк  қатынастарға  меншiктiң  негiзгi  және  бастапқы  түрi  -  малға  жеке  меншiктiк 
болып табылады. 
 
Мал  меншігіне  тән  ерекшелiк,  байлар  табындарында  неғұрлым  ширақ  жүрiстi 
малдардың  (жылқы,  түйе,  қой)  үлес  салмағы  басым,  ал  мүйiздi  iрi  қара  (сиыр,  өгiз) 
мейiлiнше  аз  болуы.  Сайып  келгенде,  неғұрлым  ширақ  жүрiстi  малдары  көп  иелiктер 
өздерiнiң кедей ағайындарына қарағанда жайылымдарға әлдеқайда жедел көшiп барып, 
мал  бағуға  ыңғайлы  жерлердi  бiрiншi  пайдаланған.  Ал  бұндай  мүмкiндiктерi  шектеулi 
шаруалар  бай  туыстарынан  кейін  барып,  олардың  малы  жайланған  жерлердi  ғана 
пайдалана алған. Осыған байланысты жағдайды өз көзiмен көргендер “кiм бұрын барса, 
сол ең шұрайлы өрiстердi иелендi де, басқалар, кешiккендiктен де, жайсыз жер болсада 
пайдаланған” - деп атап көрсеткен. 
 
Осы  кездегi  қазақтың  бай  мал  иелері  саны  тұтас  алғанда  аса  көп  болмаса  да 
олардың  меншiгiндегi  малдың  үлесi  қоғамды  билеуге  зор  ықпал  еткен.  XVIII  ғ. 
зерттеушiлерi  “бай  қырғыздар  меншiгiнде  бес,  он  мың  жылқы  болды.  Мұндай  байлар 
өзiнiң  үйiрiндегi  жылқы  санын  анық бiлмейдi де”  -деп жазады. Сайып келгенде, XVIII-
XIX  ғғ.  ортасындағы  қазақ  қоғамының  әлеуметтiк-экономикалық  дамуында  малдың 
салыстырмалы түрде аздаған ғана жеке адамдар иелiгiнде болғаны айқын көрiнедi. 
 
Тарихтың күрделі мәселерiнiң бiрi-осы кездегi қазақ қауымында қанау дәрежесi 
мен  шеңберi  қандай  болған  деген  сауалға  тiреледi.  Ғылыми  зерттеулердiң  басым 
көпшiлiгiндегі  тұжырым  бойынша  қазақ  қоғамындағы  қанаудың  негiзгi  түрi  қауым 
шеңберiнде  дүние-мүлкiне  қарай  сараланған  жеке  адамдардың  бiрлескен еңбегiнiң тап 
өзi  болды.  Қауымдағы  әрбiр  үй  қожалығы  өзiнiң  жеке  меншiгiндегi  мал  үлесiне 
қарамастан  қауым  малын  кезектесiп  жайып  бақты.  Осы  бiрлесiп  атқарған  iстегi 
жұмсалған  еңбек  пен  оның  өнiмдерiн  иелену  мен  тұтынудың  жеке  меншіктік  сипаты 
арасындағы  айырмашылық  “бiреулер  үшiн  қосымша  өнiм  мөлшерiн  және  екiншiлерi 
үшiн қаналу дәрежесін құрады.” 
 
Қазақ  қоғамында  қанаудың  табиғаты  мен  мазмұнын  байлардың  кедей 
шаруаларына  өз  малын  уақытша күтiмге беріп, олардан алынатын сауын сияқты алым 
түрiнен  де  көруге  болады.  Бай  малын  күтуге  алған  көшпенді  кедейлер  өз 
“қамқоршысының”  малының  басы  түрлі  себептермен  кеміген  жағдайда  оның  орнын 
толтыруға  мiндеттi  болған.  Сырт  жерлерде  кедейленген  байларға,  орыс  қоныс 
аударушыларына  және  казактарға,  тау  кенiштерiндегi,  тұз  кәсiпшiлiгiндегi  және 
аймақтың  өнеркәсiп  орындарындағы  маусымдық  жұмыстарға  жалданып  күн  көруі  де 
етек алды. 
 
Өндiрiстiк  қатынастардың  тағы  бiр  ерекшелiгi-қауымның  қатардағы  мүшелерi 
мен  бай  мал  иелері  тек  өзара  бiрлесiп  белсендi  iс-әрекет  жасағанда  ғана  мал 
шаруашылығын  оңды  жүргiзiлiп,  бірқалыпты  дамуын  қамтамасыз  етiлуi.  Себебi,  бай 
көшпелiлермен  бiрлесу  кедейлерге  күнделiктi  азық-түлiк  қажетiн  шешуге,  отбасын 
асырай  алатындай  қажеттi күнкөрiстiк жағдай туғызды, ал малы бар шаруалар  осылай 
ұйымдасу  арқылы  өзiнiң  иелiгiндегi  мал  басын  көбейту  мақсатындағы  талпынысын  iс 
жүзiне  асыруға  толық  мүмкiндiк  алды.  Осылайша қазақ қоғамының екi табы бiрiн-бiрi 
толықтырып,  бiрыңғай  әлеуметтiк-экономикалық  комплекстiң  құрамдас  бөлiктерi 
ретiнде көрiндi. 
 
Әлеуметтiк  жiктелу  еңбектi  қоғамдық  бөлiсу  мен  қоғамның  әлеуметтiк-
экономикалық  құрылымын  дербес  адамдарды,  бiрлестiктер  (корпорациялар)  мен 
топтарды, олардың атқаратын әлеуметтiк мiндеттерiнiң күрделiлiгi мен маңыздылығына 
қарай  орналастырудың  оңды  үлгiсi  болып,  субъективтi  ұғыну  процесiнен пайда болды. 
Бұл  ретте  қазақтардың  әлеуметтiк-экономикалық  құрылымы  мен  әлеуметтiк  жiктелуi 
көбiнесе  бiр-бiрiмен  үйлеспедi,  ал  кейде  қарама-қайшылыққа  килiктi.  Адамның 
әлеуметтiк  орны  (статусы)  әрдайым  оның  ерекше парасаттылығына байланысты бола 
бермеген. 
 
XVIII  ғ.  мен  XIX  ғ.  орта  шенiнде  қоғамдық  топтарға  жіктелуінде  қоғам 
мүшелерінің  ежелгi  заманнан  қалыптасқан  “ақсүйек”  және  “қарасүйек”  тектерiне 
бөлінуі  шешуші  рөл  атқарды.  Ақсүйек  өкiлдерi  қоғамдық  қатынастарда  өздерiнiң 
әлеуметтiк  оқшауланғандығына  қарай  сырттан  ешкiм өте алмайтын жеке адамдардың 


 
85 
артықшылықтары  арқылы  пайда  болған  жабық  бiрлестiк  тұрғысында  танылды. 
Ақсүйекті екi айрықша құрметтi топ – төрелер мен қожалар құрады. 
 
“Қарасүйектiң”  билеуші  шыңғыс-қожа  тегінен  өзгешелiгi    сословиелiк-бiрлестiк 
топтары жеке басының сапасы мен меншiк жағдайына қарай кез-келген жеке адамның 
қол  жеткiзуiне  болатын  ашық  статус  болуында  еді.  Оның  қатары  би,  батыр,  ағаман 
(старшын) тобынан құралды. Бiрақ қазақ халқының ерiктi қауым болып саналған үлкен 
бөлiгi тектiк белгiлерi бойынша ешбiр жiкке жатпады. Осы олардың қазақ қоғамындағы 
үстем табынан айырмашылығы. 
 
Қаралып  отырған  кезеңде  ежелгі  заманда  қалыптасқан  қоғамның  ерекше 
қалаулы  тобы “ақсүйектiң” негiзi саналатын  төре (сұлтандар) үлесі қоғамның билеушi 
тобын  құрды.  Зерттеулердiң  көбiнде  ол  Шыңғыс  әулетiнiң  аға  тармағы  -  Жошы 
ұрпақтары деп тұжырымдалған. Төре әулетi қазақ елiнiң мемлекеттiк, саяси-әлеуметтiк 
өмiрiнде  ерекше  рөл  атқарған.  Төре  (сұлтандар)  өзiнiң  дүниеге  келуiнен  бастап  жеке 
адамның  iс  жүзiнде  үстем  тапқа  жататынын  бiлдiретiн  және  оның  қоғамдық 
қатынастарды тәртiпке келтiру, жөнге бағыттауда айрықша құқыққа ие болды.  
 
Қазақ қауымының екiншi бiр ерекше, iрiктелген қалаулы тобы, ислам дiнi негiзiн 
уағыздаушылар  -  қожалар  құрды.  Мұрагерлiк  артықшылыққа  ие  болған  қожалар 
қазақтардың рухани өмiрiнде  маңызды рөл атқарып, мемлекеттiң саяси құрылымына аса 
көп  араласпаған.  Мұның  өзi  көшпелiлер  арасында  ислам  дiнiнің  баяу  тарауынан 
байқауға болады. 
 
Көшпелiлер қауымында төрешілiк ететiн, яғни сот билiгiн атқарушы-билер “қара 
сүйектiң”  артықшылығын  пайдаланатын  әлеуметтiк  топты  құраған.  “Би  деген  сөздiң 
астары  сөзге  шешен,  бай,  әрi  шамдағай  адамдар  екенiн  бiз  ұғынуымыз  керек”  деп 
жазылған  көптеген  деректерде.  Қауымдағы  билердiң  артықшылықтығы  -  құқықтық 
реттеудiң, қазылық пен бітімшіліктің үлкен қоғамдық мәнiмен айқындалды. Ал мүлiктiк 
қатынастар  жүйесiнде  айрықша  құқықпен, соның iшiнде кiнәнi iздестiру (билiк жүргiзу) 
ақысы он бөліктің  бiрiне  теңеліп қосымша табысты пайдалану құқығынан анық көрiндi. 
 
Ел  аузындағы  аңыз  бен  ертегiлерде  кең  тараған  әлеуметтiк  топ  батырлардан 
құралған. Тарихи  деректер пайымдауынша:”қазақтар батыр деп батыл, әдiл және тапқыр 
адамдарды  айтады,  соғыс  кезiнде  -  бұлар  нағыз  шабандоздар”  -  деп  сипатталған. 
Сондықтан,  батыр  атағы  ешқашанда  мұрагерлiкке қалдырылған емес, оны әркiм жеке 
басының ерлiгiмен алып отырған. Батырлардың ерекше құрметтелуi қазақ қоғамындағы 
қаралып  отырған  тарихи  кезеңдегi  әскери-басқару  құрылымының  үлкен  рөл 
атқаруымен,  демек,  әскери  қарсыласу  дәуiрiнде  батырлар  –  көсемдер  ие болатын зор 
билiк  ықпалымен  анықталды.  Бiрте-бiрте  шамамен  XIX  ғ.  ортасында  қазақ  елiнiң 
шекараларында  саяси  және  әскери  жағдайдың  бейбiтшiлiк  калпына  келуiне  орай 
батырлардың қоғамдағы маңызы әлсіреп олар екiншi сатыға түсті. 
 
Қазақ  қоғамының  әлеуметтiк  құрамында  өздерiнiң  еңбектерi  арқылы  жоғары 
үкiметің  сый-құрметі  мен  түрлi  жеңiлдiктеріне  ие  болғандар  (салықтан  босатылған) 
тархан қатарын құрады. Олар заманының түрлi ауқымды оқиғаларына орай көшпелiлер 
ұжымдарын  билеу  жүйесiнде  қандай  да  бiр  лауазымды  қызмет  орындарын  алуға 
мүмкіндігі  болған.  Бiрақта,  iс  жүзiнде  өмiрдiң  сан-қилы  ауыр  жағдайында 
“тархандардың артықшылығы” әдетте ұмыт қалатын, сондықтан бұл топтың орны қазақ 
қоғамында көзге түсе бермейтiн-дi. 
 
Қазақтардың  әлеуметтiк-билеушi  топтары  құрамында  сан  жағынан  ең  көп 
болғандар  -  ағамандар.  “Бұл  бастықтар  немесе  кiнәздер,  аймақтың  ең  бай, барынша 
құрметтелетiн  абыздары  және  сондықтан  да  хан  олардың  билiгi  шектеулі  болуына 
қарамай,  кейбiр  жәйттерде  олардың  мүмкіндігін  ескерiп  әрекеттер  жасай  алды”  -деп 
жазады зерттеушi И.П. Фальк. Ағаман (ақсақал) атағын қазақтарда өмiрден мол көрген-
бiлгенi  бар,  ақыл-парасаттылығымен  елге  сыйлы,  айтқан  сөз-ойына  ағайын-тумалары, 
ауылдастары  ақыл  тоқтататын,  шаруашылықты  жүргiзуден  тәжiрибесi  көп  адамдар 
болған. Ақсақал деген сөздiң бар ауылдастар үшiн заңдық күшi болды, сондықтан оның 
әмiрi  сөзсiз  орындалып  отырды,  өйтпеген  жағдайда  олардың  қай-қайсысы  да  өз 
ақсақалын  тыңдамағаны  үшiн  өз  туыстарының  қудалануына  ұшырайтын.  Ағаман 
ақсақалдар  өз  қатарларынан  басқа  әлеуметтiк  топтар  толықтырып,  қазақ  қоғамының 
бүкiл әлеуметтiк жiктелу жүйесiнiң  негiзiн  құрды. 


 
86 
 
Қазақстанда ең көп және тәуелдi топ құлдар мен төлеңгiттер болған. Төлеңгiттер 
деп  сұлтандар  тапсырмасын  орындауда  жүретiн  адамдарды  атаған.  Олардың  шығуы 
жоңғарлармен тартысқа және екi арадағы көп жылғы соғыс кезiнде жоғары үкiмет пен 
оның  өкiлдерi  -  сұлтандардың  “әскери  мiндеттердi  атқаратын”  адамдарға  деген 
сұранысты қанағаттандырудан туған.  
 
Тәуелдiлер қатарына тұтқындар, әдетте ресейлiктер, қалмақтар, ирандықтар т.б. 
арасынан  iрiктелген  құлдар  да  жатты.  Алайда,  қазақ  қауымында  құл  иеленушiлiк  кең 
таралмады  және  ол  патриархалдық  үй  қызметкерi  шеңберiнен  шықпады.  Құлдар 
негiзiнен  үй  шаруасындағы  қызметтерді  атқарды;  олар  қожайындарының  мал-
шаруасына қарады, егіс салып жер өңдедi, отбасы шаруасын iстедi. 
 
Сайып  келгенде,  қазақ  қоғамында  XVIII-XIX  ғғ.  экономикадан  тыс 
қатынастардың  дамуы  кең  болмағанын дәлелдейдi. Қазақтардың қоғамдық дамуының 
ерекше сипаты көптеген тұрақты категориялардың толық ашылмай, әлеуметтiк, әскери-
саяси  және  сотқа  жататын  мiндеттердi  жүзеге  асыруда  терең  маманданудың  орын 
алмағандығына  себепшi  болды.  Ал  осының  салдарынан  әлеуметтiк  институттар    мен 
сословиелердi қалыптастыру процестерiнiң  үстемдігі орын алды. 
 
XVIII-XIX ғғ. қазақтардың әлеуметтiк-саяси ұйымдарының негiзгi буындары екi 
түрлi  құрылымнан  тұрған.  Олар:  1)  өз  шеңберiнде  қоғамдық  қатынастарды 
экономикадан  тыс  реттеу;  2)  реттеу  мен  үйлестiрудi  жүзеге  асыратын  әлеуметтiк 
организмдер мен әскери-саяси мiндеттердi орындайтын құрылымдар.  
 
Қауымаралық  қатынастар  дәрежесiндегi  жердi  пайдалануды,  малды  жайып 
бағуды,  көшiп-қону  бағыттарын,  жайылым  жерлердi  ұйымдастыру  жүйелерiн  реттеп 
отыру  мiндеттерi  қауымдарда  шоғырланды.  Iс  жүзiнде  көшiп-қону  жүйесi  белгiлi  бiр 
ережелерге  бағынды.  Ру  мәселелерi  хан-сұлтандардың,  ру  басылары  мен  ағамандар 
құқығындағы iс болды.  
 
Қауымдар  бiрлестiктерiнiң  екiншi  бiр  маңызды  мiндетi  экономикадан  тыс 
қатынастар  арнасын  былай  бөлуге  болады:  а)  қазылық  айту  мен  бақылау  жасау;  б) 
кiнәлiлердi  жазалау;  в)  қауымаралық  қайшылықтар  мен  жанжалдарды  шешу;  г) 
қорғаныс  пен  шабуылдар,  соның  iшiнде  барымта  ұйымдастыруды  және  басқаларын 
жан-жақты тәртiпке шақыру.  
 
Қауымдардың  әр  түрiн  жылдың  жазғы  айларында  және  оның  басқа  бөлiктерiн 
құрайтын  көшiп-қону  кестесiн  өзге  маусымдарда  одақтастыратын  осы  құрылымдық 
бiрлiкпен  қатар,  көшпелiлер  арасындағы  және  оның  сыртындағы  әскери-саяси 
қатынастарды  реттеп  отыру  мiндетi  саналатын  құрылымдық  ұйым өмiр сүрдi. ¤мiрде 
туындайтын  iшкi  және  сыртқы  саяси  проблемалардың  бәрi  саяси  жолмен  де,  әскери 
шаралармен де шешiлетiн болғандықтан қарсыласу кезеңiнде осы екi мiндетте бiр қолға 
(хандар,  сұлтандар  немесе  батырлар  қолына)  шоғырланып,  ал  бейбiт  өмiр  кезiнде 
бұрынғы қалыпында болды. 
 
Қазақтардың  әскери-саяси  ұйымдары  құрылымы  әскери  және  саяси  жағынан 
неғұрлым қуатты тайпалардың үсемдігі тұрғысында қалыптасты. Бұл ретте бiрiншiлерi 
осы  ұйымның  өзегiн  құрды.  Айталық,  Абылай  сияқты  iрi  мемлекет  қайраткерінiң 
даналық  ықпалы  Орта  жүз  құрамындағы  аса  iрi  тайпа-арғындар  тектік  беделіне 
негiзделдi,  Қайып  хан  ықпалы  шектi  мен  төртқара  көшпелiлерiнiң  күшiне;  Барақ  хан-
наймандарға;  Кенесары  - қыпшақтарға арқа сүйедi. Мемлекеттiк құрылым  - хандықта 
осы негiзде қалыптасып, дамып жетілді. 
 
XVIII ғ. ортасынан бастап Қазақстандағы хандық билiк жүйесi біртіндеп отаршы 
Ресей  мемлекетінің  әкімшіл  басқару  құрылымының  ықпалына  ұшырайды.  Қазақ 
қоғамының басқару-саяси ұйымдарын әлсіреткен барлық факторлар комплексi арасынан 
бұл  неғұрлым  белсендi  (бiрақ  бiрден-бiр  емес)  фактор  болды.  Көшпелiлер  қоғамынан 
әлеуметтiк  қолдаушы  iздестiру  үстiнде  Ресейдiң  әкiмшiлiк-саяси  жүйесi  қазақтардың 
әлеуметтiк-саяси  құрылымының  кейбiр  буындарын  жойып,  сөйтiп  отарлаушы 
империяның  Қазақстан  аймағындағы  мақсаттары  мен  мiндеттерi  бағытында  жаңа 
шараларды  жүзеге  асыру  үшiн  әскери-саяси  күштермен  нығайтылған  жалпы 
мемлекеттiк құрылымдары билiк жүргiзуiн заңдастырды.  
 
3. Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ елiндегi билік жүйесi Ресей отаршылдығы 
тереңдеген  сайын  күрт  өзгерiп,  уақыт  өткен  сайын  жойылады.  XIX  ғ.  20-40  жылдары 
Батыс-Сiбiр және Орынбор әкiмшiлiк  органдары мемлекет құрамына жаңадан тартылған 


 
87 
аймақтарда 
жалпы  империялық  территориялық-әкiмшiлiгiн  орнатады.  Қазақ 
қоғамындағы  биліктің  дәстүрлі  құрылымын  тежеп,  орталық  үкiмет  көптеген  ру 
шонжарлары  арасынан  әлеуметтiк  тiрек  iздеп,  XVIII  ғ.  аяғында  реформаға  бет  алды. 
Алайда оны iс жүзiне асыру ойлағандай нәтиже бермедi. 
 
1781  жылы  Абылай  хан  дүниеден  кеткен  соң  Орта  жүзде  оның  үлкен  баласы 
сұлтан  Уәли  хан  етіп  тағайындалады.  Оның  қатал  билігіне  наразы  болған  халық  1795 
жылы оны тақтан кетіру туралы Ресей патшасына өтініш-шағым жолдайды. 1815 жылы 
Уәли  ханның  беделiн түсiру мақсатымен үкiмет Бөкейді /ішкі орданың ханымен аттас/ 
хан  етіп  тағайындайды.  1817  жылы  Бөкей  хан  және 1819 жылы Уәли дүниеден кеткен 
соң Орта жүзде хандар тағайындалмайды. Осы оқиғалардан кейiн 1822 жылы Ресейдiң 
көрнектi мемлекет қайраткерi М.М. Сперанский осы аймақтағы қазақтарды басқарудың 
жаңа  жобасы  “Ciбiр  қырғыздары  туралы  Жарғы”  ұсынып ол құжатты орталық үкімет 
бекітеді. 
 
“Ciбiр  қырғыздары  туралы  Жарғының”  шарты  бойынша  Орта  жүзде  жаңа 
әкiмшiлiк  құрылым  мен  сайлау  жүйесi  қабылданады.  Құжатта  денсаулық  сақтау 
жөнiнде  кейбiр  шаралар  белгiлендi,  атап  айтқанда  қырдағы  бекiнiстер  гарнизондарына 
аураханалар  салу,  көшпелi  халық  арасында  шешек  ауруына  қарсы  алдын-ала  емдеу 
шараларын  жүргiзу  т.б.  Қазақ  балаларына негiзгі ереже шарттары бойынша Ресей оқу 
орындарында бiлiм алу құқы берiлдi.  
 
Жарғы  шарты  бойынша  1822  жылы  Сiбiр  екiге  бөлінді:  Шығыс  және  Батыс 
бөлімдер.  Біріншісінің  Бас  басқармасы Иркутск қаласына, екіншісінің орталығы Тобыл,  
ал  1839  жылдан  бастап  Омбыға  орналастырылды.  Батыс  Сiбiрге:  Тобыл,  Томск және 
Омбы  облыстары  кiрдi,  ал  Омбы  облысына  Орта  жүз  қоныстанған  жерлер  мен  Ұлы 
жүздiң  бiр бөлiгi кiрдi. Ол “Сiбiр қырғыздары облысы” деп аталды да, 1822 жылы оған 
арнайы “Сiбiр  қырғыздары туралы Жарғы” қабылданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет