Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
С Ө Ж  сауалдары
 
1.  Бірінші  дүниежүзілік соғыстың негізгі себептері неде? 
2.  Ресей  мемлекеті  соғысқа  қатысушылардың  қандай  тобында 
болды? 
3.  Қазақ 
интеллигенциясының  соғысқа  байланысты  қандай 
позицияны  ұстанды? 
4.  Бірінші 
әлемдік  соғыстың  болуына  қандай  объективті, 
субъективті себептер жол ашты? 
5.  Қазақстанның қай аймақтарын саяси көтеріліс қамтыды? 
6.  1916 жылғы халық қозғалысының сипатын айқындап беріңіз? 
7.  Қозғалыстың тарихи маңызы неде деп ойлайсың? 
                             
Ә д е б и е т т е р: 
 
1.  
Қазақ КСР тарихы, 5-томдық, 3-томы. -Алма-Ата, 1982. 
2.  
Қазақ КСР тарихы, 2-томдық 1-том. -Алма-Ата, 1949. 
3.  
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994. 
4.  
Абдоллаев Н.А. Қазақстан әлемдік тарихтың аясында. Ақтөбе. Лазер баспасы, 1999. 


 
121 
5.  
Абдоллаев  Н.А.,  Исмағұлов  Ш.  Қазақстан  тарихы:  дәрістер. Қ.Жұбанов атындағы 
АктМУ. Ақтөбе, 2003. 
6.  
А. Күзембайұлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. Алматы “Санат”, 1998.  
7.  
Учебное  пособие  по  истории  Казахстана  с  древнейших  времен  до  наших  дней.- 
Алма-Ата, 1992. 
8.  
Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане. Алма-Ата, 1977. 
9.  
Рыскулов Т.Р. О восстании казахов и киргизов в 1916 г. Алма-Ата, 1984. 
10. 
Қасымбаев Ж., Ермуханов Б. 1916 жыл: айтылмай кеткен ақиқат-“Ақиқат”, 1991, N7. 
11. 
Сапаргалиев Г.О. О подавлении восстания 1916 года и его последствиях.-“Известия 
АН Каз.ССР”, серия общ., 1967, N1. 
 
1.  1914  жылы  Ресей  империясы  бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғысқа  тартылды.  Бұл 
империалистiк сипаттағы соғыс барлық халықтарға, соның iшiнде Қазақстанға да ауыр 
зардаптарын  тигiздi.  Ол  патша  шенеунiктерi  мен  жергiлiктi  әкiм-қаралардың  және 
байлардың  зорлық-зомбылығы  мен  озбырлығын  күшейттi.  Соғыс  қажетiне 
Қазақстаннан  көп  жылқы,  ауыл  шаруашылық  өнiмдерi  жөнелтiлдi. Жергiлiктi халықтан 
алынатын  салық  3-4  есе  ұлғайды,  шаруалардың  iрi  қара  малы  мен  мал  өнiмiн  соғыс 
қажетiне  алу  да  жедел  қарқынмен  жүргізілді.  Осының  бәрi  дәнді-дақыл  егетін 
алаңдардың шектелуіне, iрi қара мал басының саны күрт қысқаруына әкеп соқты. Елдiң 
өнеркәсiбiндегi  жалпы  күйзелiс  пен  ауылшаруашылығының  құлдырап  күйзелуi 
салдарынан  Қазақстанның  экономикалық  қуаты  тым  төмендеді.  Қала  мен  ауыл 
тұрғындары, жалпы бұқараның күй жағдайы күрт төмендедi. 
 
Кәсiпорын  иелерiнiң,  жергiлiктi  бай  мен  әкiм-қаралардың  зорлық-зомбылығы 
1916  ж.  25  маусымда  Ресей  үкiметiнiң  “Бұратана  халықты  мемлекеттiк  қорғаныс 
жҗмыстарына пайдалану тәртiбi туралы ереже” қабылдануына байланысты өткір сипат 
алды. Жұмыстан немесе әкiмшiлiк ережелерi мен талаптарын орындаудан бас тартқан 
азаматтарды қамауға алу немесе  белгілі  мерзiмге бас бостандығынан айыру, болмаса 
айып  ретiнде  ақша  өндiрiп  алуға  кесетiн  болды.  Халық  өміріне  қажетті  азық-түлiктiң 
екi-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өшіндіре түстi.    
 
Қазақ  жастарын  майдандағы  тыл  жұмысына  алу  жөнiндегi  патшаның  1916 
жылғы 25 маусымдағы Жарлығы халықтың шыдамын жұқартып, оларды отарлау езгiсi 
мен  еңбектегi  қанауға  қарсы  көтерiлуiне  себеп  болды.  Қазақтардың  жасы  туралы 
құжаттардың көбінесе болмауын пайдаланып, болыс билеушілері мен ауыл ағамандары 
тұрғындардың  жастарының  асқандығына  қарамастан  кедей  жiгiттердi  майданға 
жұмысқа  алынатын  “қара  тiзiмге  қосты”,  ал  байлар    балаларының  жасын  өз  бетiнше 
үлкейтiп,  немесе  кiшiрейтiп  көрсетiп,  майдан  қызметіне  жiбермеудiң    амалын  жасап 
бақты. 
 
Майдан  жұмысына  қазақ  жастарының  iшiндегi  кедей  балаларының  алынуы 
қалың  халық  арасында  зор  наразылық  туғызып  қазақ  өңірі  тұрғындарының  үкіметке 
қарсы  көтерілісіне  жол  ашты.  Соның  нәтижесінде  елде  болыстық  басқармаларды 
талқандау,  ауыл  старшындарын,  қатыгез,  жағымсыз  билеушілерді  өлтiру,  iрi 
қожайындардың  шаруашылықтарына  шабуыл  жасау,  жер  сату  жөнiндегi  құжаттарды, 
алым-салық қағаздарын т.б. жойып жiберу секiлдi ашу-ыза әрекеттерi кең қанат жайды. 
Сойыл,  кетпен,  шалғы,  орақ,  мылтық,  қылышпен  қаруланған  қазақтар    байлардың 
ауылдарын  өртеп,  малдарын  айдап  әкету  әрекеттерi  сипат  алды.  Халықтың  үкiметке 
және  оның  жергiлiктi  өкiлдерiне  ереуiлдерi  мен  қарулы  көтерiлiстерi  жиналып  келiп, 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiске ұласты. 
 
1916  ж.  таптық  және  езушiлiкке,  соғысқа  деген  ҡөшпендiлiктiң  күшеюi  жаппай 
құбылысқа  айналды.  Соғыс  елдегi  жалпы-ұлттық  дағдарыстың  пiсiп-жетiлу  процесiн 
тездете  түстi. Соның жарқын бiр нақөты көрiнiсi Қазақстан мен Орта Азияның барлық 
аймақтарын түгел дерлiк қамтыған 1916 ж. ұлт-азаттық көтерiлiсi болды.  
 
Көтерiлiстiң сипаты мен қозғаушы күштерi. Өзiнiң сипаты бойынша 1916 жылғы 
халық  қозғалысы  отаршылдыққа  пен  қанаушылыққа  қарсы,  халық-азаттық  қозғалысы 
болды.  Қазақстандағы  көтерiлiс Ресей әкiмшiлiгi үшiн де, сондай-ақ жергiлiктi билеуші 
топтар үшiн де күтпеген жерден басталды.  
 
Көтерiлiстiң  негiзгi  себептерi  отарлық  езгiнiң  күшеюi,  жергілікті  халықтың 
қоныстарынан  шететіліп  жерін тартып алынуы, салықтар мен алымдардың шексiз  өсуi, 


 
122 
еңбекшiлердi  үстем  топтардың  қанауының  күшеюi,  ұлттық  араздықтың  тереңдеуi, 
соғысқа  байланысты  бұқара  халықтың  жағдайының  күрт  төмендеуі,  орыстандыру 
саясатының кең  шеңбер алуы болды.  Патша үкiметi өзiнiң  Қазақ даласындағы басты 
мiндетiн империялық үкiмет негiзiнде орыс мемлекеттiгiн нығайту деп бiлгенi кездейсоқ 
емеc  едi.  Сөйтіп,  1916  ж.  ұлт-азаттық  қозғалыс қанаушыларға, империалистiк соғысқа 
және  қоғамдағы  үстем  топтарға  қарсы  болғанын  сол  оқиғаның  қарқыны  мен 
шеңберінен,  нәтижесі мен салдарынан анық байқалады.  
Қозғалыстың  негiзгi  қозғаушы  күштерi  ауылдың  тұрғындары  соның  ішінде 
мемлекеттік саясаттан көп зардап шегіп ызаланған ұлттық шаруалардың қалың топтары, 
жергiлiктi  жұмысшылар,  батырақтар,  қолөнершiлер.  Ал  қоғамның  билеуші  топтары 
үкіметке адал болып көрінуге, орталық билікке жақсы жағынан көрінуге ұмтылған. Осы 
тұжырымды  қозғалысқа  байланысты  көптеген  мұрағат  материалдары  дәлелдейді. 
Солардың  бірін  Торғай  уезд  бастығы    мәлімдемесінен  көруге  болады.  Онда  былай 
жазылған:  ”Уездегi  қырғыз  халқы  арасындағы  толқу  тоқталар  емес,  әсiресе  әскер 
қатарына    шақырылатын  жастардың  көңiл-күйi  тым  дүрбелең.  Казiргi  уақытта  олар 
көбiне өз ауылдарындағы беделдi де бай адамдардың малын ықтиярсыз тартып алып, өз 
беттерiмен әрекет iстеп жүр...” 
Көтерiлiстiң  өрiстеп  қарқындау  барысында  қазақ 
ауылындағы  қарулы  қарсылыққа  бейім  күштердiң  орналасуы  анық.  Қазақтың 
демократияшыл  интеллигенциясы  көтерiлiстi  жақтап  шықты.  Олар  иемденушi-
байлардың  сатқындық  ниетiн  әшкереледi,  халықты  барлық  ұлт  топтарын  отарлаушы 
патша  үкiметiне  қарсы  шығуға  ұран  тастады,  бұл  үшiн мемлекеттiк Думаның мiнбесi 
(мұсылман  фракциясы  арқылы)  мен  “Қазақ”  газетiн  пайдаланды.  Жергiлiктi  жерлерде 
қазақ  зиялылары  арасында  көтерiлiсті  қолдап  тіпті  кейбір  топтарына  басшылық 
еткендер  арасында  Торғай  облысында  Әлiби  Жанкелдин,  Аманкелдi  Иманов,  Ұлжан 
Мағатжанов, Бәймен Алманов, Орал облысында - Сейiтқали Меңдешев пен Әбдiрахман 
Әйтиев,  Маңғыстауда  -  Жалау  Мыңбаев,  Атбасар  даласында  -  Әдiлбек  Майкотов, 
Ақмола  даласында  –  Сәкен  Сәйфуллин,  Жетiсуда  -  Тоқаш  Бокин,  Бекболат  Әшекеев, 
Сәт Ниязбеков, Сырдария облысында - Тұрар Рысқұлов ж.б. болды. 
 
Көтерiлiстiң  басталуына  патшаның  1916  ж. 25 маусымдағы майдан жанындағы 
тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және iшiнара Сiбiрдiң 19-дан 43 жасқа 
дейiнгi “бұратаналық” ер адамдарын шақыру жөнiндегi Жарлығы тiкелей себеп болды. 
Қазақстанда  байырғы  халық  -  Сырдария,  Ақмола,  Семей,  Жетiсу,  Орал  және  Торғай 
облыстарында  тұратын  -  қазақтар,  өзбектер,  тәжiктер,  түрiкмендер,  дүнгендер  мен 
ұйғырлардан  390  мың  адамы  майдандағы  тыл  жұмыстарына  жiберiлуге  тиiс  болды. 
Олардың  iшiнен  мемлекеттiк  қызмет  атқарып  жүрген,  жергiлiктi  басқару 
буындарындағы  қызметкерлер,  жоғары  және  орта  оқу  орындарында  оқып  жүргендер 
мен  оқушы  жастар  мобилизациядан  босатылмақ  болған-ды.  Губернаторлар  қорғаныс 
кәсiпорындарында  iстейтiн  адамдарды,  отын  тасушыларды,  кеме  компанияларының 
қызметшiлерiн және басқаларын әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға рұқсат алды.  
 
Кейiн  үкiметтiң  әскерге  тарту  жөнiндегi  шараларын  орындауға  байланысты 
мобилизациялаудан  босатылатын  адамдардың  шеңберi  едәуiр  шектелді.  Болыс  және 
село мен ауылдарды басқарушылар, атқамiнерлер, молдалар, имамдар мен мүдерiстер, 
байлар,  “байырғы”  халықтан  шыққан  төменгi  шіндегі  полиция  қызметшілері,  дворян 
және құрметтi азамат құқы барлар мобилизациядан босатылды. 
 
Бұл  Өкімді  орындау  мақсатында  жергілікті  болыстар,  ауыл  старшындары  мен 
жоғарғы  топ әскерге жарамды жасындағы жастардың тiзiмдерiн жасауға кiрiстi, соның 
өзiнде  тiптi  тылдағы  жұмыстарға  күштеп  жіберудің  мәнiн  халық  арасында  түсіндіру 
шаралары  да  жеткіліксіз  болды.  Қазақ  арасында  туу туралы және адамдардың жасын 
анықтайтын  басқа  да  құжаттардың  болмауын  шолақ  белсенділер  өз мүддесіне шебер 
пайдаланып,  жарлы  жақыбай,  кедей  жiгiттерін  жасын  ескермей  майдан  қатарына 
жіберілетін  тiзiмге  енгiзiп,  байлардың  балаларының  жасын  өз  дегенiнше  ұлғайтып 
немесе азайтып көрстеу арқылы әскер қатарынан босатты. Жер-жердiң заңсыздық етек 
алып, дадамдарды майдан жұмыстарынан босату үшін пара беру арқылы әрекеттері кең 
қанат жайды. Орталық үкiметтiң ресми шешімін бүркеніп, үстем топтар өздерiнiң және 
жақындарының  орнына  басқа  жiгiттердi  қосты  немесе  өздерiне  толық  қарыздар 
адамдарды  -  борышқор  кедейлердi  “реквизициялауға”  күштеп  иландырды.  Ауыл 


 
123 
әкiмшiлiгi  “  реквизицияланатын”  адамдардың  тiзiмiне  өздерiне  пайдасы  жоқ 
адамдардың да (көбiнесе кедейлердiң) балаларын енгiздi. 
 
Осының  барлығы  Қазақ  даласын  көтерiлiс  жалынына  шарпыды.  Көтерiсшiлер 
майдан жұмыстарына шақыру жасындағылар тiзiмдерiн күш арқылы қолға түсiрiп, тіпті 
жойып  жiберiп  отырды.  Сонымен  қатар  болыстарды,  ауыл  старшындарын,  “құрметтi” 
ақсақалдарды және басқа 
қызмет  адамдарын  өлтiрдi,  iрi  байларға  шабуыл  жасап,  өсiмқорлардың  үйлерiн  өртедi, 
қарыздарлардың  қолхаттары  мен  вексельдердi,  жердi  сату  құжаттарын,  салық 
қағаздарын  өртедi.  Мысалы,  11  шiлдеде  Ақмола  уезiндегi  Бiрмола  деген  жерде 
көтерiлiсшiлер  патша  әскеріне  ат  көлігін  жинап  жүрген  пристав  пен қолхат жүргізушіні 
соққыға жықты;  12 шiлдеде Қостанай уезiнiң  Бестөбе болысының шаруалары болыстың 
ауылына  шабуыл  жасап,  болысты  өлтiрдi; 22 тамызда сол уездегi Аққарға болысында 
“патша үкiметiне мойынсынуға кеңес бергенi үшiн” “құрметтi” ақсақал өлтiрiлдi.  
 
Сойылмен,  пышақпен,  орақпен,  шалғымен,  балтамен,  қолдан  жасалған 
мылтықпен,  қылышпен  қаруланған  көтерiлiсшiлер  билеушi  топтардың  ауылын 
талқандап,  малын  айдап  кетiп  отырды.  Шiлде  айының  аяқ  шенiнде  Верный  уезiнiң 
Шығыс  және  Батыс  Кастек  болыстарында олар байлардың жылқысын айдап кеттi; 17 
қыркүйекте  200  адамнан  құрылған  отряд  Павлодар  уезiнiң  iрi  мүлік  иегері 
Шормановтың  ауылын  шауып,  оның  4  мың  жылқысын  айдап  әкеттi;  қазан  айының 
iшiнде  Ырғыз  уезiнде  көтерiлiсшiлер  байлардың  жылқысын  талай  рет  айдап  әкетiп 
отырған.  
 
Тамыз-қыркүйекте  Жетiсу,  Ақмола,  Семей  облыстарында,  әсiресе  Торғай 
өңiрiнде  бұқаралық  бас  көтерулер  бет  алды.  Қарулы  көтерiлiсшiлер  топтары 
қалыптасып, олар мемлекеттiң жазалаушы әскери құрылымдарына қарсы табанды ұрыс 
жүргiздi.  Көтерiлiстi  толастату  мақсатымен  үкiмет  тарапынан  қабылданған:  «1916 
жылғы  20  маусымдағы  “биылғы  жылдың  егiнiн  жинап  алғанға  дейiн”  әскер  қатарына 
шақыруды  тоқтата  тұру  жөнiндегi;  30  шiлдеде  жер-жердiң  бәрiнде  әскер  қатарына 
шақырудың  басталуын  1916  жылғы  15  қыркүйекке  дейiн  қалдыру  жөнiндегi  ресми 
құжаттарға  қарамастан  уақыт  өткен  сайын  жер-жердегi  ұлт-азаттық  көтерiлiс  ұлғая 
түстi.   
 
Жетiсу  облысындағы  көтерiлiс.  Мұнда  1916  жылғы  шiлде  айының  басында 
Жаркент-Тараншы болысының Городское селосындағы тылдағы жұмыстарға шақырылу 
туралы  үкiмдi  орындаудан  қазақ,  ұйғыр  және  дүнгендер  бас  тартты.  11  шiлдеде 
Жаркент  уезiндегi  Иванов  болысының  тұрғындары  болысты  және  басқа  қызмет 
адамдарын  тұтқынға  алды.  Нарынкөл-Шарын  учаскесiндегi  барлық  болыстық 
кеңселерде  әскерге  шақырылатындардың  тiзiмдерi  құртылды.  Осы  жылдың  7-8 
шiлдесiнде  Верныйдың  маңындағы  (Үшқоңыр) және онымен шекаралас болыстардағы 
қазақ  халқының  өкiлдерi  съезiнде  “реквизицияға”  көзқарас  туралы  мәселе  қаралды. 
Онда  жастар  майдан  жұмысына  жiберiлмесiн,  әкiмшiлiк  тарапынан  күштеу  шаралары 
қолданылған  ретте  телеграф  бұзылсын,  “реквизицияланатын”  адамдардың  тiзiмi 
жойылсын деген шешiм қабылданды. 
 
Жетiсу  облысында  қарулы  қарсыластық  шiлде-тамыз  айларында  бұқаралық 
сипат  алды.  17  шiлдеде  Жетiсу  мен  Түркiстан  өлкесiнде  соғыс  жағдайы  жарияланды. 
Патша  үкiмет  орындары  мұнда  iрi  әскери  күштердi  жеткiзе  бастады.  Жергiлiктi 
гарнизондарды  нығайтып,  көтерiсшiлердi  жазалау  үшiн  Жетiсудың  қоныс  аударған 
халқының  дәулеттi  топтарынан  қарулы  жасақтар  құрды.  Ауқымды  iрi  қақтығыстары 
Асы  мен  Қарқара  жайлауларында,  Самсы  станцасы  маңында,  Қастек,  Нарынқол, 
Шарын,  Қорам  өңiрлерiнде,  Лепсi  оязының  Садыр-Матай  болысында  және  басқа 
жерлерде  болды.  Қыркүйек  пен  қазан  айлары  басында  барлық  жағынан  жазалаушы 
отрядтар  қыспаққа  алған  жетiсулық  көтерiлiсшiлердiң  едәуiр    бөлiгi  табан  тiрескен 
шайқастармен шегiнуге мәжбүр болып, сөйтiп, олардың бір шамасы Батыс Қытайға өтiп 
кете берді. 
 
Жетiсудағы  көтерiлiс  басында  қазақтың  көрнектi  демократияшыл  сауатты, 
бiршама  революциялық  сындардан  өткен  Тоқаш  Бокин,  Бекболат  Әшекеев  және  Н. 
Сатыбеков ж.б. азаматтар болған. Жетiсу облысында патша әкiмшiлiгiне қазақтар ғана 
емес, олармен бiрге ұйғырлар мен дүнгендер де белсендiлiкпен қатысқан, осының өзiнде 


 
124 
қозғалыс  қарулы  соқтығыстар  сипатына  ие  болды.  Жетiсулықтар  отаршы  үкiмет 
әскерлерiне қарсы батыл ұрыс жүргiздi. 
 
Жазалаушылармен  соңғы  ұрыс  1916  жылғы  қыркүйектiң  аяғында  Қапал 
уезiндегi  Вежа  өзенiнiң  маңында болды. Көтерiлiсшiлердiң әскерлерi жеңiлiске ұшырап, 
қалғандары тауға кеттi. Бұл аймақтағы көтерiлiс 1916 жылғы қазанда басып-жаншылды. 
Патша  жендеттерi  көтерiлiсшiлердi  ғана  емес,  бейбiт  халықты  да  жазалады.  Ондаған 
қазақ және қырғыз ауылдары қиратылып талан-таражға түсті. Ресей отаршы үкiметiнiң 
әскерлерi  қудалаған  300  мыңнан  астам  қазақтар  мен  қырғыздар  туған  жерiнен  көшiп 
кетуге мәжбүр болған. 
 
Көтерiлiс басшыларының кейбiреулерi ғана жазалаудан жасырынып аман қалды. 
Неғұрлым  табанды  қарсылық  көрсеткен  ауылдар  күйзелдi.  Олардың  малын  айдап 
әкетiп, мүлкiн талан-таражға салды. Сотсыз-тергеусiз атылғандарды, жазалаушылар мен 
қаралаушы  әскерлердiң  қолынан  қаза  тапқандарды  есептемегеннiң  өзiнде  әскери  сот 
бекiткен  үкiмдерi  бойынша  ғана  Түркiстан  өлкесiнде  1917  жылғы  1  ақпанға  дейiн  347 
адам өлiм жазасына, 168 адам бас бостандығынан айрылып жер аударылған, 129 адам 
бас  бостандығынан  айрылған.  Ал  ұлт-азаттық  қозғалыстың нағыз ошағы, яғни Торғай 
және  Батыс  Қазақстан  өңірлері  тұрғындарының  жазаға  тартылғаны  орташа  есеппен 
келтірілген  мәліметтерден бірнеше есе артық. 
 
Сырдария,  Ақмола,  Семей,  Орал  облыстарындағы  жҫне  Бөкей  ордасындағы 
толқулар  бұқаралық  бас  көтерулер “бұратана” халықты тылдағы жұмыстарға күштеп 
тарту туралы патша үкiмi жарияланғанан кейiн iле басталған едi. Алғашқы толқулар 11 
шiлдеде  Ташкенттегi қазақ, өзбек және қырғыздар арасында өрiс алды. Көтерiлiсшiлер 
билеушi  топтар  мен  Ресей  әкiмшiлiк  өкiлдерiн  жазалады,  болыстардың  мал-мүлкiн 
құртып, полиция  және үкiмет әскерлерiмен соқтығысты. 
 
Сол  кездегi  әскери  басшылардың  деректерiнде  “тәртiпсiздiктердi  байырғы 
әкiмшiлiк  шендерiнiң  тылдағы  жұмысқа  алынатын  жұмысшылардың  тiзiмдерiн 
жасауына  қарсылық  көрсетiлуiнен  көрдi,  соның  iшiнде  байырғы  әкiмшiлiктiң  шендi 
алты адамы өлтiрiлдi” делiнген. 24 маусымда елең-алаңда құрамында 50-ге тарта адамы 
бар  қазақтар  тобының  болыстың  үйiне  (Перовск  уезi)  шабуыл  жасап,  болыстың  өзiн 
және іс-қағаз жүргізушісін (писарь) өлтiрген. Сонан соң қарсылықтық  жер-жерге тарап 
кеткенi  жөнiнде  бiр  хабарламада:  ”  Болат  болысында 5 мыңға тарта адам бар қыруар 
тобы  жиналып  жатыр;  Шымкент  жолы  бойында  7-8  мыңнан  құралған  тобырдың 
жиналып  жатқаны байқалады”-, деп баяндалған.  
 
1916  жылғы  тамыз  айының  басында  көтерiлiс  Сырдария  облысының  барлық 
уездерiн  қамтыды.  Көтерiлiсшiлер  уезд  орталықтарына  таяу  жерлерге  жиналып,  казак 
жүздiктерiне шабуыл жасап отырды. Әулиеата уезiнiң жекелеген аудандарында (Мерке 
маңында), Алматы, Арғын, Аспары, Ашын және Ботамойнақ-Алмалы болыстарындағы 
және Шымкент уезiнiң Ақсу, Қаракөл болыстарындағы көтерiлiс ұзаққа созылды. Осы 
жылғы  қыркүйектiң  аяқ  шенiнде  Сырдария  облысындағы  көтерiлiс  аяусыз  басылып-
жаншылды.  Жекелеген  ауылдар  отаршы  үкiметi  орындарына  бағынбай,  Торғай 
облысына  қоныс  аударып,  мұнда  Аманкелдi  Иманов  көтерiлiсшiлерiнiң  қатарына 
қосылды. 
 
Қазақстанның басқа да өңiрлерiндегi сияқты Ақмола және Семей облыстарында 
көтерiлiстiң  мобилизацияға  ашық  қарсылық бiлдiру сипаты анық болды. Мәселен, 1916 
жылғы 17 шiлдеде Шерубай-Нұра болысының қазақтары Н. Олжабаев пен Қ. Распаевтiң 
бастауымен  болыстық  үй-басы  тiзiмiн  болыс  әкiмiнен  тартып  алды;  Зайсанда, 
Баянауылда  (Павлодар  уезi),  Қарқаралыда  “бiрде-бiр  қазақ  қаралуға  келген  жоқ,  тыл 
қызметіне  шақыру  міндеттілердің  бәрi  тығылып  қалды”,-  деп  жазылған  уез 
басшысының мәлімдемесінде.  
 
Ақмола  облысының  8  болысының  көтерiлiсшiлерi  негiзiнен  Қорғалжын  көлiнiң 
маңына  жиналды,  ал  кейiн  оларға  Атбасар  уезiнiң  оңтүстiк-шығыс  аймағындағы  бес 
болыстың  көтерiлiсшiлерi  қосылған.  22  шiлдеде  Петропавл,  Ильинск,  Смайыл, 
Меңгiсерi  және басқа болыстарда тәртiпсiздiктер бой алды.  
 
“Қырғыздардың неғұрлым көп тобы Зайсан уезiнде (бiрнеше топ, әрқайсысында 
мың  адамнан  астам),  Семей  уезiнде  -  7  мың  адамнан  құралған топ, Өскемен уезiнде-
кейбiреулерiнде  3  мыңға  тарта  адам  басы  біріккен  бiрнеше  топ,  Ақмола  уезiнде, 


 
125 
Қорғалжын  көлiнiң  маңында  және  Ереймен  тауларында  -  5  мыңға  тарта,  Атбасар 
уезiнде,  Ұлытау  маңында  -  7  мың  адам,  Қосағаш  ауданында  2  мыңға  тарта  қырғыз 
жиналған”,-  деп баяндалған Омбы әкiмшiлiгi хабарламасында.  
 
1916  жылғы  26  қыркүйекте  Көкшетау  уезiндегi  Қожас  деген  жердiң  маңында 
көтерiлiсшiлер  казак  әскерлерiнiң  отрядына  шабуыл  жасады.  27  қыркүйекте  Ақмола 
уезiнiң  Қоржынкөл  болысында  да  қарулы  қақтығыс  болды.  Ал  қазанның  3  -  4-ші 
жұлдыздарында    осы  уездiң  Айнабұлақ  деген  жерiнде  жазалаушы  отрядтармен екi iрi 
ұрыс  өттi.  Көтерiлiсшiлердiң  жанқиярлы  іс-қимылдарына  қарамастан,  озық  қарумен 
жасақталған  патша  әскерлерi  1916  жылғы  қазан  айының аяғында Семей  және Ақмола 
облыстарында  көтерiлiсшiлердiң  қарсылығын  баса  алды.  Бұл  соққыдан  кейiн  олардың 
бiраз  тобы  Торғай  уезiне  өтіп  Аманкелдi  Имановтың  отрядына  қосылып  1917  жылға 
дейiн Атбасар көмiр өндіруші  кендерi маңында қарсылықты жалғастырды.  
 
Ақмола  және  Семей  облыстарындағы  көтерiлiс  басып-жаншылғанымен, 
халықтың  күресi  жалғаса  бердi.  Кең  қанат  жайған  қуғын-сүргiнге  қарамастан,  әскер 
қатарына  шақырылуға  тиiстi  ерлер  жинақ  нүктелерiнен  келуден  жалтартты.  Семей 
облысы  бойынша  5  қарашаға  дейiн  майданға  аттануға  тиiстi  85479  қазақтың  50479-ы 
жинақ орындарына барудан бас тартты.  
 
Осы  жылдың  шiлде-тамыз  айларында  Орал  облысы  мен  Бөкей  ордасында  да 
патша  үкемiтiнiң  бұл  жарлығына  ашық  тіпті  қарулы  қарсылықтар  болып  өттi.  Орал 
облысы  бойынша  майдан  жанындағы  қызметке  шақырылуға  тиiстi  50270  адамның 
iшiнен  32  мыңнан  астам  жiгiт  шақыру  нүктелерiне  келуден  бас  тартқан.  Бөкей 
ордасында,  Темiр  және  казіргі  Атырау  (Гурьев)  уездерiнде  қозғалыс  1916  жылғы 
шiлденiң  орта  шенiнде  жазалаушы  отрядтарға  қарсы  қарулы  соқтығыстарға  ұласты. 
Қозғалыс әсiресе Темiрде, Маңғыстау көшпелi тұрғындары арасында бұқаралық сипат 
алды.  Бұл  қозғалыстар  ұйымдасу  жағынан әлсiз болып оған қатысушылар көбінесе өз 
бетімен іс-әрекет жасаған.  
 
1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерiлiстiң  ең  бұқаралық,  ұзақ  мерзімге  созылған, 
табанды  және  ұйымдасқан  көтерiлiсi  Торғай  облысының  Торғай,  Ырғыз,  Ақтөбе және 
Қостанай  жерлерінде  болды.  Көтерiлiсшiлер  поштаға  шабуыл  жасап,  темiр  жол 
төсенішін бұзу әрекеттерін қолданған. Болыс басқармаларын ұрып соғып кейбіреулерін 
өлтiруге  дейiн  барған.  Оған  халыққа  өз  іс-әрекетімен  танылған  Аманкелдi  Иманов 
басшылық  еттi.  Ол  1873  жылы  Торғай  уезiнiң  Қайдауыл  болысындағы  ауылдардың 
бiрiнде,  кедей  отбасында  дүниеге  келген  едi.  Әкесiнен  ерте  айрылған  Аманкелдi 
байлардың есiгiнде жүрiп,  бала күнiнен-ақ жоқшылық пен мұқтаждықтарды көп көрдi. 
 
Аманкелдiнiң  өзiн  сардарбек  (бас  қолбасшы)  деп  атады.  Көтерiлiсшiлер 
бақылайтын аудандарда бұрынғы ауыл-болыс әкiмшiлiгi басқарудан шектетiлiп, үкiмет 
билiгi  iс  жүзiнде  көтерiлiсшiлердің  қолына  көштi.  Қазанның  аяғында  көтерiлiсшiлер 
Ырғыздан Торғай мен Қарабұтаққа дейiн барлық пошта бекеттерi мен байланыс желiсiн 
өз қолдарына алды. 
 
22 қазанда А. Иманов бастаған 15 мың көтерiлiсшi Торғай қаласын үш күн бойы 
қоршап  қалаға  үш  бағыттан  шабуыл  жасаушы  генерал-лейтенант  А.  Лаврентьевтiң 
жазалаушы  әскер  тобына  қарсы  тұрды.  Отарлаушы  үкiметтiң  жазалаушыларының 
қаруланған  негiзгi  күштерi  жақындап  қалғандығы  туралы  хабар  алып,  көтерiлiсшiлер 
Торғайды  қоршауын  қойды  және  патша  әскерлерi  отрядтарының  алдынан  шықты. 
Көтерiлiсшiлер  мен  жазалаушылардың  арасындағы  айқастар  Татыр,  Ақшыған,  Доғал-
Үрпек,  Күйiкті  деген  жерлерде  өттi.  А.  Имановтың  штабы  орналасқан  Батпаққара 
маңындағы  ұрыстар    аса  шиеленiстi  өтіп,  1917  жылдың  ақпан  айының  екiншi 
жартысында  кең  құлаш  жайды.  Cол  шайқастарда  көтерiлiсшiлер ақпан буржуазиялық-
демократиялық революцияны қарсы алды. 
 
1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  сипаты  жағынан  қазақ  халқының  патша 
үкiметiнiң  отарлау  саясатын  жүргiзу  барысында  жойылып  кеткен  дәстүрлi  саяси 
құрылымды  қалпына  келтiруге  бағыт  алған  шаралар  iске  асырылды.  Сөйтiп,  Торғай 
өңiрiндегi  көтерiлiсшiлер  Әбдiғаппар  Жамбосын  ұлын  хан  көтерiп,  Иран,  Ауғанстан 
сияқты  елдер  мен  елшiлiк  және  басқа  да  халықаралық  қарым-қатынас  жасауға 
талаптанған да ұмтылыстар болған. 


 
126 
 
1916  жылғы  халықтың  ұлт-азаттық  көтерiлiсiнiң  маңызы.  ХХ  ғасырдың 
басындағы ұлт-азаттық көтерiлiс бүкіл қазақ халқы мен Ресейдің империялық езгісіндегі 
аймақтардың  ғасырлар бойы армандап, бостандықты аңсаған күреске қосылған сүбелi 
үлес,  ол  бүкiл  әлем  және қазақ тарихында маңызды орын алады. А. Иманов пен оның 
рухани  ақылшылары және әрiптестерi қазақ халқын өз уақытында Сырым Датов, Исатай 
Тайманов  пен  Махамбет  Өтемiсов,  Кеңесары  мен  Наурызбай  Қасымовтар  бастаған 
тәуелсiздiк  жолындағы  күрес  деңгейiне  дейiн  көтердi.  Кеңесары  Қасымовтың 
басшылығымен  болған  ұлт-азаттық  қозғалысынан  кейiн  бiрiншi  рет  1916  жылы 
көтерiлiс  қазақ  елiнiң  барлық  аймақтарын  қамтып,  кең  көлемдегi  азаттық  қозғалыс 
сипатын алды. Көтерiлiс отарлауға және империалистiк саясатқа қарсы бағытта өрбiдi. 
Халықты  ұлттық  және  саяси  жолындағы  көтерiлiстiң  басты  мiндеттерiмен 
салыстырғанда бұл көтерiлiстiң таптық жағы (ауылды билеуші топтарына қарсы күрес) 
екiншi  кезектегi мәселе болып қалды. 
2.  1917  жылдың  басында  Ресей  елiндегi  халықтың  билік  орындарына 
наразылығы  тереңдеп  ашық қарсылыққа ұласа бастаған. Осы жылдары большевиктер 
партиясы  бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғысты  бұқараның  отарлаушы  мен  қанаушыларға 
қарсы азамат соғысына иландыру ұранын насихаттап оны жаңа сатыға көтере бiлдi. Осы 
кезеңнің  тағы  бiр  ерекшелiгі  ол  империялық  үкiметке  ызалы  халықтың  большевиктер 
бағдарламасын iшiнара қолдауында болды. Орталық үкiмет бұндай саяси әрекеттерден 
сескенiп,  түрлi  айла-шаралар  iздедi.  Революциялық  дағдарыстың  пiсiп-жетiлiп  келе 
жатқандығы ұлт аймақтарында, оның iшiнде Қазақстанда да құлаш жаяа бастады. 
 
1917  жылы  27  ақпанда  Петроградта  буржуазиялық-  демократиялық  революция 
жеңiске  жеттi.  Патша  билігі құлатылып, үкiмет басшылары мен жетекшi шенеуініктерi 
орындарынан  босатылып  iшiнара  тұтқынға  алынды.  Бүкiл  Ресей  империясы  мен 
Қазақстанда  қос  үкiмет  орнады  (Уақытша  үкiмет  пен  Кеңестер).    Патша  үкiметiнiң 
құлатылуын  Қазақстан  еңбекшiлерi  саяси  және  ұлттық  егемендік  алудың  бастамасы 
тұрғысынан  қабылдады.  Революцияшыл  халық  бұқарасының  белсендi  қимылдары 
нәтижесiнде  өлкеде  бұрынғы  үкiмет  мүшелері  орындарынан  босатылып,  тұтқынға 
алынды.  Буржуазиялық-демократиялық  сипаттағы  ақпан  революциясының  жеңiсi 
өлке халқының саяси белсендiлiгiн  арттырды.  
 
Уақытша  үкiметтiң  Қазақстандағы  жергiлiктi  органдары  қазақтардың  билеушi 
топтарына,  ауылдардағы  бай-манаптарға  арқа  сүйеп,  жұмысшылар мен еңбекшiлердiң 
революциялық шабытын қайтаруға тырысты, ал халықты әртүрлі әдіспен тонау әрекеті 
жалғаса  бердi.  Оларды  империалистiк  соғыстың  ауыртпалығын  өз  мойындарымен 
көтеруге мәжбүр еттi. Уақытша үкiмет Қазақстанда самодержавиенiң бұрынғы саясатын 
жалғастырды.  Ол  Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  1916  ж.  көтерiлiстi басып-жаншыған 
жазалаушы  отрядтарға  қатысушыларды  ақтау  жөнiнде  қаулы  қабылдады,  жергiлiктi 
жерлерде бұрынғы уезд бен болыс бастықтары, губернаторлар ендi қайта комиссарлар, 
азаматтық  комитеттердiң  төрағалары  бола  бастады. Қазақтарды саяси құқықтарынан 
айырған  ескi  заңдар  күшiнде  қалып,  орасан  зор  жер  иелiктерi  мен  казак  әскерiнiң 
сословиелiк  артықшылықтары  сол  бұрынғы  жәйiнде  қала  бердi.  Қазақ  халқының 
таңдаулы  жерлерiн  тартып  алушы-Қоныс  аудару  басқармасының  қызметiнде  ешбір 
өзгеріс болмай, жергілікті  халықты жерінен шетету жалғасты. 
 
1916  ж.  көтерiлiске  қатысушыларды  патша  үкiметi  қантөктiре  жазалағаннан 
кейiн Қытайдан қайтып орала бастаған қазақ пен қырғыздарға Уақытша үкiмет тек 100 
сомнан  жәрдем  бердi.  Жергiлiктi  орыс  ұлтшыл-шонжарлар  бұл жағдайды пайдаланып, 
осындағы жергіліктi халықты тонаумен шұғылданды, зорлық-зомбылық жасап, олардың 
жерлерiн тартып алып отырды. Уақытша үкiметтiң Жетiсудағы комиссары Шкапский “ 
татуластыру жөнiнде ешқандай сөз болуға тиiстi емес, сондықтан қырғыздар (қазақтар) 
көшiрiлiп  жiберiлуi  керек”, - деп мәлiмдеген. 
 
Қазақстанда  Кеңестер  1917  ж.  наурыз-мамыр  айларында  Семей,  Әулиеата, 
Петропавл,  Көкшетау,  Ақмола,  Павлодар,  Орал, Өскемен, Атбасар, Ақтөбе, Түркiстан 
және  т.б.  жерлерде  құрыла  бастады.  Сан  жағынан  мемлекет  басындағы  Кеңестердiң 
құрамында жұмысшы мен шаруа депутаттары басым болды. Олардан кейiнгi орындарда 
меньшевиктер  мен  эсер  партиясының  өкiлдерi  болған.  Осы  кезде  буржуазиялық 
Уақытша  үкiметтiң  жергiлiктi  органдары  қалыптасты.  Уақытша үкiметтiң облыс және 


 
127 
уездегi  басқару  құрылымдарын  көбiнесе  патша  шенеуініктерi,  эсерлер,  меньшевиктер 
және  ұлтшылдардан  тұратын  комиссарлары  қолына  тидi.  Сайып  келгенде  Уақытша 
үкiметтiң  жергiлiктi өкiлдерi басқару әдiс-тәсілдерi жағынан революцияға дейiнгi патша 
әкiмшiлiгi  қалың бұқараға қалай қараса, бұл да солай қарады. 
 
Ресейдегi  Ақпан  революциясынан  кейiн  Қазақстан  большевиктерi  де 
ұйымдастырушылық  және  үгiт-насихат  шараларын  ашық  жүргiзуге  мүмкiндiк  алды. 
Орынбор  және  Торғайда  П.  Кобозев,  Ҫ.Жангелдин,  А.  Коростелев,  Ақтөбеде  В.  Ф. 
Зинченко, Перовскiде А.В. Черняхов, Оралда П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте 
Н.  Морозов,  Семейде  П.  Салов,  Петропавлда  К.  Сутюшевтер  халық  арасында  саяси-
ұйымдастырушылық  жұмыстарын  жүргiздi.  Большевиктер  партиясының  қатарына  С. 
Сейфуллин,  Б.  Серикбаев,  Т.  Рысқұлов,  С.  Арғыншиев  және  басқалары  кiрдi.  Олар 
Уақытша  үкiметтiң  саясатының  мәнiн халыққа ашып бердi, революция қарсыластарын 
әшкереледi, елдегi патша саясатына қарсы халық топтарын күреске жұмылдырды. 
 
Елiмiзде  қазақтың  ұлттық  зиялылары  басқарған  облыстық  және  уездiк 
комитеттерi де ұйымдастырылды. Облыстар мен уездерде Уақытша үкiметтi қолдаған 
Сiбiр,  Орынбор,  Орал  және  Жетiсу  казак  әскерлерi  және  станицаларының  қанаушы 
басшы топтары үкiметiнiң  органдары - казактық комитеттер құрылды. Татар, өзбек және 
ұйғыр саудагерлерi мұсылман алқаларына топтасты. 1917 жылы 7 наурызда Верныйда 
З.  Тазетдиновтың  басшылығымен  жалпы  мұсылмандар  алқасы  -  Құрылтай  құралып 
қызмет жүргiздi.  
 
Қазақстанның  әр  аймақтарында  оқушы  қазақ  жастарының  мәдени-ағарту 
iстерiмен айналысатын үйiрмелерi мен ұйымдары қалыптасады. Мысалы, 1915-1917 жж. 
20-ға  жуық  үйiрмелер  мен  топтар  құрылып,  халық  арасында  сол  заманның  өзекті 
мәселелерi  туралы  мәдени-көпшiлiк  шаралар  ұйымдастырды.  Олардың  арасында 
Орынборда “Еркiн дала”, Омбыда “Бiрлiк”, Оралда “Жас қазақ”, Троицкiде “Үмiт” тағы 
басқа жастар ұйымдары баянды қызмет атқарған. Белгiлi бағдарламалары болмаса да 
бұндай үйiрмелер халықты ұлттты отарлық езгiден азат етудi шын пейiлдерiмен қалады, 
қазақтың  бiлiм  алуын  талап  еттi,  ұлттық  бiрлiк,  бостандық  пен  тәуелсiздiк  идеяларын 
оятуға  ұмтылды.  Олардың  iшiнде  Әулиеата  уезiнде  Тұрар  Рысқұлов  ұйымдастырған  
“Қазақ  жастарының  революцияшыл  одағы”  қазақ  қоғамында  экономикалық,  саяси-
әлеуметтік жаңалықтар  енгізуге бiршама талпыныстар жасаған.  
 
Бұл  кездегi  Ресей  империясын  түгелдей  қамтыған  саяси  тұрақсыздық 
жағдайында  Орынбор  қаласында  осы  өңірдің  зиялыларының  белсенділігімен  кеңестер 
өткізіліп, кезек күттiрмейтiн ұлттық мәселелерге байланысты бiр орта тұжырымға келу 
үшiн  жалпы  қазақ  съезiн  шақыру  туралы  шешiм  қабылдады.  “Қазақ”  газетi  арқылы 
қазақ  және  қырғыз  халықтарына  арнайы  үндеу  жолданды.  1917  жылы  21-26  шiлдеде 
Орынборда  өткен  Бүкiл  қазақтар  съезінде  “Алаш”  партиясы  құрылып  оның  басшы 
органдары  сайланды.  Партияның  басқару  орындарына  Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет 
Байтұрсынов,  Мiржақып  Дулатов,  Елдос  Омаров,  Мұстафа  Шоқай,  Мұхамеджан 
Тынышпаев, Халел және Жанша Досмухамедовтер, Халел Ғаббасов т.б. сайланды. Сол 
жылы  5-13  (18-26)  желтоқсанда  Орынборда  өткен  екiншi  съезiнде  Қазақтың 
автономиясы - Алаш Орда үкiметi - Ұлт Кеңесi құрылды. 
 
Алаш Орда үкiметiнiң құрамы 15 адамнан сайланды, ал Халық Кеңесi төрағасы 
болып  Әлихан  Бөкейханов  тағайындалды.  Үкiметтiң  алдына  қойған  бағдарламалық 
мақсаты  ұлттық  бiрлiктi  нығайтып  оны  насихаттау  болатын.  Қазақ  зиялыларының 
осындай  қоғамдық  өмір  мен  мемлекеттік  идеясын  өмiрге  әкелуi  отаршылдық  езгiдегi 
халқымыздың  ғасырлар  бойы  армандаған  және  әбден  пiсiп-  жетiлген  тағдырлық 
аңсауларының айқын көрiнiсi  еді. 
 
Қазақ  халықының  ұлттық  және  әлеуметтік-экономикалық  мұңын  түсiнiп,  сол 
арқылы  оларды  егемен  идеясына  табындырған  саяси  ұйым  -  социал-демократтардың  
бөлiгi,  большевиктер  партиясы  болды.  1917  ж.  наурыз  айынан  бастап  бұл  партия 
жұмысын  ашық  жүргiзуге  мүмкiндiк  алып,  олардың  саяси-көпшiлiк  шараларына 
Ташкенттiң,  Орынбордың  және  Омбының большевиктерi басшылық жасады. РСДЖП-
ның  Перовск,  Қазалы,  Ақтөбе,  Орал,  Петропавл,  Семей,  Шалқар,  Шымкент  т.б. 
қалалардағы  және  Қазақтстанның  темiржол,  кен  орындарындағы  ұйымдары 
топтастырылды. 


 
128 
 
Табанды  әрi,  шыдамды  және  ұтымды  әдістерді  қолданған  большевиктер 
ұйымдары  мен  жеке  тұлғалары  этникалық  және  әлеуметтік-экономикалық  езгідегі 
қалың  бұқараны  өз  мақсаттарының айналасына топтастыра бiлдi. Көптеген қалаларда, 
темiр  жол  бойында,  әсiресе  Орынбор,  Перовск,  Петропавл,  Орал,  Ақтөбе,  Гурьев, 
Маңғыстау  т.б.  орталықтарда  большевиктер  партиясының  ұйымдары  белсендi  және 
табанды қызмет атқарды. 
 
Ақпан революциясы жеңгеннен кейiн Қазақстан халқының  атаулы табысы сол – 
кәсiподақтардың  жүйесi  қалыптасып,  жер-жерде  оның  ұйымдары  құрыла  бастады. 
Олардың  қалыптасуында  Орынбор-Ташкент  темiр  жол  торабы  жұмысшыларының 
құрылтай съезi және Омбы темiр жол торабы қызметшiлерiнiң I-съезi маңызды болды. 
Cол  съездерде  бiрқатар  саяси  және  экономикалық  өзекті  мәселелердi,  яғни  Уақытша 
үкiмет  пен  соғысқа  көзқарас  туралы,  жұмыс  күнi  ұзақтығын  8  сағатқа  келтіру, 
жұмысшы,  солдат  және  шаруалар  депутаттары  Кеңестерiн  сайлау  туралы,  революция 
жаулары  мен  күрес  жүргізу  туралы,  Құрылтай  жиналысының  кажеттiлiгi  туралы, 
зейнетақымен қамтамасыз ету және басқа мәселелер талқыланды. 
 
Большевиктер билiкке келген алғашқы кезден-ақ ұлттық мүдденi негiзгi мұраты 
санаған  Қазақстандағы  бұл  қозғалыстар  мен  Алаш  партиясын  пролетарлық 
революцияның  салтанатты  шеруi  жолындағы  кедергi  деп  бағалаған.  Бұл  бағыт  оның 
iшкi  және  сыртқы  саясатында  ашық  немесе  айқын  көрiнiп,  әсiресе  елдегі  И.Сталиннiң 
дербес  билiгi  орнағаннан  кейiнгi  кезеңде  жетекшi,  шешушi  бағытқа  айналды.  Соның 
нәтижесiнде  бұрынғы  империяның  шет  аймақтарында  дами  бастаған  қозғалыстарға 
үзiлдi-кесiлдi  тежеу салынды.  
 
1917  ж.  24  қазанда  (6  қарашада)  Петроградта  қарулы  көтерiлiс  басталды. 
Ертеңiне көтерiлiсшiлер астананың аса маңызды орындарын басып алды. ХХ ғасырдың 
басындағы  бұл  тарихи  оқиға  бүкiл  елде,  кейiн  дүние  жүзiнде  кешенді  радикалды 
өзгерiстерге  әкелiп  соқтырды.  Осы  оқиға  бүкiл  елде,  Ресейдiң  орталық аудандарында 
оның  ұлттық  аймақтарында  Кеңес  үкiметiн  құрып  оны  нығайту  процесімен  жалғасты. 
Бұл  саяси  процесс  әр  аймақтың  түрлі  ерекшеліктері  аясында  өттi  (қан  төгiссiз  және 
карулы күш қолданып зорлық-зомбылық әдістерімен).  
 
Қазан  оқиғаларынан  кейiн  елдегi  бүкiл  билiк  жұмысшы,  солдат,  шаруа 
депутаттарының  қолына  берiлдi  деп ресми жарияланды және сол арқылы халықтың әр 
түрлi топтары мен ұлттардың келешектегi тағдырына байланысты бұрын болмаған зор 
үмiт-сенiмге жол ашты. Империяның жұмысшы, шаруа, солдаттар қалың бұқарасы елдi 
соғыстан  бұрын,  соғыс  жылдарында  жұтаңдық  пен  мұқтаждық  зардаптарын  шешiп 
әбден  қажыған  олардың  жағдайын  жақсартуға  ендi  айқын  жол  ашылады  деген 
декларациялық  желеудi  жан-жақты  насихаттады.  Ресейдiң  қол  астында  болып  келген 
орыс  емес  халықтардың  еңбекшi  бұқарасы  Қазан  саяси  оқиғасынан  кейiнгі  жылдары 
экономикалық-әлеуметтiк  күйзелiстен  шығумен  бiрге  отаршылдықтың  бұғауынан 
босанып,  тәуелсiздiк  алатын  шығармыз  деген  үмiтте  болды.  Большевик  партиясы 
өндіріс жұмысшылары мен  шаруаларға, бейбiтшiлiк - бүкiл халыққа деген ұран тастай 
келе,  Ресейге  тәуелдi  болып  келген  халықтар  жөнiнде  жаңа  саяси  бағдарламасын 
белгiлеп  барлық  ұлттар  мен  ұлыстарға,  этностарға  теңдiк  пен  бостандық,  азаттық 
жарияланып,  оларды жаңа мемлекет құрамынан кетпеуге шақырды. 
 
Қазан  қарулы  көтерiлiсiнiң  Петроградтағы  жеңiсiнiң  және  орталықта,  сондай-ақ 
Қазақстанмен  iргелес  iрi  қалалар  -  Ташкент,  Омбы, Орынбор, Астрахань қалаларында 
Кеңес  үкiметiнiң  орнауының  бүкiл үкiмет билiгiнiң мемлекеттi басқарудың жаңа түрiне 
көшiрiлуі  маңызды  болды. Бiздiң елiмiзде Кеңес  үкiметiнiң орнауы төрт айға, яғни 1917 
ж.  аяғынан  1918  ж.  наурызына  дейiн  созылды.  Жаңа  үкiметтiң  орнауы  өлке халқының 
әлеуметтiк-экономикалық  және  рухани  дамып  өрлеуіне,  жергiлiктi  саяси-қоғамдық 
ұйымдарының  әлсiз  болғандығынан,  ұлтаралық  қатынастардың  күрделiлігiнен  туған 
қиыншылықтарына  орай  шиеленiсе  түстi.  Өлкеде  жаңа  үкiметiнiң  жеңiске  жетуiнде 
солдат депутаттары Кеңестерiне бiрiккен жергiлiктi әскери гарнизондардың және Ақпан 
революциясынан кейiн Қазақстанға майданнан әлеуметтік және этникалық түрлi топтар 
өздерiне  -  бейбiтшiлiк,  ал  шаруаларға  -  жер  беруге  уәде  еткен  үкiметтiң  болуына 
барынша қолдау көрсетiп, оның орнауында маңызды рөл атқарды. 


 
129 
 
Орал,  Жетiсу,  Сiбiр  және  Орынбор  казак  құрамаларының  аласапыран  кезінде 
пайда болған үкiметтерiнің  жаңа билікке қарсы табанды күресі, сондай-ақ Қазақстанның 
әр түрлi қалаларында (Оралда) орталық аудандардан қашқан бұрынғы Уақытша үкiмет 
жақтастарының шоғырлануымен жалпы ел iшiндегi саяси жағдай одан бетер шиеленiсе 
түстi.  
 
Ресей  орталық  аудандарынан  Қазақстанға  ақыл-кеңес  беру  мақсатымен  Ә. 
Жангельдин,  В.  Чекмарев,  П. Кобозев  және т.б. төтенше комиссарлардың келуi Кеңес 
үкiметiн  жақтап,  қазақ халқының арасынан Әдiлбек Майкөтов, Бекен Серiкбаев, Сәкен 
Сейфуллин,  Тоқаш  Бокин,  Ораз  Жандосов,  Әбдiрахман  Әйтиев  сияқты  көптеген 
күрескерлердiң  қалыптасуына  себепкер  болды.  Қазақстандықтардың  жаңа  өмiр 
жолындағы  күресiне  басқа  ұлт  өкiлдерi  К.  Шугаев,  П.  Салов,  П.  Виноградов,  С. 
Журавлев,  П.  Басов,  И.  Дубынин  тағы  басқа  ондаған  азаматтардың  ат  салысып 
Кеңестердiң Қазақстанда жеңуiне жол салды. 
 
Төңкерiстi  қолдайтын  күштер  басым  болған  жерлерде  жергiлiктi  кеңестер 
большевиктер  жағына  бүтiндей  шықты.  Ал  қызыл  әскер  жасақтары  бар  аудандарда 
үкiмет билiгi большевиктердiң Кеңесте көпшiлiк орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. 
Мұндай жағдай Қазақстанның солтүстiк-шығыс облыстарының көптеген аудандарында, 
Сырдария  және  Бөкей  ордасында  болды.  Бiрақ  төңкерiс  қарсыластарының  күштерi 
көбiрек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетiсу облыстарында үкiмет билiгi жұмысшылар 
мен  шаруалардың  қолына  қарсылық  көрсеткендердi  талқандау  арқылы,  осы  күресте 
жанын пида еткен құрбандықтар арқасында ғана тидi. 
 
Уақытша  үкiметтiң  жақтастары  едәуiр  күшке  ие  болған  Торғай,  Орал,  Семей 
және  iшiнара  Жетiсу  облыстарында  iстiң  барысы  басқаша  өрбiдi.  Көптеген  жерлерде, 
соның  iшiнде  облыс  орталықтары  мен  уездiк  қалаларда  кеңеc  үкiметi  қызыл 
гвардияшыл 
отрядтардың 
және 
жергiлiктi 
гарнизондардың 
большевикшiл 
солдаттарының күштерiмен қарулы көтерiлiстерге барып, Уақытша үкiметтiң жергiлiктi 
органдарының  және  олардың  одақтастарының  қарсылық  көрсеткен  күштерiн  басып-
жаншу жолымен орнатылды.  
 
1917 ж. қазан айының соңынан бастап 1918 ж. наурыз айына дейiн Кеңес үкiметi 
негiзiнен  алғанда  Қазақстанның  қалалары  мен  iрi  елдi  мекендерiнде  орнатылды.  Ал 
ауылдар мен селолардң басым  көпшiлiгiнде Қазақстанда кеңес ҡкiметiн орнату процесi 
азамат соғысы басталғанға дейiн созылды. Қазақстанда кеңес  ҡкiметiн орнату iсiне С. 
Сейфуллин, К. Сүтiшев, А. Асылбеков, Б. Серiкбаев, Ҫ. Майкөтов, С.М. Цвиллинг, Л.П. 
Емелев, F. Розыбакиев және басқалар неғұрлым белсендi қатысты.  
 
Жалпы  алғанда  Кеңес  үкiметi  Қазақстан  аймақтарына  билiкке  әр  турлi 
кезеңдерде орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары үкiмет билiгiн 
1917  жылғы  30  қазанда  (12  қарашада)  өз  қолына  алды.  Ол  кезде  бұл  үлкен  әскери 
гарнизон  орналасқан  iрi  темiр  жолы  торабы  болатын.  Сырдария  облысында  Кеңес 
үкiметiнiң  орнатылуы,  оның  саяси-экономикалық  және  әкiмшiлiк  орталығы  Ташкент 
қаласында 1917 жылғы 31 қазанда iске асты. 1917 жылдың қараша айының орта кезiнде 
Кеңес  үкiметi  Черняев  (Шымкент)  қаласында  билікке  келді.  Қараша-желтоқсан 
айларында Кеңес үкiметi Әулиеатада, Түркiстанда, Қазалыда, Арал поселкасында және 
облыстың  басқа да iрi елдi мекендерiнде бейбiт жолмен орнады. Петропавл жұмысшы 
және шаруа депутаттары Кеңесiнiң темiр жол жұмысшылары мен бiрлескен қимылының 
арқасында  1917  жылы  12  қарашада  Уақытша  революциялық  комитет  құрылды,  оның 
құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтiшев және басқалар кiрдi. Ал Көкшетау, 
Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен сияқты казак әскери топтары басым өңiрлерде жаңа 
үкiметтiң орнауы бiраз қиындық, тiптi  қантөгiске соқтырды. 
 
Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да iрi 
елдi мекендерде Кеңес үкiметi 1917 жылғы желтоқсан - 1918 жылғы наурыз аралығында 
орнатылды.  Жаңа  үкiметтiң  бұл  өңiрде  билiкке  келуiне  А.  Иманов,  Қ.  Қойдасов,  В. 
Чекмеров, В. Зинченко және т.б. күрескерлер елеулі үлес қосқан. 
 
Жетiсуда  Кеңес  үкiметiн  орнату  жолындағы  тартыс  бұндағы  қарсылас 
күштерiнiң  басым  болуына  байланысты  1918  жылдың  көктемiне  дейiн  созылды. Жаңа 


 
130 
билiк  жүйесiнiң  орнауына  бұнда  1917  жылдың  күзiнен  бастап  майданнан  оралғандар 
мен басқа аймақтардан келген төңкерiс идеясын қолдаушылардың үлесi мол болды. Сол 
жылдары  Верный  жұмысшыларынан    қызыл  гвардия  жасақтары  құрылып,  әскери-
төңкерiс  комитетiн  құруға  Т.  Бокин,  Т.  Өтепов,  Ж.  Бабаев,  А.  Розыбакиев  сияқты 
жергiлiктi  халықтың  өкiлдерi  зор  үлес  қосты.  Әскери  төңкерiсті  басқарған 
жҗмысшылардың Қызыл ұлан жасақтары мен екiншi қазақ-орыс полкi жауынгерлерiнен 
ұйымдасқан  күштерi  және  қала  жұртшылығы  қолдауымен  наурыздың  2-нен  3-не 
қараған  түнi  Верный  қаласында  Кеңес  үкiметi  орнады.  Осы  айда  Кеңес  үкiметi 
Жаркентте, Сергипольда (Аякҡз), Талдықорғанда, ал көкек айының бас кезiнде Лепсiде 
орнады.  
 
Кеңес  ҡкiметi  орнауымен  қатар  Қазақстанда  ескi  билік буындары, оның iшiнде 
уақытша  үкiметтiң  комиссарлары,  отарлау-шенеунiктiк  әкiмшiлiк,  қоныстандыру 
мекемелерi,  бұрынғы  сот  жүйесi  жойылып,  үкiмет  билiгi  жұмысшы  және  солдат 
депутаттары  кеңестерi  арқылы  жұмысшы  шаруалардың  қолына өте бастады. Мұндай 
өзгерiстердiң  iске  асуында  Қазақстан  қалаларында  құрылған  революциялық 
комитеттердiң  рөлi  ерекше  болды.  Олар  қызыл  ұландар  бөлiмдерiн,  жұмысшы 
жасақтарын  құрды,  кедейлерге  арқа  сүйеп,  қанаушылардың  қарсылығына  тойтарыс 
бердi. Ревкомдар өз мiндетiн кеңестерге берiп жаппай тарап кеттi. Өкiмет билiгiнiң ескi 
құрылымы  әуелi  кеңестердiң  қарамағына  өтiп,  араға  уақыт  салып  аттарын  өзгертiп 
бiрте-бiрте  кеңес  қарауына  алынды.  Мысалы,  1918  жылы  ақпанда  жұмысшы,  шаруа, 
солдат, мұсылман депутаттары Ақтөбе Кеңесi қалалық басқарманы кеңес басқару орны 
етiп  қайта  құрып,  қалалық  думаны  таратты.  1918  жылы  9  наурызда  Семей  облыстық 
Кеңесi  дума  мен  басқармаларды  таратып  уақытша үкiметтiк уездiк комиссарларының 
мiндеттерiн  жаңа  құрылған  кеңестерге  жүктедi.  Осы  жылдың  сәуiрiнде  Түркiстан 
өлкесiнiң  халық  комиссарлар  Кеңесi  азық-түлiк  басқармаларына  тиiстi  Кеңестердiң 
азық-түлiк  бөлiмi  етiп  қайта  құру  жөнiнде  үкiм  шығарды.  Қостанай  уезiндегi 
шаруашылық  иелiгi  Кеңестiң  қарамағына  алынды.  Ал  аталған  өзгерiстерге  қарсылық 
бiлдірген  бұрынғы  земстволық, қалалық басқармалар ешқандай сылтаусыз таратылды 
(Петропавл,  Ақмола,  Түркiстан,  Өскемен,  Верный,  Әулиеата,  Жаркент,  Қапал,  Лепсi) 
немесе олар Кеңестердiң қарамағына көштi (Қостанай, Перовск, Қарқаралы, Зайсан). 
 
Ғасырлар  бойы  отарлау  құрсағында  болған  халықтар  Қазан  революциясының 
нәтижесiнде  жарияланған  ұлттық  бағдарламаны  зор  ықыласпен  қабылдап,  бiрiншi 
кезекте  ұлттық-мемлекеттiк  құрылыс  мәселелерiн  өткiрiрек  талқылады.  Осы  кезде 
елдегi ұлт саясатының негiзгi ұстанымдары Кеңес үкiметiнiң маңызды екi құжатында - 
Ресей  халықтары  құқығның  Декларациясы  (1917  ж.  2  қараша)  мен  “Ресей  мен 
Шығыстың  барлық  мұсылман  еңбекшiлерiне”  Үндеуiнде  (1917  ж.  20  қараша) 
жарияланды.  
 
3. Кеңестердiң III - Бүкiлресейлiк съезi қабылдаған (1918 ж. қаңтар) “Еңбекшiлер 
мен  қаналушы  халықтарының  Декларациясында”  Коммунистiк  партия  Кеңес 
республикаларын  мемлекеттiк  құрылым  түрi  ретiнде  кеңестiк  федерациялау  үшiн 
ұстанған қағидаты нақты жүзеге асыруға шешiмдi қадамдар жасады. Ол тарихи құжат 
бойынша  Кеңестiк  Ресей  Республикасы  егемен    ұлттардың    еркiн  одағы  негiзiнде, 
кеңестiк  ұлт  республикалары  болып  құрылуы  белгiлендi.  РКФСР  құрылғаннан  кейiн 
iзiнше  елдiң  Шығысында  жаңа  автономиялық  республикаларды  құруға  саяси-
ұйымдастырушылық шаралар белгіленіп, нақты жұмыстар қолға алынды. 
 
Қазақстандағы  большевиктер  ұйымдары  мен  Кеңестер  бүкiлқазақ  съездерiн 
шақыру бағытында нақтылы жұмыстар жүргiздi. Мазмұны және бағыт-бағдары жағынан 
бұл  шаралар  Кеңес  үкiметiн  нығайту  жолындағы  ауқамды  бейбiт  және  қарулы  күрес 
болды. Қазан революциясын және Қазақ мемлекеттiлiгiн кеңестiк негiзде құру идеясын 
“Алаш”  партиясының  жетекшiлерi  толық  қабылдамады.  Олар  қазақ  болашағын 
либералдық-демократиялық тұрғыдан сараптап, өздерiнiң  бағдарламалық көзқарастарын 
“Қазақ”  газетiнiң  21  қарашадағы  санында  жариялады.  Негiзiнен  он  бағытта  өрбіген 
бағдарламаны  Әлихан  Бҡкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Мiржақып  Дулатов,  Елдес 
Ғұмаров, Ғабдухамит Жүндiбаев және Ғазымбек Бiрiмжанов т.б. қазақтың сол заманғы 


 
131 
зиялылары  құрастырған  болатын.  Бағдарламада  бірінші  кезекке  мынадай  талап-
мақсаттар қойылған еді: 
 
I.  Мемлекет  қалпы.  Россия  демократиялық,  Федеративтік болу... Федеративтік 
республика мен мемлекеттiң  iргесi дербес ал ынтымағы бiр болады. Әр қайсысы билік 
тiзгiнiн  өз қолында ұстайды... 
 
II.  Жергiлiктi  бостандық.  Қазақ  мекендеген  облыстардың  бәрi  бiр  ортаға 
жиналып,  өз  билігін  жүргізіп,  Россия  республикасының  Федерациясымен  бiр 
болу...”Алаш” партиясы ғадiлдiкке жақ, нашарларға жолдас, жәбiрлерге жау болады... 
 
III.  Негiзгi  құқық.  Россия  республикасында  дiнге,  қанға  қарамай,  еркек-әйел 
демей адам баласы тең болу. 
 
Жиналыс  жасауға,  қауым  ашуға,  ашық  еркін  сөйлеуге,  газет  шығаруға,  кiтап 
бастыруға еркiншiлiк... 
 
IV. Дiн. Дiн iсi мемлекет iсiнен дербес болуы. Дiн бiткенге тек құқық...муфтилiк 
қазақта өз алдына болу...  
 
V.  Билiк hәм сот. Hәп жұрттың билiк пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болуы. 
Би hәм судья жергiлiктi жұрттың тiлiн бiлу... Қазақ көп жерде сот тiлi қазақ тiлi болу... 
 
VI.  Ел  қорғау.  Ел  қорғау  үшiн  әскер  осы  күнгi  түрде  болмау. Әскер қатарына 
жарамды  жасына  жеткен  жастар  жерiнде  үйретiлiп,  жерiнде  қызмет  ету...  Әскерлiк 
қызметiн қазақ атты милиция түрiнде атқару. 
 
VII. Салық. Хал-ауқат, табысқа қарай: бай-байша, кедейге-кедейше ғадiл жолмен 
таратылу. 
 
VIII.  Жұмысшылар.  Жұмысшылар  закон  панасында  болу...  “Алаш”  партиясы 
жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевиктiк тобының программасын 
жақтайды. 
 
IX.  Ғылым-бiлiм  үйрету.  Оқу  орындарының  есiгi  кiмге  де  болса  ашық  hәм 
ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тiлiнде оқу; қазақ 
тiлiнде  орта  мектеп,  университет  ашу;  оқу  жолы  өз  алды  автономия  түрiнде  болу; 
хүкiмет оқу iсiне кiрiспеу... 
 
X. Жер мәселесi. Учредительное собрание негiзгi закон жасағанда жер сыбағасы 
алдымен жергiлiктi жұртқа берiлсiн деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып 
орналасқанша,  қазақ  жерiне  ауғын  мұжық  келмеуi,  бұрын  алынған  жерлердiң  мұжық 
отырмағандары қазаққа қайтуы”. 
 
Бұл  бағдарлама  кейiнгi  кезде  “Алаш”  партиясының  қоғамдағы орнын көтеруге 
елеулi  себепкер  болды.  1917  ж.  5-12  желтоқсанда  Орынборда  өткен  Екiншi 
бүкiлқазақтар  съезінде  қазақ  халқы  әр  түрлi  топтарының  өкiлдерiн  бiрiктiрдi.  Төралқа 
төрағасы  Бақыткерей  Құлманов  және  оның  орынбасарлары  Әлихан  Бөкейханов, 
Әзiмхан  Кеңесарин,  Халел  Досмухамедов  және  Омар  Қарашев  басқарған  съез  күн 
тәртiбiнiң  бiрiншi  тұрғысындағы:  қазақ  автономиясын  құру  және  оның  үкiметiн 
қалыптастыру тактикасы талқыланды. 
 
Осы  съезбен  ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарына  аралығында  қазақтардың 
армандаған  мемлекеттiк  автономиялық  құрылымның  негiзгi  жобасы анықталды. Яғни, 
Алаш  Орда  мемлекетiнiң  құрамына  Бөкей  Ордасы,  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей, 
Жетiсу  облыстары  және  Закаспий  облысы  мен  Алтай  губерниясының  қазақтар 
мекендеген жерлерi енуге тиiс болды. Съезд “уақытша халық Кеңесi” деген билiк түрiн 
құру,  оған  Алаш-Орда  (Алаш  автономиясының  үкiметi)  деген  ат  беру  жөнiнде шешiм 
қабылдады  және  бүкiл  қазақ  халқына  “бағынған  үкiметiмiз  деп  сенiп...басқа  үкiметтi 
танымай  өз  үкiметiнiң  өмiрiн  екi  қылмай  орындау  керектiгi”  баса  ескерiлдi.  Съезд  әр 
облыста  белгiлi  бiр  санда,  үйретiлген  және  қару-жарақпен  жабдықталған  милиция 
топтарын  құру  жөнінде  шешiм  қабылдады.  Олардың  жетекшiлерiн  даярлау  үшiн 
Орынборда дүниеге келген атаман Дутовтың тәжiрибесi мақұлданып, казактармен одақ 
құруға  тура  келдi.  Бұл  одақ  формальдi  түрде  болса  да,  Алаш-Орда мен жаңа билiкке 
келген Кеңестер (большевиктер) арасындағы қатынастарды шиеленiстiрiп жiбердi. 
 
Оның үстiне оңтүстiк Оралда қызылдардың Жангелдин құрған Уфалық отрядi П. 
Кобозев  пен  С.  Павлов  отрядiмен  бiрлесiп,  1918  ж.  18  қаңтарында  Орынбор  қаласын 
басып  алады.  Дутовпен  бiрге  Орынбордан  алашордашылар  да  кетедi,  Алашорданың 
күш-қуаты бөлiнiп-жарылады: оның Шығыс бөлiмi Алаш қаласы Жаңа Семейге көшедi; 
екiншi  жартысы  (Батыс  бөлiмi  немесе  Ойыл  уалаяты)  Орал  облысының  Жымпиты 


 
132 
қаласына  орналасады.  Ал  үшiншi  тобы  Жетiсу  өңiрiнде  жұмысқа  кiрiседi.  Алаш 
партиясының жетекшiлерi Орталық Кеңес үкiметiнiң басшылығымен байланыс жасауға 
ұмтылыс  білдіреді.  Ә.  Бөкейханов,  В.Ульянов  (Ленин),  ұлт  iстерi  жөнiндегi  Халық 
Комиссары  И.Сталинмен  кездесуге  Мәскеу  қаласына  Халел  және  Жанша 
Досмухамедовтарды  жiбередi,  ал  Халел  Ғаббасов  осы  мәселелер  жөнінде  1918  ж.  20 
наурызында телеграф арқылы И.Сталинмен сөйлеседi.  
 
Кеңес  үкiметiн  орнату  кезiнде  Алаш  партиясының  жаңа  билік  өкілдерімен  ара 
қатынасы  тiлдесумен  ғана  шектелген.  Елдегi  билiк  большевиктер  партиясының 
радикалды қимылды тобында болғандықтан, Петропавл, Перовск, Қызылорда, Әулиеата 
қалаларындағы  Алаш  белсендiлерi  тұтқындалса,  Семей,  Верный  (Алматы)  т.б. 
бiрсыпыра  жерде  қысқа  мерзiмге  шыңылтыр  қарым-қатынас  орнатуға  әрең-әрең  қол 
жеткiзiледi.  Бiрақ  екi  жақ  бiр-бiрiне  сенбейдi,  үйткенi  әр  қайсысының  таңдаған  саяси 
мақсаттары бір ортаға келмеген еді. Яғни, Кеңестер үкіметі өкілдері Алаш партиясының 
басшылары  мен белсендiлерi арқылы қазақ бұқарасы арасындағы ықпалын күшейтпек 
болды, ал Алаш басшылары Кеңес үкiметiн сөз жүзiнде қолдаған болып, Кеңестердегi өз 
өкiлдерi  арқылы жаңа үкiметтi iшiнен  “iрiтпекшi”  едi.    
 
ХХ  ғасырдың  басындағы  оқиғаларға  белсене  араласып  өзiнiң  бағдарламасы 
және  саяси  бағытымен  белгiлi  болған  партияның  бiрi  “Үш  жүз”  болатын.  Оның 
жетекшiлерiнiң ұстанған бағыты “Алаш” партиясына қарама-қайшы болды десек артық 
болмас.  Революциялық  оқиғалардың  бастапқы  кезiнен-ақ  “Үш  жүз”  партиясы 
большевиктер  басқарған  Кеңес  үкiметiмен  қарым-қатынасы  қоян-қолтық  болды
Мысалы,  осы  партияның  жетекшiсi  Көлбай  Тоғысов  пен  оның  серiктерiнiң  саяси 
көзқарасы  мен  iс-әрекеттерi  1917  жылдың  күзiнен  1918  жылдың  басына  дейiн  елеулi 
түрде өзгердi. Iлкi кезде бұл партия социалды-революцияшылдар партиясымен одақтасу 
бағытын  ұстанса,  1918  жылдың  қаңтарынан  бастап,  кеңестер  билігін  ұйымдастыруға 
белсене қатысып, ол үкiметтi нығайтуға араласып қоймай, тiптi большевиктермен бiрге 
алашордалықтарға қарсы күреске араласады. 
 
Күрделi және шиеленiстi  саяси жағдайға қарамастан Алаш Орда үкiметi бiрнеше 
ай  iшiнде  (1917  желтоқсан-1918  наурыз)  казактардың  бейтараптығы  мен  жер-жердегi 
большевиктер  басқарған  Кеңестердiң  әлсiздiгiн  пайдаланып,  облыстарда  әкiмшiлiк 
құруға,  милиция  отрядтарын  ұйымдастыруға  кiрiседi.  Азамат  соғысы  жылдарында 
Қазақстанда  жаңа  әскери-саяси  жағдай  қалыптасады  да,  соның  салдарынан  күресушi 
күштердiң аражiгi ашылып, текетiрес асқынып шиеленiсе бередi.  
 
4. Ескi мемлекеттiк апаратты қирату отарлау саясат жүйесіне берiлген алғашқы 
соққы болды. Ол еңбекшiлердiң Кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай туғызды. 
Олардың  ықпалымен  қоғамның  үстем  таптардың  артықшылықтары  шектелiп, 
қазақтардың  ұлттық  теңдiкке  ұмтылысын  қуаттап,  қазақтардың  Ресей  Федеративтiк 
Республикасының тең құқылы азаматы екендiгiн жариялады. 
 
Тағы  бiр  жаңа  саяси  қадам  -  ол  шiркеудiң  мемлекеттен,  мектептiң  шiркеуден 
дербес  болуы,  ерлер  мен  әйелдер  теңдiгi  жөнiндегi  нақтылы  ұсыныстар  мен  оның  іс-
шаралары.  Бүкiлодақтық  Орталық  Атқару  Комитетiнiң  1917  жылғы  10  қарашадағы 
Өкiмi  мен  адамдардың  әлеуметтік  тұрғыдан  жіктелуі  (сословие),  олардың 
құқықтарының  артықшылығы  мен  шектелуі,  сондай-ақ  осындай  жіктегі  мекемелер, 
ұйымдар жалпы атауының жойылуы. 
 
Кеңес  үкiметiнiң  алғашқы  кезеңiнде  басқарудың  құрылымы  бола  қоймаған. 
Кейбiр  жерлерде  орталықта  бой  көтерген  халық  комиссарлар  Кеңесi,  екiншi  бiр 
жерлерде облыстық мекемелер мен басқармалардың Комиссарлықтары құрылды. 1918 
жылдың  күзiнен  бастап  басқарудағы  ала-құлалық  жойылып,  Кеңестердің  атқару 
комитеттерi  билiктi  өз  қолына  шоғырландыра  бастады.  Аса  маңызды  мемлекеттік 
мәселелер биліктің салалық коллегиялары мәжiлiстерiнде талқыланып келген. 
 
Кеңес  билігінің  бастапқы  жылдары  ауылдардағы  мемлекеттiк-басқару 
құрылымдар  өзгерiстер  баяу  жүріп,  бiрсыпыра  жерде  Кеңес  үкiметiнiң  жарлық-
нұсқауларына  ашық  қарсылық  көрсетiлдi.  Азық-түлiк  тапшылығы  өткір  сипат  алып, 
байлар  мен  орта  және  ұсақ иегерлер өздерiнiң жеке меншiгіндегi өнiмдерiн белгiленген 
нарық  бойынша  мемлекетке  сатудан  бас  тартты.  Халықтың  күнделiктi  өміріне  қажет 
өнімдер  бағасы  күрт  қымбаттады.  Кәсiпорын  иелерi  зауыт,  фабрикаларды  жауып, 


 
133 
жұмысшыларға  еңбектің  жаңа  заңдылығы  бойынша  жалақы  төлеудеге  қарсылық 
көрсетті.  Кеңес  үкiметiне  қарсы күштер бас көтердi. Осының бәрi уездiк Кеңестерден 
шұғыл  және  шешушi  шараларды  iске  асыруды  талап  еттi.  Кеңеске  қарсы  кҹштердiң 
қарсылығын  басып,  жергiлiктi  жерлерде  ҡкiмет  билiгiн  нығайту  қажет  болды.  Бұл 
мiндеттердi  iске  асыру  басқарудың  коллегиялық  әдiсiн  нығайтуды  керек  еттi.  Осыған 
орай көптеген маңызды мәселелер коллегия мәжiлiстерiнде қаралып шешiлдi. 
 
Жаңа  үкiметтiң  орнығуының  әр  сатыдағы  буындарында  жер,  азық-түлiк, 
шаруашылық,  сот,  бақылау,  қаржы  бөлiмдерiнiң  жұмысын  жолға  қоюға  бағытталған 
шаралар  iске  қосылды.  Жаңа  үкiметке  қарсы  күштермен  күрес  жөнiндегi  төтенше 
комиссия,  милиция  бөлімдері құрылды. Кеңестердiң жанынан еңбек, ағарту, денсаулық 
сақтау  т.б.  бөлiмдер  ашылды.  Мемлекеттік  заңдар,  жарлықтар  мен  қаулы-қарарлар 
орыс-қазақ  тiлдерiнде  жариялана  бастады.  Бұндай  бөлiмдерге  кадрлар  даярлайтын 
арнаулы  қысқа  мерзiмдi  тұрақты  оқу курстары ұйымдастырылды (Семей). Облыстық 
Кеңестер  жанынан  ұлттық  қарым-қатынасты  реттейтiн  комиссиялар  құрылды.  Олар 
Қытайға көшiп кеткен 1916 жылғы азаттық қозғалысына қатысушылардың елге оралып 
өз мекендерiне орналасуына көмектестi.  
 
Халық  комиссарлары  Кеңесiнiң  1917  жылғы  22  қарашадағы  “Сот  туралы” 
жарлығы  мен соттың ескi құрылымы түгелдей таратылып, жергiлiктi жерлерде соттың 
жаңа жүйесi қалыптаса бастады. Осы кезде ескi прокурорлық бақылау мен қылмысты iс 
тергеушiлерi  институттары,  қорғаушы  және  жеке  адвокатуралар  жойылды. 1918 жылы 
облыстардағы Кеңес Атқару Комитеттерi жанынан сот бөлiмдерi, ал өлке орталығында 
Қазақ өлкелiк соты құрылды. 
 
1918  жылдың  көктемінде  Түркiстан  автономиялық  Кеңестiк  Социалистiк 
Республикасы  пайда  болды.  Оның  құрылуы  1918  жылғы  сәуiрдiң  20-нан  1-мамырға 
дейiн  Ташкент  қаласында  өткен  Тҹркiстан  өлкесi  Кеңестерiнiң  бесiншi  съезiнде  iске 
асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстiгiндегi Жетiсу, Сырдария облыстары кiрдi. 
Орта Азия республикалары мен Қазақстан жер шекарасын анықтағанша Ақмола, Семей 
облыстары  орталығы  Омбы  қаласы  болған  Батыс-Сiбiр  өлкесiне,  Торғай,  Орал 
облыстары  Орынбор  губерниясына,  Бөкей  облысы  Астрахан  губерниясы  құрамында 
болды. 
 
1918  жылғы  15  қаңтарда  Кеңес үкiметiнiң нұсқауына сәйкес елде Қызыл әскер 
бөлiмшелерi  құрылып  оған  ерiктiлер  кірді.  Қазақстанда    облыстық,  уездiк  Кеңестер 
жанынан  әскери  комисариаттары  мен  бөлiмдерi  және  штабтары  құрылып,  олар 
жауынгерлердi әскер iсiне үйретумен шұғылданды.  
 
Кеңес  үкiметi  орнатылыуымен  қатар  экономикалық  және  мәдениет  саласын 
түбегейлi  өзгертуге  бағыт  алына  бастады:  өнеркәсiп  орындарында  (Спасск  зауыты, 
Қарағанды  шахталары,  Успенск  кеніші,  Жем  мұнай  кәсiпшiлiктерi  және  т.б.)  бақылау 
енгiзiлiп,  бiрқатар  кәсiпорындар  мен банктер мемлекет меншiгiне алынды. Кеңестердiң 
II  Бүкiлресейлiк  съезiнде  қабылданған  жер  туралы  Декреттi  жүзеге  асыру  жөнiндегi 
алғашқы  қадамдар  жасала  бастады.  Шығыс  Қазақстанда  үш  коммуна:  “Дихан”- 
коммунистердiң 
бiрiншi 
Ресейлiк 
қоғамы 
және 
“Солнечная” 
коммунасы 
ұйымдастырылды.  Кеңестердiң  Бүкiлресейлiк,  облыстық,  уездiк  съездерiнiң 
шешімдерінде  жер  туралы  Декрет  жергiлiктi  ұсыныстармен  толықтырылып, 
дамытылды.  
 
Кеңес  үкiметiнiң  декреттерi  негiзiнде  фабрика,  зауыт,  банктердi  җаттандыру 
жүргiзiлдi.  Қазақстанда алдымен ұсақ, орта кәсiпорындары мемлекет меншiгiне алынды. 
Оларда  еңбек  тәртiбiн  нығайту,  жұмысшылардың  құқықтарын  қорғау  мәселесi  бұдан 
былай кәсiподақ ұйымдары құзырына ауысты. Олар өндiрiс пен өнiмдi бөлудi бақылауға 
алды.  Жұмыс  күнi,  еңбек  ақыны  реттеу,  қызметкерлердің  әлеуметтiк  жағдайын 
жақсарту,  мұқтаждарына  көмек  көрсету,  әйелдер  мен  жасөспiрiмдердiң  еңбек 
құқықтарын қорғау мәселелерiмен шұғылданды, кәсiподақ Кеңес ұйымдарымен тығыз 
қарым-қатынас жасап отырды.             
 
Кеңестердiң  екiншi  съезiнiң  шешiмдерi  негізінде  жер  иелігіне  жеке  меншiк 
жойылып,  Қазақстандағы  шiркеу  мен  басқа  діни  орындары,  помещиктердiң  (казак-
орыстардың),  патша  шенеунiктерiнiң  иелiгiнде  болып  келген,  сондай-ақ  қоныс  аудару 
қорындағы жерлер бұқараның пайдалануына берiлдi. Жер мәселесiн реттеуде жергiлiктi 
Кеңес орындарының қызметi бiрнеше кезеңнен тұрды.  


 
134 
 
Бiрiншi  кезеңде  (1917  қараша-1918  жылдың  жазы)  Кеңестер,  жаңадан  пайда 
болған комитеттер мен комиссар буындары бос және жеке меншіктегі жерлердiң есебiн 
алып,  шаруалардың  жағдайын  анықтап,  жерсiз  немесе  жерi  шектеулі  шаруаларды 
жермен  қамтамасыз  ету  мәселелерiмен  шұғылданды.  Қоныс  аудару  қорынан 
қайтарылған  жерлердi  пайдалану  ережесi  қайтадан  жасақталып  шаруалар  съезiнiң 
талқысынан кейін  бекітілді. 
 
Екiнiшi  кезеңде  (1918  ж.  жазы-1920  ж.  аяғы)  жердi  қоғамдық  меншiкке 
айналдыруға  әзiрлiк  жұмыстары  қолға  алынып  оны  iске  асыратын  кадрлар  тобы 
дайындалды.  Жердi  шаруалардың  пайдалануына  беру  шаралары қайтадан жасақталып 
оның  негізіне  теңгермешiлiк қағида алынды. 
 
Үшiншi кезеңде (1921-1922 жж.) жер-су реформасы iске асырылды, ал 1924-1927 
жылдарда  жерге  орналастыру,  шабындық,  егiстiк  жерлердi  қайта  бөлу  шаралары  да 
қолға  алына бастады. Жаңа мемлекеттік жүйенің бұрын-соңды тәжірибесінің болмауы, 
бастапқы  кезде  оның  тарапынан  жіберілген  қателіктер  салдарынан  қабылданған 
шараларды  орындау  барысында  жiберiлiген  асыра  сiлтеушiлiк,  солақайлық,  Кеңес 
үкiметi өміршеңдігіне  күдік  туғызатын әрекеттер мен көрiнiстерге әкелiп соқтырды.  
 
Он екінші  дәрiс. 
  Қазақстандағы азамат соғысы (қарсыластығы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет