Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Сот  жүйесінде  де  радикалды  өзгерiстер жүргізілді. Дала аймақтарын басқару 
жөнiндегi  Ережеге  сәйкес  империялық  сот  жүйесi  бiтiстiрушi  судьялардан,  облыстық 
соттардан  және  жоғары  сот  инстанциясы  тұрғысындағы  үкiметтiк  сот  болды.  Билер 
соты да өзгертiлдi олар енді сайлау арқылы тағайындалатын халық соты сипатын алды. 
Бұл  өзгеріс  шариаттың  жолымен  өткiзiлiп  жүрген  қазақ  қоғамындағы  сотына  шектеу 
болды.  
Салық 
жүйесіндегі 
реформа. 
Қазақстанның 
территориялық-әкiмшiлiк  
құрылымы  мен  әлеуметтiк-экономикалық  жүйесіндегі  өзгерiстер  жүргізілген  саясат 
мақсатына орай келетiн жаңа салық арнасын енгізуге мұрындық болды. Салық мөлшері 
әр  өңiрдегi  және  кәсiпшiлерге  әр-түрлiше  болды.  Түркiстан  аймағындағы  мал 
өсiрушiлерiнен алынатын түтiн салығы жылына 2 сом 75 тиын, ал Орынбор және Батыс-
Сiбiр өңірінде  салық әр адамнан 3 сом болып тарады. 
 
Сырдария облысының отырықшы халқы (егiншiлер) үшiн бұрын Қоқан хандығы 
белгiлеген  харадж  және  танап  алым-салығы  сол  күйінде  сақталды.  Харадж  жиналған 
өнiмнiң 1/10 бөлiгiн заттай немесе ақшалай төленетін болды. Танап алым-салығы ол тек 
ақшалай өтелетін жерлерге енгiзiлдi. Танап алым-салық мөлшерiн (танап - десятинаның 
1/8  бөлiгi)  генерал-губернатор  белгiлеп  отырды.  Дiни  орындарына  тиесiлi  (вакфтiк) 
жерлер екi түрге: яғни салық салудан билік орындары шешімімен босатылған жер және 
белгiленген алым-салық төлейтiн жер болып бөлiндi.   
 
Қазақ  шаруалары  қосымша  мейiлiнше  ауыр  жер  мiндеткерлiгiн  көтердi: 
ауылдық-болыстық  әкiмшiлiктi  асырады,  көпiр,  пошта  жолдарын  жөндеуге  қаражат 
бөлдi, жұмыс сапарымен келген шенеунiктерге  құрмет көрсетуді мойнына алды, “кiндiк 
шешелердi”  (шешек  ауруына  қарсы  егушiлердi),  мектептердi  күттi,  әскер  бөлiмдерiн 
көлiкпен қамтамасыз еттi. Табыс табуға кететiн кедейлер  құжат /паспорттық/ алымын 
төледi.  Қазақ  шаруалары  мешiттер  мен  қазынаға  арнап  ұшыр  және  бiтiр  салықтарын 
төледi.  Кездейсоқ  шығындары  үшiн  салынатын  “қара  шығын”  қатардағы  қазақтың 
еңсесiн  көтертпейтiн  ауыртпалық  болды.  Облыс  және  уез  қазынасына  кiрiс-шығыс 
кассалары құрылды. 
 
Салық  жинау  мен  мiндеттi  жұмыс  атқаруға  мейiлiнше  зор  мән  берiлдi.  Үш 
жылда  бiр  рет  шаңырақ  санының  есебi  алынып,  тексерiлiп  отырды.  Бұл  саладағы 
мәліметтерді жасырып жалған хабар берген тұлғалар әшкереленіп, болыс басшыларына 
“жасырылған  шаңырақ  санынан  екi  есе  артық”  айып  салынды.  Салықтың  10  процентi 
жергiлiктi  басқарма шенеуініктердің мадақтау қорын құрады. 
 
“Ережелер”  бойынша  кедейлер  мен  батырақтар  салық  салу  мен 
мiндеткерлiктерден  босатылуға  тиiс  еді.  Алайда, іс жүзiнде мұның өзi әншейiн жазыла 
салған  бап  болды.  Сондай-ақ,  бұл  құжат  “село  тұрғындарының  жағдайына  қарай 
берiлген  жалпы  құқық”  болады,  олар  рекрут  /мемлекет  үкімімен  міндетті/  мiндетiнен, 
герб салығынан босатылып, олардың iшкi тұрмысы сақталады т.т. деп атап көрсетiлдi. 
Байырғы  халықтан  шыққан  қызметшiлер және тектi ру басылары “адал қызметі үшiн” 
құрметтi  азамат  атағымен,  Ресейде  белгiленген  ордендермен,  медальдармен 
марапатталып, шен-шекпен алып отырды, т.б. 
 
Мұсылман  дiн  басыларының  құқығы  мен  жеңілдіктеріне  шек  қойылды.  Дiн 
iстері  енді  Орынбор  жиналысы  қарауынан  алынып,  азамат  әкiмшiлiкгіне  берiлдi. 
Мешiттер,  мектептер  мен  медреселер  құрылысына  жан-жақты  бақылау  орнатылды. 
Әрбiр болыста сайланып әскери губернатор келісімімен тағайындалып босатылатын бiр 
ғана молда болуына рұқсат етiлдi. 
 
“Ережелер”  шарты  бойынша  әрбiр  уезд  орталығында  “ұлтынан  тыс”  ортақ бiр 
мектеп  ашу  көзделдi.  Қазақ  балаларына  станица  және  деревня  жұртшылығының 
келiсуiмен  “тегiн  немесе  шағын  көлемдегі  ақылы”  казак  станицалары  мен  қоныс 
аударғандар  мекендерiнiң  мектептерiнде  білім  алуға рұқсат етiлдi. Реформа шарттары 
бойынша  “уезд  және  қала  халқына”  дәрiгерлiк  жәрдем  көрсету  үшiн  әрбiр  уезд,  қала 
штатында  бiр  дәрiгер  және  бiр  медбике  болатын  дәрігерлік  нүкте ашу көзделдi. 1867-
1868  жж.  әкiмшiлiк  реформалар  шарты  бойынша  жердi  пайдалану  және  иелену 
ережелеріне де назар аударылып, бұл мәселе бiршама тәртiпке келтiрiлдi.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет